Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Г) Ол дәуірде адамгершілікті ауызға алудың өзі



Pdf көрінісі
бет21/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Г) Ол дәуірде адамгершілікті ауызға алудың өзі ерсі

 

Имандылық жоқ жерде адамгершілік туралы сөз қозғаудың өзі ерсі. Ар-



намыс  аяққа  тапталып,  нәпсіқұмарлық  адамдардың  басты  машығына 

айналған.  Ұрлық,  жезөкшелік,  адам  өлтіру  жайлаған  қоғамда  адамзат  атты 

ұлы есім жойылғандай. Мысалы, Византия императорының өз қарындасымен 

үйленуі - азғындық емей не?! 

Иә, адамзат - жетім, дүние - мұңлы. Жер жүзі азалы алып алаң іспетті. 

Адамдар  бір-біріне  дұшпан,  мәнсіз  тірліктен  жеріп  жансыз  мақұлық  кейпіне 

енген. 

Жолбастаушысы  жоқ  тұлдыр  қоғам  ащы  өксікке  булыққан.  Барша 

әлемді  шірктің,  надандық  пен  күпірдің  қара  қошқыл  бұлты  басқан.  Дүние 

осы бұлтты ысырып, сәулеге кенелтетін Нұрлы тұлғаға зәру. Сол бақыт нұры 

түскенде  ғана  адамзаттың  назырқанған  көңілі  шалқып,  кемерінен  тасары, 

жылаңқылықтың орнын жайдарылық басары сөзсіз еді. 

Адамзат  та  жаратылысының,  жалған  дүниедегі  жолаушылығының 

мәнін  ұғып,  Аллаһты  танып,  иман  келтіріп,  ғибадат  етудің  қажеттілігін 

түсініп, баянды бақытқа қол жеткізіп, тірліктің тұтқасын ұстар еді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   380




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет