Бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері


Қазақ» газетінің 1917 жылы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жоба 10 бөлімнен тұрды



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі5,39 Mb.
#83862
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жандосова Жансая. Тарих слайд.
1 Дәріс
Қазақ» газетінің 1917 жылы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жоба 10 бөлімнен тұрды:
Жергілікті бостандық
  • Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялык бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу.
  • Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орын-дарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін кызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид1 қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза кызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады.
  • «Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи ету жағына бастайды.

Негізгі хұқық
  • Россия республикасында дінге, ханға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу.
  • Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға — еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық
  • Кісі хатын ашқанға — айып, окығанға жаза болу.

Дін ісі
  • Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең хұқық. Дін жаюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық.
  • Муфтилік қазақта өз алдына болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер моллада болу, жесір дауы сотта қаралу.

Билік һәм сот
Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына карай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу.
Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен каралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну
Ел қорғау
Ел сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.
корғау ү–ін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына белгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.
Салық
Салық әл-ауқат, табысқа қарай байға — байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу.
Жұмысшылар
Жұмысшылар закон панасында болу– ( «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды.)
Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һөм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу;
Ғылым-білім үйрету
Жер мәселесі
Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы ал-дымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту
Жер законінде жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайда-сынан артық жер сатылм–й, земствоға алыну. Жердің кені, астыңғы* байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу.
Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл бай-лықтары земство мүлкіне саналу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет