Дефектология” пәні бойынша 050102 “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” мамандыќтарының студенттерінің білімін бақылауға арналған обсөж- тапсырмалар мәтіні. Лектор: аға оқытушы Исаева К. А. Жетісай, 2009 а л ғ ы с ө з


- апта. Эпилоптойдты психопатияның негізгі ерекшеліктері



бет4/5
Дата30.11.2019
өлшемі0,87 Mb.
#52796
1   2   3   4   5
Байланысты:
Isaeva.Defect
тест дефектолгогия ответімен



6- апта.

Эпилоптойдты психопатияның негізгі ерекшеліктері.

Баланың ана құрсағындағы кезінде ұрықтың жұқпалы ауруларға ұшырау салдарынан организм уланып, бала соқыр болып тууы мүмкін. Ал бала бойында жүре келе пайда болатын кемістік оның нәрестелік немесе сәби кезеңдерінде түрлі жұқпалы аурулардың ( менингит, полимилит қызылша, тамақ ауруы, тұмау т.б.) әсерінен болуы ықтимал. Сондай-ақ, баланың бойында жүре пайда болатын кемсітіктері әр қилы жарақаттар мен дәрі –дәрмектерден улану саладарынан пайда болып отыратындығы мәлім.

Кеміс балалардың денесі мен психикалық дамуындағы ауытқулардың айрықша ескере отырып, олар арнайы мектептерде оқып тәрбиеленеді. Кеміс балалардың бойындағы кемістіктеріне орай( саңырау, нашар еститін) керең, соқыр, мақау, ақыл-ойы кеміс ( миақы, миқұла, милау, идиот) және сөйлеу қабілетін жоғалтқан балалар болып бірнеше топқа ажыратылады.

Бақылау сұрақтары.


  1. Бала ана құрсағындағы кезіндегі жұқпалы аурудың себебінен баланың кеміс болуы.

  2. Баланың жүре пайда болған кемістіктердің түрлері..

Үй тапсырмасы. Кемістіктердің түрлеріне анықтама бер.

6- апта. 3 балл.

Мінезінде шизойдті белгілері бар балалар.
Аномальды балалардың үшінші тобы- ақыл-ойы кем балалар. Олардың орталық нерв жүйелері бұзылған, бұл-баллар организміндегі аса үлкен кемістік. Ақыл-ойы кем балалар ой-өрісінің трлығы, кемдігі дәрежесіне қарай айқындалған жеке топтарға бөлінеді.

Мінезінде шизоидты белгілері бар балалар- көбінесе психикалық аурулар түрінде ауырпалық түскен семьяларда жиі байқалады. Алайда баладағы шизоидты белгілер сол қалпында шизофрения тәрізді психикалық ауру емес екендігіне қашан да есте сақтау керек.

Шизоидті психопат балалардың өзіндіе дамуы мектеп жасына дейінгі кезеңде болады. Олардың бірі өте әсерленгіш, жаңа нәрсенің барлығынан қорқатын болса, енді біреулері мазасыз, тыпырши береді, ал үшіншілері өте салбыр, баяу болады. Бірақ, олардың барлығы да өз құрбыларынан қашқақтап жүреді, араласпайды. Мұның есесіне ересектермен сөйлесіп, араласқанды дұрыс санайды.

Мектеп жасында дамудың үйлесімділігі байқалады. Мысалы, шизоидты белгілері бар балаларда ақыл- ойы тез дамығанымен моторика дамымайды.

Ақыл-ой кемдінгінің ең жеңіл түрі дебильдік деп аталады. Олар қосалқы мектепте ( негізгі оқу мерзімі еңбекке үйретуге жұмсалатын арнайы оқу программасы бар 8 жылдықмектепте) оқиды. Дебильдер ондай мектепті бітіргеннен кейін: столяр ( ағаш шебері), слесарь, киім тігуші, картонажник ( қатырма қағаздан бұйым істеуші.), сылақшы, токарь, кітап түптеуші және т.б. мамандықтар алады. Олар жұмысқа орналасқаннан кейін барлық адамдармен бірдей еңбек етіп, семьямына өзінің еңбек қысын әкеледі, шамасы келгенше қоғамымызға пайда келтіреді.

Екінші топтағылар- интеллектілік дамуы едәуір кейін қалған, ақыл-ойы кем имбециль блалар. Имбециль балаларда сөйлеу тілі дамымайды, яғни ондай балалар сойлемейді, логикалық ойлау болмайды және қозғалу мүмкіндігі де кенет төмендейді. Қазіргі кезде кейбір қосалқы мектептерде имбециль балалар



1.Бақылау сұрақтары.

1.Шизофрения мен психикалық аурудың айырмашылығы.

2.Мінезінде шизоидті белгілері бар балалардың ортаға үйлесімділгі.

3.Олардың эмоциялық ерекшеліктері.

2. Үй тапсырмасы. Шизоидті балалардың даму ерекшеліктері.
Т е с т

1.Кемтар балаларға білім беру тәрбиелеудегі өзекті мәселе

А. Адамгершілік сезімін ояту

В. Кемшіліктерін жою

Д. Аяқ қолын дұрыс істету

С. Бойындағы кемшіліктерін жойып, қоғамға пайдалы азамат етіп даярлау

Е. Көзін көрсету.



2.Арнайы мектептер бітірген балалардың қызығушылығы

А. Жеңіл түрлерге өз білімдерін көретіп тиісті мамандықтарды игерулері үшін коллежд, жоғары оқу лонына түсіп оқиды.

В. Заводта жұмыс істейді.

С. Тігін цехында жұмыс істейді.

Д. Қалаған жұмысын істейді.

Е.жұмысқа жарамсыз



3.Зейінің түрлері.

А. Тұрақты, тұрақсыз

В. Ерікті, еріксіз, үйреншікті

С. Жылдамқы

Д. Тынымсыз

Е. Жай барақат, сылбыр



4.Елестің түрлері.

А. Түгелдей

В. Нақтылай

С. Жорамалдау

Д. Жартыкеш

Е. Жалпылай



5.Қандай кеміс балаларда елес қабілеті болмайды

А. Соқыр, саңырау

В. Мылқау

С. Аңқау


Д. Кекеш

Е.Кеміс балалар.



6.Саңырау балаларға әңгіме әдісі қалай жүргізілді

А. Көрнекі құралдарды, әңгімелесу арқылы сөйлеуін дамытамыз

В. Ойлау арқылы

С. Көрсету арқылы

Д. Дәлелдеу арқылы

Е. Бір немесе бірнеше сөздерді қайталау арқылы.



7.Тіл мүкісі деп:

А.Сөйлеу мүшелерінің қызметінің бұзылуы

В.Дауыстың шықпай қалуы

С.сөйлем құрастыра алмауы

Д. Мылқау

Е. Сақау.



8.Логопедияның зерттеу қашан қолға алынды?

А. 16ғасыр

В. 17 ғасыр

С. 15 ғасыр 2 жартысы

Д. 19ғасыр

Е. 20 ғасыр



9.Дефектология мамандығы қайда даярланады.

А.Коллежде

В. Асперантурада

С.Ж.О.О.


Д. Пед. Университете

Е. Мед. Академияда.



10.Ғылыми мекемелер мен мамандардың мақсаты

А. Оқытып тәрбиелеу еңбексүйгіштігін арттыру, қоғамдық өмірге қатыстыру

В. Түсінігін дамыту

С. Еңбекке қабілетін дамыту

Д. Психологияны қалыпты дамытудың ауытқуының жолы.

Е. Білімді ету



11.Аграфиядан қалай арылуға болады?

А. Жаттығулар арқылы

В. Жүйелі түрде жүргізілетін логикалық сабақ көмегімен түзетуге болады.

С. Көп сөйлеу арқылы

Д. Көп жазу арқылы

Е. Көп жаттау арқылы.



12. Алалия, кекештер балалар кемістің қай түрі

А.Мылқау.

В. Тіл мүкісі

С. Сақау.

Д. Саңылау.

Е. Тілі мүкіс.



13.Бұлар дарынды күшті дамығандар , сөйлеу кезінде ойын толық жеткізе алмай қиналады.

А.Жазуға келгенде қиналады.

В. Алалия.

С. Сөз қоры аз.

Д.Ойын жеткізе алмайды.

Е. Кекештер



14.Имбецил бұл

А. Балаларда сөйлеу тілі дамымайды, логикалық ойлау болмайды және қозғалу мүмкіндіктері кеш төмендейді.

В. Аномальды балалардың- үшінші тобы

С.Сюжеттік суреттерді тез қабылдайды.

Д. Мағынасыз сөйлейді.

Е.Нашар көреді.



15. Бас сүйегі мен қаңқа құрылысындағы тұрпайылық жан – жағына көз тоқтатып , ойлай алмайды.

А. Миына зақым тиген.

В. Туа пайда болған.

С Нақұрыс балалар.

Д Суретті әңгімелеп бере алмайды.

Е Шыдамсыз.



16. Ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдауының бұзылуы.

А. тифлопедагоканың негізгі кемістігі

В. Олигофренияның, логопедияның негізгі кемістігі

С. логопедияның негізгі кемістігі.

Д сурдопедагогиканың негізгі кемістігі

Е. жалпы кемістік.



17.Дәрігерлердің көзқарасымен”мүгедек” ұғымы нені білдіреді .

А.Туа біткен.

В. Жүре пайда блоады.

С. Зақымдану салдарынан.

Д. Тұлғаның өмірлік және еңбекке қабілетсіз

Е. Сәбилік шақта.



18. Л.С. Выгодский пікірі бойынша психологиялық зерттеудің негізгі обьектісі

А. 1-2- ші кемістік жатады..

В. 2-3- ші кемістік жатады.

С. 2 - 4- ші кемістік жатады.

Д. 4-5- ші кемістік жатады

Е. 6-7- ші кемістік жатады



19. Сананың белгілі бір затқа не құбылысқа бағытталуын білдіретін психикалық әрекет

А.Зейін.


В. қабылдау

С. ойлау


Д. есту

Е. Сезім.



20. Ересектерге еліктеудің нәтижесінде үйренеді

А. Еңбек әрекеттерін үйренеді.

В. Еліктеудің – тіл мүкісі бар балаларға пайдалы жағы

С. тілі жоқ кеміс балалар

Д. Жақсы оқиды.

Е. Ақыл-ойы кемістер



21. Сәби кезеңдерінде жақыннан аурулардың салаларынан менингит, қызылша, тұмау т.б

А. Бала бойында жүре пайда болатын кемістіктің себебі

В. Организмнің улану салдарынан

С. жүре пайда болған қилы жарақаттар

Д. Мидың зақымдануы

Е. Тілдің сөйлеу қабілеті жетімсіздеу

22. Адамның басын көтеріп маңындағы кеңістікті көзімен шолып қабылдай алатын заттары мен нәрселері

А. Соқырлардың көзілдірікпен көруі

В. Сөйлеу қабілеті жетімсіздеу

С. Көру аймағы

Д. Жан-жақты байқамау

Е. Алысты жақсы көреді.



23. Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыстарының бейнесін көз алдына келтіріп, жаңғыртуы

А. Өз ойын көз алдына елестету

В. Қиялдау

С. Соқыр немесе саңыраубалалардың елесі

Д. Елес

Е. Бұрынғы елестердің есіне түсу



24. Б. Луй –бұл.

А. Француз жұртының соқыр балаларды оқытып тәрбиелеген тифлопедагогы

В. Ағылшын педагогы

С. Француз дефектологы

Д. Германия психологы

Е. Орыс неврапатологы



25.15 ғасырда қандай балаларды оқытып тәрбиелеу қашан басталды

А. Көру кемістігі бар

В. саңырау кемістігі бар

С. Есту кемістігі бар

Д. кекештер кемістігі бар

Е. соқырлар



26. 1784 ж кемістер мектебі қай елде ашылды

А. Парижде

В. Россияда

С. Италияда

Д. Шет елде

Е. Еш жерде



27.1885ж қай елде соқырларға арналған нүктелері шығыңқы бедерлі әріптер мен жазылған кітаптар қашан пайда болды

А.францияда

В. парижде

С.қазақстан

Д. германия

Е. рессейде



28. Ана құрсағында ұрығына химиялық, оқыс қозғалыстар

А Туа пайда болған кемістіктер

В. Дұрыс тамақтанбау

С. Ұрықтың дұрыс қоректенбеуі

Д. Тұмаудың әсерінен

Е. Уақыттан өтіп босануы.



7- апта.

Түзету тәрбиелеу жұмысындағы басты мәселе.

Психикалық дамудың бөгелуі әртүрлі себептерге байланысты. Сонымен бірге осы категориядағы балаларда танымдық әрекет пен тұлғаның дамуында бірқатар жалпы ерекшеліктер болды. Дәрігер ғалымдардың алған мәліметтері, олардың бас миының қырқасы жеңіл органикалық зақым алғанын көрсетеді. Осы балалардың психикалық зақым алғанын көрсетеді. Осы балалардың психикалық дамуының ерекшеліктеріне тоқталайық.

Психикалық дамуының бөгелісі бар балаларды мектепте оқуға деген дайындық қалыптаспаған. Бұл орталық нерв жүйесінің функционалдық жағдайының пісіп жетілмеуінде көрінеді( тежелу мен қозу процестерінің әлсіздігі, күрделі шартты байланыстардың құрылуының қиындығы, талдағыштар арасындағы байланыстардың қалыптасуының кешеуілдеуі) және де балалардың оқу және жазу дағдылардың әрең дегенде үйренуінің, әріптерді жиі түрде шатастыруының, мәтінде өз бетінше оқып шығуында қиындықтарға кезігуінің себебі болуы мүмкін.

Мектептегі оқуға дайындық жөнінде айтқанда, біз бірінші кезекте бағдарламалық материалдарды толыққанды игеріп алуға мүмкіндік беретін, барлық психикалық процестердің қалыптасқандығының белгілі бір деңгейін айтамыз. Психикалық дамуы бөгеліп қалған балалар ақыл- ойының жұмыс істеу қабілетінің төмендігімен ерекшеленеді. Оның бұзылуына алып келген себептердің бірі- созылмалы аурулар болып табылады.

Психикалық даму бөгелісі бар барлық балаларға зейіннің төмендеуі тән. Психолог Г.И.Шаренкованың мәліметтері бойынша осы балаларда зейіннің төмендеуі әртүрлі сипатқа ие болуы мүмкін: зейіннің тапсырмасыорындаудың бастапқы кезінде барынша ширағуы және одан соң төмендеуі, зейін аударудың жұмыстың бірінші кезеңінен кейін пайда болуы.

Психологтардың зерттецулері психикалық даму бөгелісі бар балалардың көпшілігінде көру мен естудің нәзік нәзік формаларының толыққанды емес екендігін, кеңестік және уақыттың айнулардың бар екендігін, күрделі қозғаушы бағдарламаларды жоспарлау мен орындаудың жетіспеушілігі. Мұндай балаларға көру, есту, және өзге де әсерлерді қабылдап өңдеу үшін көп уақып қажет.

Мектептегі оқудың басына қарай психикалық даму белгісі бар балалар өздерінің қалыпты дамып келе жатқан құрбыларынан көрнекі- әсерлі ойлаудың қалыптасу деңгейі бойынша қалып отырады.

Оқуында қиындықтары бар балаларға көмек көрсету мәселесімен педагогтар көптеген жылдар бойы айналысып келеді. Теңестіру сыныптары өтеуші оқулар, түзетулер, педагогикалық қолдаулар, бейімдеулер,- Міне осы ұйымдастыру формалары оқушылрадың психикалық және пәндәк мүмкіндіктеріне бара- бар жағдайларды іздестіру болғандығын көрсетеді. Теңестіру сыныптары оқудың алғашқы жылдарында құрылды. Ал қалған түрлері- оқытудың екінші сатысында 5 сыныптан бастап құрылып жатты.



Үй тапсырмасы.

1.Патологиялық кемістігі бар бір оқушыға мінездеме жазыу.



7- апта.

Арнайы педагогика

Кеміс блаларды оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым. Арнайы педагогика балалардың кемістік ( аномальды ) түрлеріне қарай сурдопедагогика, тифлопедагогика, логопедия дейтін салаларға бөлінеді. Жалпы алғанда дефектология деп аталады. Бұл пән дене және психикалық дамуында кемсітігі бар балалардың еркшеліктерін, оларды оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізу мәселелерін зерттейді. Кемістігі бар балаларды оқытып, тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Оларға арналған құрал жабдықтар, оқытудың әдіс-тәсілдері өзгеше. Дегенмен арнайы педагогика зерттеулері жалпы педагогика принциптеріне негізделеді.Кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу арнайы мамандар пединституттардың дефектология факультеттерінде даярланады. Ғылыми мекемелер және мамандардың негізгі мақсаты- кемістігі бр балаларды арнаулы мекемелерде оқытып, тәрбиелеу арқылы олардың психикалық дамуын үдету, еңбеккке икемділігін арттыру, қоғамдық өмірге қатыстыру.

Ғылыми мекемелер және мамандардың негізгі мақсат міндеттері кемістігі бар балаларды арнаулы мекемелерде оқытып, тәрбиелеу арқылы олардың психикалық дамуын үдету, еңбекке икемділігін арттыру , қоғамдық өмірге қатыстыру.

Үй тапсырмасы. Кеміс балаларды оқытып, тәрбиелеу.Сызбасын жазу.

7- апта.7 балл.

Мінезінде ұстама ауру белгілері бар балалар.

Тіл мүкісі бар балалар қалай жіктеледі.
Мінезінде ұстамалы ауру белгілері бар балаларды тәрбиелеу бірсыпыра қиындықьар туғызады. Біздің елімізде ондай аурулардың көбеюіне ешқандай негіз жоқ. Өйткені истерия соқыр сенімге, діни ықпалдарға , мәдениеттің төмендігіне байланысты туып отырады. Ал бұл кездері истериодты белгілері бар балалар бірен- саран кездеседі.

Бірақ истериодты балаларға эгоцентризм тән, яғни ол өзін- өзі көрсетуге, өзінше көпшіліктің назарын аударуға тырысады. Міне, осыдан барып мақтаншықтық, өзінің артықшылығын асыра көрсетушілік, басқадан, жоғары болуға тырысушылық байқалады. Мұндай сапалық ерекшеліктер өте сенгіштікпен, эмлциялық белгілерінің, көңіл- күйінің тұрақсыздығымен үйлесіп жатады.

Истериялық белгілері бар балада мектеп жасына дейінгі кезеңнің өзінде- ақ мінезіне байланысты біраз қиынқыьар туады. Себебі олар оқушылармен құрбыларымен жанжалдасып, қала береді: өзі араласқандардың барлығына бұйрық беріп, айтқанын істеуге тырысыады. Айтып ескерткенді ұнатпайды, тыңдамайды немесе жата қалып жылайды, аяғымен жер тепкілейді, қалайда ойыедағысын істетуге тырысады.

Мектеп жасындағы мұндай балалардың эгоцентризміне ынтасыздық қосылады, жұмысты ақырына жеткізіп, бітіріп тастауға шыдамы жетпейтін болады.



Үй тапсырмасы. Мектеп жасындағы балалардан истерияны анықтау жолдары.

Э с с е
(студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші кезекте студенттің “Мен” көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе- ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.)

Т е с т
1. Олардың өзіндік ойлау әрекеттері болып табылатын оқу материялдарын талдау, салыстыру, өзойын жинақтау, сияқты тәсілдерді меңгеруге баулу

А. Жеке топтап оқыту

В. Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарындағы ерекше маңызды міндет

С. Жүйелеп оқыту

Д. Еңбекке баулу

Е. Диференциялды оқыту



2. Кемістігі мен қабылдауы мен бейімділігіне қарап топқа бөліп оқыту

А. Кеміс балаларды диференциялды оқыту

В. Соқырларды бөлек оқыту

С. Мылқауларды оқыту

Д. Кереңдерді оқыту

Е. Кекештерді оқыту



3. адамның өз денесімен іс-әрекетін мінез-құлқын нәтижелі істер мен ұнамды қылықтарды меңгеруге бағыттап алады

А. Алысты тез байқау

В. өзін-өзі айна алдында бақылау

С. Өзін -өзі бақылау

Д. Саяхатта өзінің негебейімді екенін байқау

Е. Өзін- өзі жетілдіру



4. Адамның сезім мүшелерінің дамуы мен оларды жетілдіре түсу бағытында жүргізілетін тәрбие істерін педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану.

А. Ақыл ойын дамыту

В. Адамгершілік тәрбие

С. Табиғатты аялау

Д. Қоршаған өмірді қорғау

Е. Сенсорлық тәрбие



5. Зағиптар мен нашар көретіндерге адамгершілік тұрғысы қамқорлық көрсетіп, оларды әлеуметтік ортада еңбек етіп экономикалық дамуына өз үлесін қосу

А. Сезімдері арқылы еңбек ету

В. Іс-әрекеттері мардымсыз болуы

С. Соқырлар мен нашар көретіндердің қоғамға пайдалы еңбекке баулу

Д. Қоғамның дамуына өз үлесін қосу

Е. Ой еңбегі мен шұғылдану



6.Қатынас құралы

А. Тіл


В. Адамдардың бір-бірімен байланысы

С. Ойлау құралы

Д. Байланыс құралы

Е. Ішкі сезімдщі тілмен жеткізу



7.Сөздер мен сөйлемдер арқылы нәрселер мен құбылыстардың қасиеттерін жалпылап бейнелейді

А. Адамның ойын бейнелейді

В. Тіл арқылы ойды білдіреді

С. Еңбектегі қарым қатынас

Д. Пікір алмасуды бейнелейді

Е. Байланыс құралы.



8. Адамдар қауымдасып еңбектену әрекетінде бір-біріне ойын білдіруі өз қарым-қатынастар жасау мұқтаждығынан туған

А. Тіл пайда болды

В. Еңбектену әрекетінде болған

С. тарихи дамудың жемісі

Д. өткен дәуірдегі ұлттық мәдениетті жетуізу үшін

Е. Бір-бірімен байланысу үшін



9. Адамның сөйлеу әрекетінде дыбыс шығармай өздігінен іштей сөйлеуі.

А. Мылқаудың сөйлеуі

В. Ыммен сөйлеуі

С. Жай сөйлеу

Д. Үнсіз сөйлеу

Е. Адамның ойы қысқартылып айтылады.



10.Адам миына инфекция түсу улану салдарынан қабынуы

А Энцефалит

В. Қол аяғы дене еттері салдарынан

С. Көзі көрмей қалады

Д. Мылқау болып қалады

Е. Тұмаудың әсері.



11. Қызуы көтеріліп басы ауырып қалады

А. Мінез-құлық өзгеріп ашуланшақ болады.

В Энцефалиттің белгілері

С. Тынымсызданып ұйқысықакшады

Д. Сандырақтайды

Е. Көзі қарауытады



12.Арнайы тақташада тақташада таңбаланған нүктелер шығыңқы әріптерді соқыр балалар саусақтарымен сиапап біліп, оқитын қандай жүйе?

А. Жеке әріптер бір бірімен қарам-қарсы орналасуы

В. Әріптердің бір бағытта болуы

С. Брайль жүйесі.

Д. Буындап оқу

Е. Сезіммен оқу



13.Кеміс балалардың таным, сезім оқушылардың қабілетіне қалай аталады.

А. Кеміс балалардың маңындағы нәрселер мен тіршілік ортасын тану арқылы, оларды салыстыра отырып дамыту.

В. Еңбек әрекеттері арқылы дамыту

С. Кемістікті дамыту арқылы

Д. Негізгі белгілерін салыстыра жатады.

Е. Бедерлеп сурет салу.



14. Балалардың дамуын жетілуін жүйелі түрде бақылап, олардың өзіндік табыстарын қолдап жаңа істерді игеруге бейімдеу қалай аталады?

А. Бала бойындағы жетімсіздіктерін танымдық

В. Таным іс- әрекеттерді меңгеруге үйрету

С. Белсенділігін

Д. Сөйлеуін қадағалау

Е. Арнайы мектептерде жүргізілетін оқу- тәрбие істерінің өзекті мәселелері



15. Оқу материалының мазмұнын сөйлеу арқылы түсіндіру

А. Сурет салу арқылы

В. Кемтар балаларды оқыту барысындағы әдіс- тәсілдер .

С. өзіндік әрекетін дамыту

Д. Дене шынықтыру

Е. Ыммен түсіндіру.



16. С. Шәкірттердің даму деңгейі .

А. Көзі көрмейді.

В. Сабақты қабылдай алмайды

С.Қосалқы мектепте оқушылардың саналы принциптеріндегі қиындықтары

Д. Тек математиканы игереді.

Е. Сурет сала алмайды.



17. Аяқ қолын дұрыс істету дегенді қалай түсінесің

А. Адамгершілік сезімін ояту

В. Кемшіліктерін жою

Д. Кемтар балаларға білім беру тәрбиелеудегі өзекті мәселенің бірі

С. Бойындағы кемшіліктерін жойып, қоғамға пайдалы азамат етіп даярлау

Е. Көзін көрсету.



18. Жеңіл түрлерге өз білімдерін көретіп тиісті мамандықтарды игерулері үшін коллежд, жоғары оқу орнына түсіп оқиды.

А. Арнайы мектептер бітірген балалардың қызығушылығы

В. Заводта жұмыс істейді.

С. Тігін цехында жұмыс істейді.

Д. Қалаған жұмысын істейді.

Е.жұмысқа жарамсыз



19. Ерікті, еріксіз, үйреншікті

А. Тұрақты, тұрақсыз

В. Зейінің түрлері.

С. Жылдамқы

Д. Тынымсыз

Е. Жай барақат, сылбыр



20. Жартыкеш, көмексі

А. Түгелдей

В. Нақтылай

С. Жорамалдау

Д. Елестің түрлері..

Е. Жалпылай



21 Соқыр, саңырау .

А. кеміс балаларда елес қабілеті болмайды

В. Мылқау

С. Аңқау


Д. Кекеш

Е.Кеміс балалар.



22. Көрнекі құралдарды, әңгімелесу арқылы сөйлеуін қалай дамытамыз

А. .саңырау балаларға әңгіме әдісі жүргізіледі.

В. Ойлау арқылы

С. Көрсету арқылы

Д. Дәлелдеу арқылы

Е. Бір немесе бірнеше сөздерді қайталау арқылы.



23. Сөйлеу мүшелерінің қызметінің бұзылуы не деп аталады

А. Тіл мүкісі деп:

В.Дауыстың шықпай қалуы

С.сөйлем құрастыра алмауы

Д. Мылқау

Е. Сақау.



24. 17 ғасырда не қолға алынды

А. 16ғасыр

В. .Логопедияны зерттеу

С. 15 ғасыр 2 жартысы

Д. 19ғасыр

Е. 20 ғасыр



25 Артикуляция- бұл

А.сөйлеу мүшелерінің дыбыс шығарғаны мағына білдіреді

В. қимылды білдіреді.

С.сабақты дұрыс оқу

Д. Дефектологиялық кеміс

Е. Ойлау білу қабілеті.



26. перцверация- бұл

А. табандылық, ыждағаттық

В. қажетсіну

С. түзету жұмыстары

Д. Психологиялық тұзету..

Е. Білімді ету



27. Жүйелі түрде жүргізілетін логикалық сабақ көмегімен не түзетуге болады

А. Жаттығулар арқылы

В. Аграфия.

С. Көп сөйлеу арқылы

Д. Көп жазу арқылы

Е. Көп жаттау арқылы.



28. Ми ауруы дегеніміз не

А. Зақымның зардабынан болған эпилепция

В. Энцефалатия

С. Невроз

Д. Эпилепциялық

Е. Церебральная астения.



8- апта.

Логопедияның мақсаты мен міндеттері.

Балалардың тілінің мүкісін түзетумен логопедтер деп аталатын педагогтар шұғылданады.

Кеңес өкіметі педагогтары, әдетте тілдің мүкістігі оқушының тіл үйреніп, оқу мен жазу бойынша сабақ өткенде оларды үлгермеуге әкеп соқтыратыны ашты. Мұнда үлгермеудің негізгі оқуға қабілетсіздікте , жаза немесе оқи білмеуден емес, ондай балаларда қалыптасқан сөздік қордың жоқтығында. Сондықтан қазір сөз проблемасына зор маңыз берілуде. Бұл күнге дейін сөз (тіл) мүкістігі мәселесі бойынша дүниежүзілік 15 конгрестің өтуі де тегін болмаса керек.

Тіл мүкісі бар балалар қалай жіктеледі? Олардың бірнеше түрі болады. Кейбір балалардың тілі жөнді шықпайды. Қайсыбір ұл бала немесе қыз бала сырттай сөз ауытқуын білдірмегендігімен, оларда сөйлеу мәнерлілігі болмайды. Жазуға, оқуға келгенде оларды қиналып орындайды.

Енді бір балаларды алалия деп атайды және бұларды арнаулы мектептерде оқуға алады. Ал балалардың тағы бір шағын тобы кекештер. Олардың дарынды, күшті дамығандары да болды, бірақ адамдармен сөйлесу арқылы қарым- қатынасы ұдайы бұзыла береді. Ол- жеке адам басындағы қасірет болғанымен, бұл күндері ондай ақау, кемістіктерді жоя аламыз. Мәселен, кекештікті тоқтатып, қойғыза алатын оқудың жүйесі жасалған. Бірақ, өкінішке орай, тәжірибе жүзінде істелген жұмыстар әлі де аз.

Қимыл- қозғалысы бұзылған балалардың да тобы бар. Алайда баланың қимыл өрісі ұзақ уақыт бойы ескерілмей келді. Тиянақты түрде жүргізілген зерттеу жұмыстарынан

Кейін қимыл өрістің бала тілінің және танымдық мүмкіндіктерінің дамуы үшін орасан зор қызмет атқаратынына көзіміз жетті. Ол ол ма. Тіпті мүлде елеусіз деген қимылдың өзі де баланың танымдық қызметіне күшті әсер етеді екен. Ал қимылдың бұзылуы бұлардан әлдеқайда көзге түсерлік жағдайда бала арнаулы мектепке баратын болады да, көпшілігі жалпыға бірдей мекутепте қалады.

Кеңес өкіметі дефектология болмашы деп саналатын ақау- кемшілікке де ерекше маңыз беріп, әр тұрғыдан зерттеуде. Керең мен мылқаулардың көруі және бірдеңені түсінуі онша қиын және бірдеңені аңғарып, байқауы да қиын. Сондықтан біз жалпы мектепте, педагогикаға қоян- қолтық арласа жақын болуға тырысамыз. Мұғалімдерге, тәрбиешілерге жақсы да, қанағаттанарлық дәрежеде білім берілуін аса қажет деп есептейміз. Өйткені арнайы оқитын, үйретуді қажет деп есептейміз. Өйткені арнайы оқитын, үйретуді қажет еститіндердің көпшілігі бала бақшаларында, мектептерде болды.


Үй тапсырмасы: Сөйлеу ақаулығының схемасын сызу.


8- апта.3 балл.

Баланың түрлі кемістікке ұшырау себептері.

Балалардың сәйкес бұзылуларын 3 топқа бөлінеді :

Алғашқысына екі психофизикалық бұзылулары бар және әрқайсысы дамудың аномалиясын шақыратын бұзылулар жатады. Мысалы: көрмейтін, естімейтін балалар ақыл-ой дамуы артта қалған және психофизикалық дамуы тоқтаған, нашар еститіндер.

Екіншісіне – бір маңызды психофизикалық дамуы бар және оған басқа бір бұзылу әсер ететін төменгі сатыдағы бұзылыстар жаталы : естуі нашарлау және ақыл-ойы дамымай қалған балалар. Бұл жағдайды” күрделенген кеміс” деп атайды.

Үшінші топқа үш немесе одан да көп бұзылуы бар балалар жатады. Ол бұзылулардың әрқайсысы әртүрлі сатыда болғанымен бала дамуының нашарлауына елеулі әсер етеді.

Күрделі ауытқу дамуындағы балалар арнаулы оқу орындарында орта есеппен 40 пайызды құрайды. Мұндай балаларға педагогикалық тұрғыдан көмек көрсету жақын уақытқа дейін мүмкін болмады. Соңғы он жылдықта бұл маңызды мәселеге айналды.

Мамандардың басты мәселесінің бірі –күрделі кемістікті алда-ала зерттеу. Күрделі ауытқу дамуындағы балалар көп жағдайда арнаулы оқытуларға кеш барады. Мұндай жағдайдан сақтыққан ата-аналар көбінесе медиктерден көмек сұрайды, педагог- мамандарға бара бермейді.

Арнайы педагог-мамандардан уақытылы көмек сұрау керек. Алайда барлық педагого-мамандардан сұрау барлық кезде бірдей жеміс бере бермейді. Арнаулы институттардың (РАО) педагогтары бұл мәселемен жақсы хабардар және шебер.

ІІ. Күрделі дефектке ие бала дамуының психолого-педагогикалық міндеттері.

Екі немесе одан да көп тума бұзылыстар баланың сыртқы ортамен байланысына әсер етеді. Бала өз жағдайының басқа балалардан төмен екенін сезінеді. Бұл баланың психикасына әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай әсер баланың танымдық қабілетін арттыруға жеткіліксіз болғанда шиеленісе түседі.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша екі немесе одан да көп кемістігі бар балалар күрделі бұзылу құрылысы болып табылады және мұндай жағдай психо-педагогикалық тұрғыдан көп көңіл бөлуді талап етеді.

Ақыл-ойы дамымай қалған балаларға қарағанда көрмейтін, естімейтін балалар белгілі дәрежеде ақыл-ой дамуының мүмкіншілігіне ие болады.

Егер алуан түрлі екі күрделі тума бұзылулар болған жағдайда көру, есту мүмкіндіктері қолданысқа түсе аламайды. Оның да бір жолы болуы керек.

ІІІ. Күрделі дефекттері бар адамдардың дамуы мен қалыптасуының психолого-педагогикалық негіздері.


Үй тапсырмасы.1.1- 2- 3- топтардың ерекшеліктерін анықтау.

Т е с т

1. Тілдік дамуды ксеру кезінде дамудың мына түрлері анықталады.

А. ауызекі байланыстырып сөйлеу, сөздік қоры, тілдік грамматикалық сауаттылық, дыбыстарды фонетикалық қабылдау мен бцындық құрылымы.

В. Ауызекі байланыстырып сөйлеу

С.сөздік қоры

Д. Тілдік ауызекі грамматикалық сауаттылық

Е. Көрген нәрсені дәл қабылдай алмау.



2 Адамның өзінің жеке басына тән қасиеттерін жоғалтуы

А. .Шизофренияға ұшыраған кездегі бірінші болып көзге түсуі

В.Мен өмір сүріп жүрмін, біраз мен ұйықтап жүрген сияқтымын

С. Эмоция- жігер сферасының өзіне тән өзгеруі

Д. Мінезінде ұстама ауру белгілері бар балабар

Е. Ақыл- ойы кем балалар.



3. Комплексті тексеру

А. Есту, ойлау, санау

В. Есту, сөйлеу

С. қабылдау

Д. Тексеру.

Е.санау


4.Мүгедектіктің 1 сатысы.

А.дамуында елеулі кемшіліктер бар, травмалық дефектілі кемшілігі бар.

В. Сөйлей алмау кемістігі

С.жұре алмау

Д. Көрмеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет