Дебиторлық ЖӘне кредиторлық Қарыздар есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері



бет19/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#87327
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Байланысты:
дебиторлық қарыздар

Банк несиесі – ұйымға ақша түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Несие беру және оны қайтару (өтеу) тәртібі тиісті заңдарға сәйкес және кәсіпорынның банкімен немесе басқа да несие берушілермен жасалған келісімшарттары негізінде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін объекті, несие беру шарты мен тәртібі, оның өтелетін (қайтарылу) мерзімі, міндеттемесі, өзара қамтамасыз ету түрі, пайыздық өсім ставкалары мен оның төлем тәртібі, екі жақтың жауапкершілігі мен құқығы, толтырылатын және бір-біріне беретін құжаттарының тізімі және тағы да басқалар көрсетіледі.
Кәсіпорындар банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие алудың қажеттілігін, оның уақытында қайтарудың мүмкіншілігін, әрбір коммерциялық банктердің несие беру, өтеу, өсім пайызы ставкаларымен және басқадай талаптарымен танысып, алдын ала шешіп алуы қажет. Банк мекемелері, әдетте несие сұраушы ұйымның төлем қабілеттілігі және қаржы тұрақтылығы жағдайын тексереді. Ол үшін кәсіпорынның тиісті бухгалтерлік ақпаратты мәліметтерін алып танысады. Берілетін уақыт аралығына сәйкес банк несиесі қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі уақыт) және ұзақ мерзімді (бір жылдан артық уақыт) болып екіге бөлінеді.
Несиенің объективті қажеттілігі – бұл кәсіпорынның өндірістік және сауда айналымы капиталының заңдылықтарына негізделген.
Банк мекемелері несиелерінің есебі.
Банк несиесі есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі бекітетін «қысқа және ұзақ мерзімді несие беру ережелеріне» сай жүргізіледі. Қысқа мерзімді несие ұйымның айналым қаржысын құрайтын көздердің бірі болып саналады.
Несиелер қайтарымдылық, төлем және мерзімділік шарттары бойынша келісіп, коммерциялық негізде беріледі.
Несие алу үшін кәсіпорындар банк мекемесі басшысының атына өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін, оның жұмсалатын мақсаты мен бағытын, өтелу яғни қайтару мерзімін, сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған бизнес-жоспар, тағы да басқадай құжаттар табыс етуі тиіс.
Кәсіпорындар мен ұйымдар банктен бірінші рет несие алуы барысында жоғарыда аталған құжаттармен қоса банкке өздерінің жарғысын, құрылтайлық құжаттарының көшірмесін, тіркелу куәліктерін және тағы да басқа құжаттарды табыс етуі тиіс.
Жалпы кәсіпорындарға берілетін несие сомасы, банк мекемесінің жауапты мамандары ұйымның өткізген құжаттарын тексеріп болғаннан кейін, несие бойынша борышты және пайызды қайтару, өтеу үшін кепілдікке салынған меншік туралы келісімшарттың орындалуына сәйкес беріледі.
Банк мекемесі мен несие алушы кәсіпорын арасындағы несиелік қызмет көрсету бойынша келісімшарт бір жылға немесе одан да ұзақ мерзімге жасалады. Егер келісімшарт бір жылдан артық уақытқа жасалған жағдайда несие жыл сайын бекітілетін несиелік келісімшарт негізінде беріледі. Несиелік келісімшарт банк мекемесімен әрбір несие алушы ұйым үшін жеке-жеке жасалады.
Қысқа мерзімді банк несиелері 1 жылдан аспайтын уақытқа беріледі. Кейбір жағдайларда түрлі себептерге байланысты бұндай несиенің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бірақ ұзартылған мерзімін қоса есептегенде оның мерзімі екі жылдан аспауы керек.
Банк несиесі кәсіпорынның, яғни несие алушының есеп айырысу шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне қарамай-ақ беріледі және қолма-қол емес тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісімшартта қарастырылады. Егер несие алушы келісімшартта белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік борышын өтей алмайтын болса, банк мекемесі алдын ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.
Кәсіпорын банк мекемесінен несие алған уақытында:
Д-т: «Ақшалар немесе жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу» және тағы басқа шоттар,
К-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Ал бұл алынған несие қайтарылған уақытта:
Д-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты,
К-т: «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Осы алынған несие үшін есептелген пайыз сомасына:
Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты,
К-т: «Төленетін сыйақы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кәсіпорын бұл міндеттемені төлеген уақытында:
Д-т: «Төленетін сыйақы» шоты,
К-т: «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет