Дайындаған: Кенес А. Е


Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі



бет9/11
Дата11.01.2022
өлшемі0,69 Mb.
#111336
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
әлемдік....
әлемдік...., Документ 7777, Документ 7777, 8 класс БЖБ ТЖБ каз , С ттілік!!! 1-билет доктрина, әке 2

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі

  • Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі
  • 2016 жылы 31 наурызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммитте «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жариялаған болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігі бұл құжатты көпшілікке таныстырған соң манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алғанын ерекше атап өту керек. Сонымен қатар, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында Елбасының мақаласы АҚШ-тың The Hill атты саяси газетінде де жарияланғаны құжаттың әлем үшін маңыздылығын көрсетсе керек.
  • Манифесте Нұрсұлтан Назарбаев жаппай қырып-жоятын жаңа қару түрлерін жасау үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын халықаралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеудің маңызына тоқталған еді. «Соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар — ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді», — деген болатын Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
  • «Елбасының «Әлем ХХІ ғасыр» атты Манифесінің маңызы зор. Бұл әлемдік құжатта Президент халықаралық терроризм мен милитаризм адамзатты шығынға ұшыратып қана қоймай, жойып жіберудің алдында тұрғанын баса айтты. Нұрсұлтан Назарбаев әлем көшбасшыларын ақылға келуге шақырды. Манифест бірден әлемде кең талқыланатын құжатқа айналды. Себебі, Солтүстік Кореядағы ядролық сынақ мәселесі тек көршілерін емес, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Бүгінде Елбасымыздың «Әлем: ХХІ ғасыр» манифесіне тең келетін бағдарлама жоқ деуге толық негіз бар. Әлем мұнда айтылған жобаларды іске асыруға кіріссе, болашағымыз жарқын болмақ», дейді дипломат Әділ Ахметов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет