Электр шамы кернеуі 220 В электр желіге қосылған. Шамның қыл сымының кедергісі 484 Ом болса, шамның қуаты қандай?
Кернеуі 220 В желіге қосылған шамның бойынан 0,5 А ток өтеді деп алып, осы шамның 10 секунд ішінде бөліп шығарған жылу мөлшерін есепте.
Қуаты 600 Вт шамның кедергісі 150 Ом болса, шамдағы ток күші қандай?
Электр шәйнектің ішіндегі көлемі 1,5 л суды 20 0С-тан 40 0С –қа дейін қыздыру үшін, шәйнекті 8 мин ток көзіне қосады. Шәйнектің тұтынған қуатын анықта. С=4200 .
Б-ТОБЫ
Қуаты 500Вт қыздырғышта 1 л суды 160С-тан қайнау температурасына дейін жеткізу үшін 20 мин кеткен. Қондырғының ПӘК-ін тап. С=4200 .
Пәтер иесі 1 кВт сағ тұтынған электр энергиясы үшін 4 теңге төлейді. Бір айға 480 теңге төленген болса, тұтынған энергияны анықта.
С -ТОБЫ
480 г суы бар калориметрге кедергісі R160 Ом орама батырылған. Бұл орама тізбекке суретте көрсетілгендей жалғастырылған. Егер тізбек арқылы 5 мин бойы ток жіберсек, судың температурасы қанша градусқа көтерілер еді? Осы уақыт аралығындағы амперметрдің көрсетуі 6 А, ал R2 30 Ом. Шығын есепке алынбасын. С=4200 .