Дарынды балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар



Дата04.06.2022
өлшемі42,02 Kb.
#145947
Байланысты:
Дарынды балалармен жүргізілетін әлеуметтік
Практика

Дарынды балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойындағы ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, иманддылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, бала бақшаның, барша елдің, халықтың міндеті» деп жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру ісіне баса назар аудару қажет екенін атап көрсетеді. Дарынды балалармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың басты мақсаты-олардың жұмыс жасау барысында қабілетін дамыту, сондай-ақ оқу бағдарламасын тереңінен оқыту және танымдық белсенділіктерін арттыру. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың міндеттері төмендегідей:
1.Жаңартлыған білім мазмұны бойынша шығармашылық қабілеті қалыптасқан, жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең, рухани бай жеке тұлғаны тәрбеиелеу.
2.Баланың қызығушылығы мен белсенділігін зерттей отырып талдау жұмыстарын жүргізу.
3.Оқушының дарындылық қабілетін оның психологиялық ахуалымен салыстыра отырып қарастыру.
Жаһандану белең алған жаңа заман- бәсекелестер мен білімділер заманы және бұл кезең кертартпалық пен енжарлықты көтермейді. Сондықтан да қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі-елімізді әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан жастарды тәрбиелеу. Баланың белгілі бір іс-әрекетке икемділігі жас кезінен байқалады. Баланың дарынды болуы тәрбие мен білім беру нәтижесімен ғана емес, өз қабілетін одан әрі жетілдіруімен де байланысты. Дарынды балалармен жұмыс жүргізбес бұрын алдын-ала жоспар құрылуы қажет. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары төмендегідей сипатталды:
-Дарынды баланы анықтау барысында баланың жеке басының құжаттарын, мінездемесін, оқу мекемелерінде жеткен жетістіктерін қарастыру;
-Балалардың түрлі іс-әрекетін бақылап, зерттеу жүргізу;
-Түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушының білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастыру және соның нәтижесінде оның білім деңгейі мен көрсеткішін анықтау.
Кез келген педагог немесе тәрбиеші аталған жоспар бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізе алса ғана балалардың дарындылығы мен мүмкіндіктерін анықтай алады. Дарынды балаларды диагностикалау жұмыстарын мынадай бағыттарда жүргізе аламыз:
-Баланың креативті ойлауы;
-Белгілі бір әрекетке қызығушылығы;
-Көшбасшылық қабілеті;
-Тұлғалық бейімділігі.
Дарынды және талантты балаларды зерттеу XX ғасырдың ортасынан басталды. Ең алғаш дарынды балаларды зерттеу мәселесі АҚШ пен Европада қарқынды түрде жүргізілді. Жалпы, дарынды бала деп өзінің қабілетімен түрлі іс-әрекет салаларының бірінен жоғары нәтиже көрсете алатын баланы айтамыз. Дарындылықты бірнеше түрге бөліп қарастырамыз:
1.Қарым-қатынас және жетекшілік.
2.Спорт.
3.Көркем өнер.
4.Шығармашылық.
5.Академиялық.
6.Интеллектуалды.
Дарындылық мәселесін зерттеген ғалымдар көп болғанымен, олардың ойлары үнемі бір жерден шыға қоймады. Сол себепті, біз баланың дарындылығын өз құрдастарымен салыстырғанда ерекше қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарынды балаға тән қаситеттер:
-Ақыл-ой деңгейінің жоғары болуы;
-Белгілі бір кәсіпке қызығушылық танытуы және және сонымен шұғылдануы;
-Ойға алған мақсатына жетуде табандылық танытуы;
-Берілген тапсырманы өз бетінше шешуге ұмтылуы.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс нәтижесінде біріншіден, өзін-өзі тәрбиелей білетін, үнемі ізденісте болып, өзін дамыта алатын, принципке берік, ешкімді қайталамайтын жаңашыл тұлғаны күтеміз. Екіншіден, дарынды балалар болашақ мамандықтарын таңдауда дұрыс шешім қабылдауын және білікті маман иелері болып шығуы қамтамасыз етеміз.Үшіншіден, дарынды балалармен жұмыс жасау кезінде мектеппен ғана шектеліп қалмай, жоғары оқу орындарымен байланыс орнатылады. Дарынды баламен жұмыс жүргізу барысында мұғалімге қойылатын басты талаптар:
-Баланың қабілетін дамытуда тиімді әдіс-тәсілдерді талмай іздену;
-Баланың ата-анасымен тығыз қарым-қатынаста болу;
-Дарынды баламен жұмыс кезінде оң нәтижеге қол жеткізу.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі А.Байтұрсыновтың «Балам деген жұртым болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады» дегеніндей халқымыз бала тәрбиесі мен дамуына баса назара аударған. Сондықтан да дарынды оқушыларды өзіндік ізденімпаздыққа баули отырып, олардың танымдық біліктілігін арттыруда біршама істер атқарылды. Алайда, әлі де болса ойланатын жайттар жетерлік. Мәселен, білім сапасын арттыру, ғылыми-ізденіс қабілеттерін дамыту, баланың ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту т.б. Мемлекетіміз жастардың болашағынан зор үміт күтіп отыр. Сол себепті де бізге ой-өрісі кең, жан-жақты, зерделі де парасатты ұрпақ қежет екенін ұмытпауыға тиіспіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет