Дайрабай Нұрсұлтан жм-904 1- деңгей Дін түсінігі



бет1/6
Дата26.12.2021
өлшемі21,69 Kb.
#105882
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ясауитану 1апта
Дүйсембек Алина Психпрактика, Реферат Қазақ хандығының батырлары2, Док тима, Лекция ОЗ 509 23-24

Дайрабай Нұрсұлтан ЖМ-904
1- деңгей

1.Дін түсінігі

«Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы – сыйлық, үкім, есеп, жаза, мойынсұну, бағыну, құлшылық, шариғат, заң, жол, тіпті, кейбір жағдайларда ұлт деген ұғымды да қамтиды[1]. Ал «діннің» термин ретіндегі мағынасын,  Алла Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықттарды, ақыретте Алланың разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді деп түсіндіруге болады. Сондай-ақ, «дін» ұғымы – адамзатқа пайғамбарлар арқылы жеткен Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері. Әрине, біз бұл жерде «діннің» ұлан‑асыр мағыналық көпқырлылығын барынша синтездеп, негізгі ұғым ретінде ғана келтіріп отырмыз. Асылында, бұл тақырыптың шеңбері мұнымен шектелмейтіні даусыз.

Дін бүкіл әлемнің жаратушысы тек Алла Тағала тарапынан ғана жіберіледі. Иә, дін Жаратушыдан жеткен қасиетті ұғым жүйесі болғандықтан, өзге күштің дінге ұқсас жүйе ойлап шығаруға немесе діни үкімдерге әлдеқандай өзгеріс енгізуге ешқандай да құқы жоқ. Тіпті, пайғамбарлар да мұндай құзыретке ие емес. Алла Елшілерінің міндеті – Жаратқаннан келген әмірлер мен тыйымдарды үмметтеріне жеткізу. Дін адамға Алла Тағаланың  таңғажайып даналық-қа құрылған жаратылысының алдындағы мақсат, міндеттерін айқындап береді. Адам баласы  тек ішіп-жеу, саят құрып сайрандау, бірін-бірі өлтіру үшін ғана жаратылмаған. Керісінше, адамзаттың Ұлы Жаратушыға құлшылық ету үшін ғана жаратылғандығын мына бір аят баян етеді: «Мен жындар мен адамдарды тек қана маған құлшылық етулері үшін жараттым» (51. «Зарият» сүресі, 56-аят).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет