Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»


Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидалары



бет2/10
Дата03.03.2023
өлшемі37,5 Kb.
#170936
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
09K=40;“0= 4Щ@V;V @5 0@0BB0@“0 4Щ@VE0=0VHV;V 10›K;0C 6Ї@3V7C ›0“840;0@K
Дип.-Delphi-ортасында-МФТ-пәні-бойынша-электрондық-оқулық-құру, ТАПСЫРМАЛАР
Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) дәріханаішілік бақылау жүргізу тәртібін айқындайды.


2. Дәріхана басшысы дәріханада дайындалатын дәрілік препараттардың сапасын бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты провизор талдаушыны тағайындайды.
3. Дәріхана басшысы провизор-талдаушының жұмыс орнын осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес дәріханада талдау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын өлшеу құралдарының, сынау жабдықтарының, зертханалық ыдыстардың, қосалқы материалдардың үлгілік жиынтықтарының тізбесіне сай, дәріханаларда талдау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын өлшем құралдарының үлгілік жиынтығымен, сынақ жабдығымен, зертханалық ыдыспен, қосалқы материалдармен қамтамасыз етеді, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен, анықтамалық әдебиеттермен қамтамасыз етіледі.
4. Дәріханада дайындалған дәрілік препараттар, оның ішінде дәріханаішілік дайындау, бөлшектеп салынған өнім, концентраттар мен жартылай фабрикаттар дәріханаішілік бақылауға алынады.
5. Дәріханаішілік бақылау:
1) алдын ала (ескерту) іс-шаралар;
2) дәрілік препараттарды дайындау үшін пайдаланылатын бастапқы материалдарды (дәрілік субстанция, қосалқы зат) қабылдау кезінде бақылау;
3) жазбаша бақылау;
4) іріктелген сауал алу бақылауы;
5) органолептикалық бақылау;
6) іріктелген физикалық бақылау;
7) химиялық бақылау;
8) босату кезіндегі бақылау жүргізу арқылы орындалады.
6. Дәрілік препараттарды органолептикалық, ішінара физикалық бақылау, химиялық бақылау нәтижелері осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Органолептикалық, ішінара физикалық бақылау, дәріханаішілік дайындаманы, рецептілер (медициналық ұйымдардың талаптары) бойынша дайындалған дәрілік препараттарды, концентраттарды, жартылай фабрикаттарды, тритурацияларды, этил спирті мен өлшеп-орамды химиялық бақылау нәтижелерін тіркеу журналында тіркеледі. Журнал парақтары нөмірленеді, тігіледі, дәріхана басшысының қолымен куәландырылады және дәріхана мөрімен бекітіледі (болған кезде).
7. Дәріханада дайындалған дәрілік препараттың сапасын бақылау 2020 жылғы 07 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 240-бабының 1-тармағына сәйкес көрсеткіштерге, әдістер мен әдістемелерге сәйкес жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет