Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Аймақтағы перспективалы дақылдарды жерсіндіру



бет3/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Аймақтағы перспективалы дақылдарды жерсіндіру. Солтүстік Қазақстандағы жемшөп өндіруді ұлғайтудың бір жолы – перспективалы дақылдарды жерсіндіру1 болуы мүмкін. Оған, ең алдымен, жабайы флора құрамынан алынған, жергілікті жағдайларда өсіру болашағы бар және жақсы өндірістік бағаға ие болған өсімдік түрлерін енгізу керек. Мысалы, байкал тараны (горец забайкальский) биіктігі 120-150 см болатын, Шығыс Сібірде жабайы түрде өсетін көпжылдық жоғары тамырсабақты өсімдік. Оны солтүстік Қазақстан жағдайында зерттеу өткен ғасырдың 70-жылдарында басталды. Ақмола облысында арнайы бағытталған сұрыптау нәтижесінде «Чаглинский» сорты алынған. 2002-2007 жылдары орта есеппен алғанда оның өнімділігі 39,8 ц/га абсолютті құрғақ затты құрады, бұл сұлының 40-42 ц/га өнімділігіне тепе-тең.
Гүлтәжі - өткен жүзжылдықтың 50-ші жылдарында қызылқұйрықтың жабайы өсетін түрлерін жемшөп дақылы есебінде дақылдандырудан алынған, биожиынтығының өнімділігі суарылмайтын егіншілік жағдайында – 400 ... 500 ц/га және 6 ... 9 ц/га протеин береді.
Бұған өзге табиғи жағдайлар мен орындарда бұрыннан өсіріліп, тасымалданған біршама дақылдардың түрлері де қосылған.
Бал құмайды дәстүрлі егу ареалы – біздің республикамыздың оңтүстігі, Молдова, Украина, Ресейдің Ставрополь және Краснодар өлкесі. Алайда оны Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы сүрлемге өсіру тәжірибелері жүгерімен салыстырғанда оңтүстік қара топырақ пен талшын топырақта бал құмайды егудің артықшылықтарын көрсетті.
Солтүстік Қазақстанның құррғақшылыққа бейім және құрғақ далалы ауыл шаруашылық зоналарының егіншілік аймақтарында ноқатты егіп өсірудің болашағы зор. Оны әдетте республиканың оңтүстігі мен көршілес орта азиялық мемлекеттерде өсіреді.
Аймақтың далалық азық өсіруде көптеген онжылдықтар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей, мал шаруашылығында қазіргі кезде іске асырылып жатқан жемшөптің тапшылығының мәселесін тез арада шешуді дәстүрлі жемшөп дақылдарын өсіру негізінде жүзеге асыру мүмкін емес. Өндіріс технологияларын жетілдіру арқылы өнімділіктің өсуі соңғы 30 жылда бесжылдыққа орта есеппен алғанда 26-38%-ды құрады. Ауылшаруашылық зоналарда перспективалы жаңа жемшөп өсімдіктерін енгізу байырғы дақылдармен салыстырғанда өнімділікті еселеп (2,0-2,5), жемшөп өндіруді жылдам және бірнеше есе ұлғайту мәселесін шешуге жағдай жасайды.
Аймақтың өзіндік табиғи жағдайлары және топырақ ерекшеліктері:
- тұрақты жел белсенділігі;
- жауын-шашын мерзімділігі;
- температураның көктемгі жылдам өсімі;
- топырақтың эрозияға бейімділігі
соңғы уақытқа дейін көбісі топыраққа саяз отырғызуды талап ететін және топырақтың жоғары қабатының тез кебуіне бейімделмеген ұсақ тұқымды болып табылатын дақылдардың егу ауданын кеңейтуді тежейтін факторлар болып келді.
Бірақ агротехниканың жетілдірілуі және егу машиналары, сонымен қатар арамшөптен қорғау құралдары мен әдістері жүйесіндегі жаңа техникалық шешімдер аймақ жағдайында бұл дақылдардың өнімділік әлеуетін толығырақ іске асыруға мүмкіндік береді.
Өткен жүзжылдықтың 70-жылдарынан бастап Солтүстік Қазақстан ғылыми орталықтарының ұжымдық қызметінің нәтижесінде

  • дәстүрлі өңдеу дақылдарынан өнімділігі жағынан 2,0...3,5 есе асатын перспективалы дақылдарды өсірудің зоналық технологиялары жасалды;

  • осы дақылдардың әрқайсысы үшін зоналық деңгейде топырақ-климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып агроклиматтық аудандастыру жүргізілді;

  • патенттермен және авторлық куәліктермен қорғалған арамшөптерден қорғау, егу агрегаттарын қайта қалпына келтіру, сорттар жасау жүйелеріне қатысты бірнеше техникалық шешімдер ұсынылды;

  • жеке дақылдар бойынша бастапқы тұқым шаруашылығы басталды.

Солтүстік Қазақстанда жаңа жемшөптік дақылдар өнімдерінің мына жағдайларға жарамдылығын бағалау классификациясы жасалды:

  • таза күйде консервілеуге (сүрлем, пішендеме);

  • дәстүрлі өсірілетін дақылдармен қоспада консервілеуге;

  • жасанды жолмен ылғалсыздандырылған жемшөптерді дайындауға (витаминді шөп ұнтағы, түйірлер);

  • негізгі шикізаттың сапасын арттыру үшін үстеме ретінде.

Барлық жағдайда өнім салалық стандарттың бірінші санатына сәйкес келді. Бұл жаңа дақылдардың өнімі, жоғары шығымдылығымен қатар, жақсы қортылуымен, алынатын шикізаттың жоғары протеиндік қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді.
Бірнеше жыл қатарынан өндірістік тексеруден өтіп қайта жасалған технологиялар энергия жинақтайтын сипатқа ие, өйткені олар жоғары потенциалды өнімділігі бар дақылдарды егуге негізделген және олардың көбісінің, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайында маңызы жоғары болып саналатын, плантацияларды өңдеусіз өндірістік мақсатта қайта қолданудың көпжылдық (10 жылдан көп) циклы бар.
Мысалы, 2003-2007 жылдарда байкал сүрлемде егудегі таза шығынның орнын толтыру жүгеріні егудегі 55,9%-ға қарсы 205,7%-ды құрады; витаминді ұнды егудегі шығынның орнын толтыру 188,9% немесе жоңышқаны (люцерна) егуге қарағанда 53,8%-ға артық болды.
Дәрістер курсына Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ғалымдар ұжымының зерттеу жұмыстарының материалдары, сонымен қатар, Қазақстанның солтүстік облыстарының басқа ғылыми-зерттеу орталықтарының өндірістік жағдайларда аппробацияланған зерттемелері енді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет