Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Сен үшін түгесілмейтін қазына бар. (Өйткені) Сен керемет көркем



Pdf көрінісі
бет11/276
Дата17.02.2023
өлшемі2,95 Mb.
#169146
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Сен үшін түгесілмейтін қазына бар. (Өйткені) Сен керемет көркем 
мінез-құлыққа иесің." (Қалам сүресі,4-аят)
Құранда "Аллаһ Расулының бойында сендерге үлгі боларлық 
керемет қасиеттер бар" (Ахзаб сүресі, 4-аят) деу арқылы барша 
мұсылмандарды Одан өнеге алуға үндейді. Иә, шындығында да, оның 
парасат-пайымы, өмір жолы, сөзі мен әрбір әрекеті - біз, мұсылмандар үшін 
таптырмас үлгі.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) өзі де "Мен тек жоғары көркем 
мінез-құлықтың үлгісін көрсету үшін жіберілдім" деп, бұл дүниеге келу 
мақсатын нақтылай түседі.
Оның мінез-құлқын Аллаһ Тағала мадақтаған. Өзіне дейінгі діндерді 
тәмамдап толықтырушы исламның негіздері жазылған Құранды түсірген 
кезде, ондағы айтылғандарды іс жүзінде адамзатқа паш ету үшін Аллаһ 
Мұхаммед пайғамбарды таңдаған. Құранда баяндалған ғажайыптардың 
бәрін пайғамбарымыздың өмірі дәлелдей түседі. Пайғамбардың айнымас 
серіктері, сахабалар Хазіреті Айша анамыздан Мұхаммедтің (с.а.у.) мінезі 
жайлы айтып беруін өтінгенде ол: "Сендер Құранды оқыған ба едіңдер? 
Оның мінез-құлқының өлшемі - Құран ғой ",- деп жауап берген екен.


12
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) өмірі барша әлеуметтік және 
қоғамдық топтың өкілдері үшін өнегеге толы. Айталық, әрбір дәулетті 
адам хижретінен бірнеше жылдан кейін бүкіл Арабстанға әкім болып, 
молшылыққа кенелген, алайда, бар дүниесін кедей-кепшікке үлестіріп берген 
пайғамбарымызды өнеге тұтуы керек.
Жанашыр ешкімі жоқ, халі мүшкіл, бауыр-туысы тастап кеткен 
жарымжан кісілер, Меккеде адам айтқысыз азаптарға душар болып, өз 
ағайындарынан жәбір көрген пайғамбарымызды есіне алып, қиыншылыққа 
мойымауы тиіс.
Тәрбиеші, ұстаздар мешітінің ауыз бөлмесінде бүкіл жауапкершілігін 
өз мойнына алған шәкірттеріне дәріс беріп, тәрбиелеген шапағатты 
пайғамбарымызды әрдайым жолбастаушы деп білгені дұрыс.
Ал, әрбір шәкірт Аллаһтан түскен Құранды Жебірейіл періштенің 
құзырында отырып оқып-үйреніп, іске асырған Аллаһ Расулынан өнеге алуы 
керек.
Әрбір жеңімпаз әскербасы, саны аз әскерімен ұлы жеңістерге қол 
жеткізген, Меккені алған тұста кішіпейілдігінен басын барынша иген 
пайғамбарды үлгі етуі қажет. 
Әрбір саудагер жұбайы Хазіреті Хадишаның саудасына көмектесіп, 
сауда-саттықта қара қылды қақ жарған әділ пайғамбарымыздан сабақ 
алғаны дұрыс.
Жетімдіктің зардабын тартқан әрбір адам ана құрсағында әкесінен, 
алты 
жасында 
аяулы 
анасынан 
айырылып 
тұл 
жетім 
қалған 
Расулаллаһтың өмірін өнеге түтуы керек. 
Әрбір жасөспірім намыс пен әдептің үлгісі, шыншыл да турашыл 
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) өмір жолын үлгі деп білсін.
Халыққа уағыз айтып, адалдыққа насихаттайтын әрбір адам 
мешітте сахабаларына шешен де көркем тілімен ақиқатты ұғындырған, 
тура жолға бағыт сілтеген, дүйім жұртты ұйытқан Аллаһтың сүйікті 
құлы-Мұхаммедтен (с.а.у.) өнеге алғаны дұрыс.
Біз, бақытты ұрпақ екі дүние пайғамбары Мұхаммедтің (с.а.у.) 
үмметі болуды нәсіп еткен Аллаһқа мың да бір шүкірімізді айтып, 
пайғамбар жолынан адаспауды, оның шапағатына бөленуді тілейміз. 
Өйткені адамзат Оны тануға мәжбүр.
Оны танып - білмей, өмірлік принциптерінен үлгі алмаған жағдайда 
рухтар семіп, өмірден тұңілу пайда болады.
Айналамыздағы қаптаған проблемалардан арылудың, тынығудың 
бірден бір жолы -рухқа иман нәрін егу.
Осынау ұлы тұлғаның өмірі жайлы қалам тарту - бақытты міндет. 
Қазақ деген ғажап халықтың руханиятын асқақтатуға, ұзақ жылдар бойы 
ұмыттырылмақ 
болған 
ұлттық 
құндылықтарымызды 
жаңғыртуға 
тамшыдай да болса үлес қосу-қасиетті борыш.
Бұған дейін де Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбар өмірі жайлы қазақ және 
орыс тілдерінде көптеген еңбектер жарық көргені оқырманға мәлім. Атап 
айтар болсам, Шәді Жәңгірұлының «Сияр шәріп», Мәшһүр Жүсіп 


13
Көпейұлының «Хаятбақшы» дастандарында жыр сүйер қазаққа назым 
тілімен пайғамбар (с.а.с.) өмірі баяндалса, кеңестік дәуірде жарық көрген 
шешелі-балалы В.Панова мен В.Вахтиннің «Жизнь Мухаммеда», Ирвингтің 
«Мұхаммед пайғамбар», Мәскеудің «Сантлада» баспасынан шыққан 
«Житие пророка Мухаммеда», Осман Кескіоғлының «Соңғы пайғамбар 
хазірет Мұхаммедтің өмірбаяны» (Аударған: Сәуле Дағайқызы) және осы 
жылы ғана оқырман қолына тиген А.Құнтөлеуұлының «Мұхаммед 
пайғамбар: өмірі және ислам діні» атты дүниелер менің көлемді еңбегімнің 
ізашары болғанын жоққа шығармаймын.
Шығыс тіліндегі әдебиеттермен қоса осы еңбектерді оқып, зерделеп, 
тарихи деректерді нақты ала отырып, пайғамбар өмірінің қыр-сырына 
қатысты оқиғаларды қазақтың айшықты тілімен көпшілікке түсінікті 
қазақы сөз орамдарын пайдаланып, қал-қадерімше жазып шықтым.
Қолжазбаны ең алғаш оқып шығып, «Жұлдыз» журналында екі жыл 
бойы үзбей жариялануына мұрындық болған жазушы-ғалым Мұхтар 
Мағауинге, кітаптың алғысөзін жазып, әрдайым ағалық ақылын аямаған 
Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университеттің профессоры, ғалым 
Сәрсенбі Дәуітұлына, қолжазбадағы аяттар мен хадистерді, тарихи 
мәліметтерді ғылыми сараптамадан өткізіп, мақұлдаған бас мүфти 
Әбсаттар 
Дербісәлі 
басқаратын 
Қазақстан 
Мұсылмандары 
Діни 
Басқармасына шексіз алғыс айтамын.
Имандылық бастауы - дін десек, мәдениет - діннің бір тармағы. Дін 
мен ділді нығайту мақсатымен дайындалып, оқырман қолына тиіп отырған 
кітаптың рухани кем-кетікті толтыруға пайдасы тиіп жатса, еңбектің 
ақталғаны.
Осы туындының жарыққа шығуына септігі тиген баршаға 
алғысымды білдіріп:
"Уа, құдіреті күшті Жаратқан Аллаһ!
Жер жүзіне тыныштық, адамзат баласына иман байлығын нәсіп ет. 
Елімізді шарапатыңмен есірке. Екі дүниеде халқымыздың жүзін жарқын 
етіп, Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) шапағатшы қыл. Әмин!"- деп аяқтағым 
келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   276




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет