Data Mining технологияларына жалпы сипаттама Data Mining негізгі түсініктері


Data Mining артықшылығы мен кемшілігі және қолданыс саласы



бет3/16
Дата13.05.2020
өлшемі1,52 Mb.
#67919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Негізгі бөлім

1.3 Data Mining артықшылығы мен кемшілігі және қолданыс саласы


Деректерді интеллектуалды талдаудың артықшылықтары:



  • Data Mining технологиясы кәсіпорындарға білімге негізделген ақпаратты алуға көмектеседі;

  • Деректерді интеллектуалды талдау ұйымдарға жұмысқа және өндіріске тиімді түзетулер енгізуге көмектеседі;

  • Data Mining статистикалық деректерді жинау үшін басқа қосымшалармен салыстырғанда үнемді және тиімді шешім;

  • Деректерді интеллектуалды талдау шешім қабылдау барысында көмектеседі;

  • Үрдістер мен әрекеттерді автоматты болжауды, сондай-ақ жасырын паттерлерді автоматты түрде анықтауды жеңілдетеді;

  • Ол жаңа жүйелерде де, қолданыстағы платформаларда да іске асырылуы мүмкін;

  • Бұл жылдам процесс, пайдаланушыларға оңай аз уақыт ішінде деректердің ауқымды көлемін талдауға мүмкіндік береді.

Деректерді интеллектуалды талдаудың кемшіліктері:

  • Компаниялар өз клиенттерінің пайдалы ақпаратын басқа компанияларға ақша үшін сата алады. Мысалы, American Express өз клиенттерін кредиттік карталар бойынша басқа компанияларға сатып жіберді;

  • Data Mining үшін көптеген аналитикалық программалар пайдалануда қиын және жұмысқа алдын ала дайындықты талап етеді;

  • Деректерді интеллектуалды талдаудың әр түрлі құралдары оларды әзірлеуде қолданылатын әр түрлі алгоритмдерге байланысты жұмыс істейді. Сондықтан дұрыс деректерді интеллектуалды талдау құралын таңдау өте күрделі міндет;

  • Деректерді интеллектуалды талдау әдістері дәл емес, сондықтан белгілі бір жағдайларда бұл елеулі салдарларға әкелуі мүмкін.

Data Mining жүйесін қолданудың екі бағыты бар: жаппай өнім ретінде және бірегей зерттеулер жүргізу құралы ретінде.

Қазіргі кезде Data Mining технологиясы бизнес-міндеттерді шешу кезінде кең тараған. Мүмкін, осы бағытта Data Mining құралдарын пайдаланудан түсетін қайтарым кейбір көздер бойынша 1000%-ға дейін құрауы мүмкін және оны енгізуге жұмсалатын шығындар тез өтелуі мүмкін.

Сонымен қатар, Data Mining технологиясы ретроспективті деректер жинақталған адам қызметінің барлық салаларында қолданылады. Төменде көрсетілген 1 кестеде негізгі сфераларды қарастырамыз.

Кесте 1

Data Mining технологиялары кездесетін салалар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет