Д. 10. Тұнбалардың пайда болуы және олардың қасиеттері



бет7/9
Дата30.05.2020
өлшемі42,45 Kb.
#71758
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәріс 11- Аналит. химия

Окклюзия.

Окклюзия құбылысында тұнбаны ластайтын заттар тұнба бөлшектерінің ішінде жүреді. Бұл заттар тұнбаның кристалдық торын құруға қатыспайды. Окклюзияның адсорбциядан айырмашылығы қосарланатұнған қоспалар тұнбаның беткі қабатында емес, оның ішкі құрылысына кіреді. Окклюзия әртүрлі себептерден тууы мүмкін: кристаллизациялану процесінде қоспаларды ұстап қалу, кристаллизациялану процесі жүріп жатқанда адсорбциялау, тұнба мен қосарланатұнатын қоспаның арасында химиялық қосылыс түзілу.

Пайда болатын кристалдар әбден дұрыс кристалдық тор түзбейді. Оларда ерітінділермен толатын ұсақ жарықтар, қуыстар болуы мүмкін. Сонымен қатар ұсақ кристалдар қосылғанда олардың арасында ерітіндінінің қалып қалу мүмкіншілігі бар. Бөгде қоспалардың механикалық жолмен тұнбаларды ластауы кристаллизациялану құбылысы тез жүргенде артады, себебі бұл кезде дұрыс кристалдық тор түзіліп үлгірмейді.

Химиялық анализ жағдайында тұнба ерітіндіге дайын түрінде енгізілмейді, ол тұндырғышты құйғанда ғана пайда болады. Бұл жағдайда алдымен әрмен қарай ептеп өсетін ұсақ дәнді кристалдар пайда болады және олардың беткі қабаты сәйкес заттардың жаңа қабатымен қапталуына байланысты үнемі жаңарып отырады. Бұл үнемі жаңарып тұратын кристалдардың беткі қабаты ерітіндідегі әртүрлі қоспаларды үздіксіз адсорбциялайды. Кристалдар өскенде бұл қоспалар ептеп тұнбаның кристалдық торына кіретін иондармен ығысты­ры­лады. Бірақ мұндай ығысу толық жүрмеуі мүмкін, сондықтан тұнбаның тұну жағдайына байланысты қоспаның аз не көп мөлшері өсіп жатқан тұнбаның ішінде қалады.

Сонымен окклюзия құбылысы жүруінің бір себебі – қоспалардың тұнба қалыптасып жатқанда адсорбциялануы. Еске алатын жағдай – жоғарыда келтірілген иондардың адсорбция­лану заңдылығы мұнда да сақталады. Мысалы, CaC2O4.2H2O тұнбасымен K2C2O4 тұзынан гөрі Na2C2O4 тұзы көбірек окклюзияланады, себебі натрий оксалатының калий оксалатына қарағанда ерігіштіші төмен.

Окклюзия процесінде ерітінділерді құйып араластыру ретінін маңызы зор. Мысалы, BaSO4 тұнбасын BaCl2 ерітіндісіне H2SO4 ерітіндісін тамшылап құйып алсақ, тұнба түзілу Ba2+ иондарының артық мөлшері бар ортада жүреді. Сондықтан тұнба Ba2+ катиондарын, оған қарама-қарсы ион ретінде Cl- аниондарын адсорбциялап BaCl2 тұзымен ластанып түседі. Керісінше, BaSO4 тұнбасын H2SO4 ерітіндісіне BaCl2 ерітіндісін тамшылап құйып тұндырсақ BaSO4 кристалдары SO42- аниондарының артық мөлшері бар ортада түзіледі. Кристалдар SO42- аниондарын адсорбциялап теріс зарядталады, қарама-қарсы ион ретінде ерітіндіден катиондарды адсорбциялайды. Сондықтан тұнбаның құрамында H2SO4, не басқа сульфаттардың қоспасы болады. Осыдан мынандай ереже қорытып шығаруға болады: егер тұндыру кезінде ерітіндіде тұнбаның құрамына кіретін аниондар артық мөлшерде жүрсе, онда көбінесе бөгде катиондар окклюзияланады, керісінше, егер тұнба аттас катиондар артық жүрген ерітіндіден түсірілсе, онда көбінесе бөгде аниондар окклюзияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет