Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада заң шығару, оны орындауда, т с. с теңдік болады



Дата19.02.2023
өлшемі6,55 Kb.
#169371
Байланысты:
Документ билет9


1.“Демократия” – сөзі гректің “демос” – халық және “кратос” – билік деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді.Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады.
Тоталитаризм (лат totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитаризм-әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, бір идиология үстемдік етеді. Мұндай тәртіпте өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. теріс бақыланады. Азаматтардың, конституциалық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, құғын сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақылау орнайды.
2.Ұлы Жібек жолы – елдер мен алықтардың қатынасын нығайтқан, түрлі мәдениеттерді бір-бірімен жақындатқан, Қазақстан жеріндегі қала мәдениетіне ықпалын тигізген байланыс жолы болды. Бұл түрлі бағыттағы керуен жолы еді. Б.з.б. ІІ ғасырда Қытай жерінен басталып, Жерорта теңізіне қарай шыққан. Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен. Жетісу өңірі – Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын, ал Оңтүстік Қазақстан аймағы – Батысқа шығатын қақпаларының бірі болған. Бүкіл Еуразияға осы бағытпен білім мен технологиялар, мәдениет пен дін, тауар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат тарады. Басты тауарлары жібек, араб арғымақтары, нефрит т.б. асыл тастар мен фарфор еді. Сауда дамыған сайын өнім өндіру тәсілдері артып, елдер ара- сында өтімді тауарлар: шарап, жоңышқа, кептірілген жеміс, кілем, тұрмыстық бұйымдар ағыла бастады
3.Көшпенділер — көшіп-қонып тіршілік ететін, негізгі кәсібі – мал-шаруашылығы болып табылатын халықтар.Қaзaқ хaлқының дәстүрлi мәдeниeтiнiң дiңгeгi, ұлттың тaрихи өзiндiк сaнaсының өзeгi – көшпeндiлiк құбылысы.Көшпeлi хaлықтaрдың мәдeниeтi отырықшы eлдeрдiң мәдeниeтiн жaлғaстырушы, Шығыс пeн Бaтысты түйiстiрушi рөлдi aтқaрды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет