Дене мәдениеті тарихы мен олимпиадалық білім пәні бойынша



Pdf көрінісі
бет22/57
Дата20.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#104218
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
Байланысты:
esmagambetov

Негізгі әдебиеттер

[1,2]

 

 

№ 11 Лекция тақырыбы: XІX  ғасырдың  жартысындағы 

Ресейдегі дене мәдениеті тарихы.  

Лекция жоспары: 

1.  Дене  тәрбиесінің  идеялық-теорилық  және  ғылыми 

негіздерінің дамуы. 

2. Дене мәдениетінің физиологиялық негіздері. 

 

XІX  ғ.  ІІ  жартысының  басында  феодалдық  жүйе  саяси, 



экономикалық  және  саяси  терең  дағдарысты  басынан  кешті. 

Қырым  соғысында  (1853-1856)  жеңілген  Ресей  крепостнойлық 

жүйесінің  артта  қалғанын  анық  көрді.  Сол  себептен  үкімет 

амалсыздан  бірнеше  реформаны  қабылдауға  мәжбүр  болды. 

Крепостниктік құқық (1861) жойылғаннан кейін және земстволық 

әскери  мектеп  реформаларын  қабылдағаннан  кейін  (1860-1880) 

капитализм тез қадаммен дамыды. Лениннің айтуы бойынша бұл 

реформалар  буржуазиялық  сипатта  болып,  одан  помещиктер, 

капиталистер  және  кулактар  өздеріне  көп  пайда  тигізді. 



 

48 


Капитализмнің  дамуының  нәтижесінде  екі  негізгі  қоғамдық  тап 

пайда  болды.  Буржуазия    және  прилитариат,  олардың  арасында 

экономикалық,  саяси  және  идеологиялық  таптық  күрес  жүрді. 

Патша  үкіметі  мен  буржуазия  кез-келген  әдістерді  пайдаланып, 

жастарды  бұл  көтеріліске  қатыстыртпады.  Елде  буржуазиялық 

жүйедегі  дене  тәрбиесі  мен  спорт  құрылды,  және  оның 

идеологиялық,  әдістемелік  және  білімділік  бағыттары  дамыды. 

Патша  мен  буржуазия  бұл  жүйені  өздерінің  пайдасына 

пайдаланды,  ол  жүйе  буржуазиялық  мәдениетке  енді.  Сонымен 

қатар  осы  уақытта  орыстың  ұлттық  мәдениетінде  революциялық 

идеялар  да  дамыды,  бұл  идеялар  халық  үшін  дене  тәрбиесі  мен 

спортты дамытуға бағытталды. 

XІX  ғ.  ІІ  жартысында  дене  тәрбиесінің  терең  дамуына 

философиялық,  педагогикалық  және  ғылыми  әдебиеттер  көп 

көңіл  бөлді.  Әсіресе,  көп  еңбек  сіңіргендер  –  орыстың 

революциянер-демократтары 

Н.Г.Чернышевский  (1828-1889) 

және Н.Л.Добролюбов (1836-1861) өздерінің философиялық және 

педогогикалық  еңбектерінде  адам  организмі  мен  психикасының 

бір екендігін дәлелдеді. Чернышевский мен Добролюбов Ресейдің 

ресми  педагогикасы  мен  тәрбие  жүйесін  қатты  сынады. 

Революциянер  демократтар  тәрбиенің  негізгі  мақсаты,  ол  жаңа 

адамды,  күресші  революционерді,  Отанының  нағыз  патриотын 

дайындайды 

деді. 

Осындай 


адамның 

бейнесін 

Н.Г. 

Чернышевский өзінің «Что делать?»романында Рахметов бейнесі 



арқылы көрсеткен. Рахметов дене тәрбиесінен күш жинау үшін ол 

гимнастикамен  қатты  шұғылданған,  спартандық  өмір  сүрген. 

Мысалы,  жұмсақ  жерде  жатпай,  қатты  жерге  жатқан. 

Чернышевский  мен  Добролюбов  адамның    жан-жақты  өсуі 

ақылмен  эстетикалық  және  дене  тәрбиесіне  байланысты  деп 

ойлаған.  Дене  тәрбиесінің  гигиеналық  жаттығуларын  айта 

отырып,  олар  халықтық  жаттығуларды,  қозғалмалы  ойындарды, 

серуендер өткізуді жақтаған. Дене тәрбиесінің негізгі әдсі – еңбек 

деп  ойлаған.  Олар  халықтық  жаттығуларды  жақтай  отырып, 

көптеген  адамдарды  сынға  тартты.  Себебі,  олар  шет  елдеріне 

еліктеп  ресейде  гимнастикаға  жаңа  әдістер  кіргізбек  болған. 

Чернышевский 

мен 

Добролюбовтың 



революциялық-

демократиялық 

және 

педагогикалық 



көзқарастары 

дене 


тәрбиесінің    дамуына  зор  үлес  қосты.  Сонымен  қатар  дене 


 

49 


тәрбиесінің    дамуына,  оқытуына  зор  үлес  қосқан  К.Д.Ушинский 

(1824-1870). 

Оның  негізгі  принципі  –  халықтық  және 

үйілесімділік  адам  өз  еңбегінің  басты  тұлғасы.  Ушинский 

мұғалімнің  іс-әрекетіне  толық  мағлұмат  берді,  оқушылардың 

жасына,  олардың  көзқарастарына  көңіл  бөлу  керек  екендігін, 

мұғалімге  физиология  және  психология  кітаптарын  көп  оқу 

керектігін 

айтты. 

Ушинский 

халықтық 

жаттығулардың 

жақтаушысы  болды.  Оның  айтуынша  халықтық  жаттығулар  мен 

дене  жаттығулары  дене  тәрбиесінің  дамуына  үлес  қосады. 

Әсіресе,  ол  халықтық  ойындарды  жақтады.  Сонымен  қатар, 

Ушинский  гимнастикаға  көп  көңіл  аударды.  Оның  айтуынша, 

гимнастика  адам денесінің бітімін дамытуға көп көмектеседі деп 

түйіндеді. Дегенмен Ушинскийдің көзқарастарында да қателіктер 

болды.  Ол  дене  тәрбиесінің  сұрақтарына  жауапты  биологиялық 

тұрғыдан  қарады.  Бірақ  оның  педагогикалық  көзқарастары  да 

болды. Дене тәрбиесінің теориясына көп еңбек сіңірген  орыстың 

ұлы 


сыншыл-публицисі 

Д.И.Писарьев 

(1840-1868) 

өз 


еңбектерінде  оқушылармен  дене  тәрбиесінің  жаттығуларын 

жүргізуіне  көп  көңіл  бөлген.  Оның  айтуынша,  дене  тәрбиесі 

алдымен  денсаулыққа  және  денені  шынықтыруға  көмектеседі 

деді.  Орыстың ұлы жазушысы және ойшылы  Л.Н.Толстой (1828-

1910) педагогикаға үлкен  мұра  қалдырған.  Өз  кезіндегі  әдістерге 

қарсы  болған,  Толстой  өзінің  жеке  шығарған  теориясын  «еркін 

тәрбие», 

яғни 


ақылды, 

дарынды 


оқушыларға 

арнаған. 

Оқушыларды  бұл  теория  шындыққа,  адамгершілікке  тәрбелейді 

деді. Толстой ашқан ясно-поляна мектебінің ішінде гимнастикаға 

арналған  құрал  мен  «Еркін  тәрбие»  теориясына  байланысты 

ешкім  де  дене  тәрбиесі  сабағын  жүргізген  жоқ.  Әр  бала  өзінше 

дайындалады.  Бұл  жағдайда  Л.Н.Тостой    өзінің  ұзақ  өмірінде 

тәжірибеден  өткен  денсаулық  кодексін  ойластырған.  Көптеген 

жаттығулар  мен  ойындардың  адам  денсаулығына  керектігін 

түсінді.  Л.Н.Тостой  халыққа  гигиенаның,  денені  шынықтыруды 

және  дене  тәрбиесімен  шұғылдану  керек  деп  уағыздады.  Оның 

ұсынысымен  Е.Н.Покровский  «Балалардың  алғашқы  дене 

тәрбиесі»  және  әйгілі  «Балаларды  күту»  кітапшасын  жазған. 

Сонымен  қатар  дене  тәрбиесіне  көп  еңбекті  орыстың  медицина  

және  физиология  ғалымдарына  еңбегін  сіңірген,  орыстың  әйгілі 

ғалымы,  дәрігері,  педагогы  және  қоғам  қайраткері  Н.И.Пирогов 




 

50 


(1810-1881  ж.ж.)  адамның  денесі  өзінің  функцияларына  тәуелді 

деген  теорияны  жазған.  Атақты  орыс  физиологы  И.И.Сеченов 

(1829-1905) әлем бойынша алғашқы болып орталық жүйке жүйесі 

мен  бұлшық  еттердің  қозғалысындағы  қатынасын  дәлелдеді.  Өз 

еңбегінде  ол  әдемі  суретпен  сипатталған  сөздерді  жазған:  «Бала 

ойыншықты  көргенде  күледі,  қыз  балаға  махаббат  туралы  ой 

келгенде  тітіркенеді.  Ньютон  заң  шығарғанда  қағазға  жазады  – 

осылардың 

барлық 

істері 


бұлшық 

еттің 


қозғалысына 

байланысты»  деген.  Сеченовтың  еңбектері  дене  тәрбиесі 

жаттығуларының  негізін  қалады.  И.И.Сеченовтың  еңбектерін  әрі 

қарай  дамытып  жалғастырған  И.П.Павлов  (1849-1936)  өз 

еңбектерінде  рефлекске  көп  көңіл  аударған.  Ғылымға  еңбек 

сіңірген  орыстың  гигиена  дәрігерлері  Е.А.Покровский  (1834-

1895)  және  Деменьтев  (1850-1918)  дене  тәрбиесініің  теориясы 

мен  және  әдістері  туралы  бай  әдебиеттер  қалдырды.  Бұл 

мәселелер  бойынша  Покровский  70  еңбек  жазған.  Мұнда  оның 

еңбегі «Ресейдегі әр ұлт оқушыларының дене тәрбиесі» т.с.с.  Ол 

көптеген мақалаларды  жазған,  өзі  редактор болған. Деменьтевтің 

өзінің  қызықты  жұмысы  «гимнастика  немесе  ойындар» 

диссертациясы  «Адамның  бұлшық  еттерінің  дамуы»  және  т.б. 

Покровский  мен  Деменьтев  халықтық  білім  мен  тәрбиені 

жақтаушылар.  Дене  тәрбиесінің  маңызды  белгілері  халықтық 

ойында, жүру, жүгіру және күрес деп гигиена дәрігерлері ойлаған. 

Покровский  дене  тәрбиесінде  шаңғы  тебуді  жөн  көрді  және  бұл 

жаттығулардың  барлығы  да  жасына  сәйкес  өтуі  керек  деді. 

Покровский  мен  Деменьтев  гимнастика  сабағында  кіші  сынып 

оқушыларының  құрал-жабдықтарды    қолдануына  қарсы  болды. 

Тек  жоғары  сынып  оқушылары  ғана  қолдану  керек  деп  ойлады. 

Бұның  барлығы  жоғары  сапалы  мұғалімнің  жоқтығымен 

түсіндіріледі. Покровский мен Деменьтев адамның денсаулығына 

байланысты, дене тәрбиесінің жаттығуларына байланысты, жүйке 

жүйесі мен қан айналымы жүйесіне байланысты көптеген ілімдер 

мен әдістерді дамытты. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет