Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг қҰҚЫҚ негіздерімен кафедрасы



Дата18.02.2017
өлшемі274,25 Kb.
#10131

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ

МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕН ФАРМАЦИЯДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІМЕН КАФЕДРАСЫ

ДӘРІС САБАҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ





ДӘРІС САБАҒЫНА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


КУРС: 4
ПӘН: «Басқарушылық шешімдерді жасау»


ҚҰРАСТЫРУШЫ: аға оқытушы Оразбаева Д.Б.

Алматы, 2011
Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқауы «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент және маркетинг құқық негіздерімен» кафедрасында қарастырылып, бекітілді. Хаттама № «____»__________2011ж.

Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к. Жаксығұлова Г.К.



1 Тақырып: Басқару үрдісінің әдістемесі мен ұйымдастыруындағы шешімдер.
Мақсаты: Басқару үрдісінің әдістемесін меңгеру мен ұйымдастыруындағы шешімдерді қалыптастыру.

Дәріс жоспары

1 Басқару шешімінің мәні мен мазмұны

2 Басқару шешімдерінің типологиясы мен оларға қойылатын талаптар

3 Басқаруды ұйымдастыру шешімді қалыптастыру жүйесі ретінде



Дәріс тезистері

I. Шешім қабылдау - ақпарат алмасу сияқты кез- келген басқару қызметінің құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасуы мен сол мақсатқа жетуіндегі іс - қимылын түгелдей қамтиды.

Адамдардың шешім қабылдау қабілеті де бірте - бірте тәжірибе жүзінде

дамиды. Біздің әрқайсысымыз күніне 100-деген, ал өмір бойына 1000- даған шешімдер қабылдаймыз.

Жеке өмірдегі шешім қабылдағанға қарағанда, басқарудағы шешім қабылдау, өте қатаң жүйленген процесс. Басқару шешімдері жетекші қабылдаған шешімдер арқылы жұмыс жасайтын адамдардың өміріне ықпал етуі мүмкін. Маңызды шешімді қабылдаудағы жауапкершілік басшыға ауыртпалығын әкеледі. Сондықтан басшылар ойланып қарастырылмаған шешімдерді қабылдай алмайды.




  1. Ұйымдық шешімдер дегеніміз - лауазымды адамдардың өздеріне берілген міндетті орындау үшін тыңдай білу қабілетінің болуы. Оның мақсаты ұйымдық алдына тұрған мәселелер қозғалысын қамтамасыз ету. Сондықтан да тиімді ұйымдық шешім деп қабылданған және орындалған мақсатты айтуға болады.


Ұйымдық шешімдерді 2 түрге бөлуге болады.
1. Бағдарланған.

2. Бағдарланбаған.
1). Бағдарланған шешім - іс- қимылдың белгілі - бір айқын қисынға ( логика) сәйкес, нәтижелі түрде жүзеге асырылады.

2). Бағдарланбаған шешім - мұндай шешімдер белгісіз факторлармен ілесе жүретін анықталған өлшемде жаңа болатын жағдайда талап етеді. Сол себепті қажетті қадамдардың нақтылы реттілігін алдын-ала құру мүмкін емес.

Бағдарланған шешімдер қатарына мына типтегі шешімдер жатады: үй мақсаттары қандай, өнімді қалай жақсартуға болады, бөлімнің құрылымын қалай жетілдіру қажет бағыныштарды қалай ынталандыру керек.

Көрнекілік: презентация

Әдебиеттер:

1. Беспалов В.А. Наука и исскуство принятия управленческих решений. Киев:Высшая школа, 1995

2. Иванов А.И., Малявина А.В. Разработка управленческих решений: Учебное пособие. М.:МАЭП, 2000

3. Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е. Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005


Бақылау сұрақтары

1 Басқару шешімінің мәні неде?

2 Басқару шешімдеріне қандай талаптар қойылады?

2 Тақырып: Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру технологиясы.
Мақсаты: Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру технологиясын меңгеру

Дәріс жоспары

1 Басқару шешімдерін мақсатқа бағыттау

2 Басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру үрдісі

3 Басқару шешімдерін жасау үрдісіне қажетті әкімшілік іс-шаралар

4 Басқару шешімдерін орындауды ұйымдастыру процедурасының ерекшеліктері

5 БШДЖА кезіндегі адам факторының ролі, әлеуметтік-психологиялық және этикалық негіздері


Дәріс тезистері

1). Шешім мәселесінің ауқымдылығы жағынан басқару шешімінің жалпы және жеке түрлері болып көрсетіледі. Жалпы шешімдерге жататындар тұтас алғанда бүкіл шаруашылығына қатысты шешімдер.

Жеке шешімдерге жататындар өндірістің жекелегген жақтары, қызметтің жекеленген топтарын қамтитын шешімдер.

Жалпы және жеке басқарушылық шешімінің арасында тығыз байланыс бар. Жеке шешімдер жалпы басқарушылық шешімдерді нақтылаудаң және олардың орындаушыларға жеткізудің тәсілі болып қызмет етеді.

2). Шешімнің жүзеге асырылуы ұзақтығы жөнінен шешімнің мынандай түрлері бар.

а).ұзақ мерзімді ( перспективалық). Шешімдер жүзеге асырылуы бірнеше жылдарды керек ететін шешімдер жатады.

б).орташа мерзімді ( ағымдағы) шешімдер бір жыл ішінде жүзеге асырылады және өндірілген циклімен байланысты болады.

г) қысқа мерзімді ( оперативті ) шешімдер мәселесінің неғұрлым шағын тобын қамтиды, өздерінің сипаты жағынан көбінесе жеке шешімдер болады.
Ықпал ету объектісі жөнінен:

- сыртқы;



- ішкі шешімдер деп бөлуге болады.

Сыртқы шешімдер – белгілі - бір шаруашылық басқа кәсіпорынмен қарым-қатынасы қамтиды.

Ішкі шешімдер - шаруашылықтың өз өмірінің түрлі жақтарын қамтмды.
Функцияның сипаты жөнінен:

- экономикалық;

- технологиялық;

- қаржылық;

- әкімшілік шешімдер болып табылады.
Экономикалық шешімдер - жоспарлардың, нормалар мен нормативтердің, еңбекке ақы төлеудің бүкіл жүйесін жасаумен, бағамен, өнімді өткізу және табыстарды бөлумен байланысты.

Технологиялық шешім - өндіріс процесін ұйымдастыру мәселесіне қатысты. Бұл шешімдердің әрбір салада тиімді технологияны таңдап алуда, жұмыстарды материалдық - технологиялық жағынан қамтамасыз етуді белгілеп береді.

Қаржылық шешім - жоспарлық және есеп беру қаржы балансынан белгілеп, бекітуге, несиелер алып, оларды өтеуге бағытталған. Бұл шешімге ақшалай есеп айырысудың бүкіл жүйесі жөніндегі шешімдер жатады.

Әкімшілік шешім – басқару аппаратының жұмысына қатысты болады және қызмет бабындағы адамдардың, бөлімшелерінің, құқықтар мен міндеттерін реттеп отыруға, олардың жұмыс істеуімен өзара қарым - қатынасының тәртібін белгілеуге бағытталған.



4. Шешім қабылдау- азды - көпті ұзақ процес. Бұл процес бірнеше сатылардан тұрады.

    1. Әзірлік саты- жағдайында жалпы сипаттама берумен және оны бағалаумен, мақсатты айқындап алу, шешім қабылдау үшін қажетті бүкіл ақпараттармен танысу және шешімдердің болуы мүмкін варианттармен белгілеумен байланысты.

б. Негізгі саты- шешімнің түрлі варианттарын өзара салыстыра отырып, олардың ішінен керектісін таңдап алу және оны құжат түрінде тұжырымдау үшін қажет.

г. Қорытынды саты- шешімді орындаушыларға жеткізу жөніндегі жұмыстар, шешімнің орындалуын ұйымдастыру, шешімнің орындалу барысын бақылау және қорытындыларын шығару.

Көрнекілік: презентация

Әдебиеттер:

1. Беспалов В.А. Наука и исскуство принятия управленческих решений. Киев:Высшая школа, 1995

2. Иванов А.И., Малявина А.В. Разработка управленческих решений: Учебное пособие. М.:МАЭП, 2000

3. Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е. Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005



Бақылау

1 Басқару шешімдерін мақсатқа бағыттау қалай жүзеге асады?

2 Басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру үрдісі қандай этаптардан тұрады?

3 Басқару шешімдерін орындауды ұйымдастыру процедурасының ерекшеліктері қандай?


3 тақырып. Басқару шешімдерін белгісіздік пен тәуекел жағдайларында жасау

Мақсаты: Басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асырудың белгісіздік және тәуекел жағдайларындағы тәсілдерін зерделеу

Дәріс жоспары

1 Сыртқы ортаны талдау және оның басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруға әсері

2 Басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асырудың белгісіздік және тәуекел жағдайларындағы тәсілдері

Дәріс тезистері

Капиталдың құрылымында болған өзгерістерді бағалау инвесторлар позициясынан қарағанда және кәсіпорын позициясынан қарағанда әртүрлі болуы мүмкін. Банктер және басқа да инвесторлар үшін клиенттердің меншікті капиталының үлесі жоғарырақ болған жағдай сенімдірек. Бұл қаржылық тәуекелдікті болдыртпайды. Кәсіпорындар ше, әдеттегідей, қарызға алынған қаражаттарды тартуға қызуғышылық білдіреді. Кәсіпорынның экономикалық пайдалылығына (рентабельділігіне) қарағанда азырақ пайызбен қарызға қаражаттарды алып, өндірісті кеңейтуге, меншікті капиталдың табыстылығын көтеруге болады. Әртүрлі салаларда қарызға алынған және меншікті қаражаттардың қатынас нормативтері қалыптасқан. Капиталдың айналымдылығы төменірек салаларда қаржылық тұтқаның иығы 0,5-тен аспауы тиіс. Капиталдың айналымдылығы жоғары болатын басқа салаларда коэффициент 1-ден жоғары болуы мүмкін.

Қаржылық жағдайының ішкі талдауын жүргізген кезде меншікті және қарызға алынған капиталдың динамикасын және құрылымын зерделеу қажет, оның жеке қосалтқыштарының өзгеріс себептерін айқындау керек және есеп беру кезеңінде бұл өзгерістерге баға беру керек.

Кәсіпорын айналымына қарызға алынған қаражаттарды тарту – бұл қалыпты құбылыс. Бұл қаражаттар айналымда ұзақ мерзімге тоқтап қалуы орын алмаған жағдайда қаржылық жағдайдың белгілі бір уақыт аралығы үшін жақсаруына жәрдемдеседі. Егер қаражаттар ұзақ мерзім бойы тоқтатып қойылса және уақытында қайтарылмаса, онда мерзімі өтіп кеткен кредиторлық берешек пайда болуы мүмкін, ал бұл айыппұлдардың, санкциялардың төленуіне және қаржылық жағдайдың нашарлауына әкеледі.

Яғни, қарызға алынған капиталдың санаға сай келетін мөлшері кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуы мүмкін, ал аса көп мөлшері – нашарлатуы мүмкін.

Сондықтан, талдау барысында кредиторлық берешектің құрамын, пайда болу мерзімін, ресурстар жеткізушілеріне, еңбекке ақы төлеу бойынша кәсіпорын персоналына, бюджетке, бюджеттен тыс қорларға мерзімі өткен берешектің бар болуын, тазалығын және пайда болу себептерін зерделеп, төлемдердің мерзімін өткізіп алғаны үшін төленген санкциялардың сомасын анықтағаны жөн.

Ұзақ мерзімді қарызға алынған капиталды талдаған кезде ұзақ мерзімді несиелердіңталап ету мерзімдеріне көңіл бөлген дұрыс, себебі бұдан КҚЖ-ның тұрақтылығы тәуелді болады.

Кредиторлық берешекті талдаған кезде ол сонымен қатар дебиторлық берешекті жабудың көзі болып табылатынын ұмытпау керек. Сондықтан талдау барысында дебиторлық және кредиторлық берешектердің сомаларын салыстыру керек. Егер біріншісі екіншісінен асса, онда бұл меншікті капиталдың дебиторлық берешекке қайта қозғалуын (иммобилизациясын) білдіреді.

Сөйтіп, меншікті және қарызға алынған қаражаттарды талдау кәсіпорын қызметін қаржыландыру көздерінің қалыптасу рационалдылығын және оның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін керек. Бұл, біріншіден, қаржылық тәукелдік дәрежесін зерделеген кезде ақпараттың сыртқы тұтынушыларына (мысалы, банктерге және ресурстардың басқа да жеткізушілеріне) және, екіншіден, қаржыларды ұйымдастырудың болашақ нұсқасын анықтаған кезде және қаржылық стратегияны жасап шығарған кезде кәсіпорынның өзі үшін де маңызы өте зор.

Қаржылық талдау мақсаттарының бірі – кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржылық қаражаттарының қалыптасу және пайдалану үрдісін бейнелейтін көрсеткіштердің жиынтығымен сипатталатындығынан, нарықтық экономикада ол кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелерін бейнелейді. Қаржылық талдау – кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің, сонымен қатар, оның серіктермен, қаржылық-несиелік жүйемен, салық органдарымен және т.б. экономикалық өзара байланыстарының міндетті элементі болып табылады. Сөйтіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау өте маңызды екенін көруге болады. Және бұл мәселе біздің елімізде дамыған нарықтық экономикаға көшу жағдайында ең актуалды мәселелердің бірі болып келеді.



Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының запасын (қауіпсіздік аймағын) бағалау.

КҚЖ-н талдаған кезде оның қаржылық тұрақтылығының запасын (қауіпсіздік аймағын) білу керек. Бұл мақсатпен кәсіпорынның барлық шығындарын өнімді өндіру және сатып өткізу көлеміне байланысты екі топқа бөлу қажет: тұрақты және айнымалы.

Айнымалы шығындар өнімнің өндіріс көлеміне пропорционалды көбейеді немесе азаяды. Бұл – шикізат, материалдар, энергия, отын, еңбекке ақы төлеудің кесімді нысаны бойынша жұмыскерлердің жалақысы, жалақыдан және түсімнен төлемдер мен салықтар және т.с.с. шығындары. Тұрақты шығындар өнімнің өндіру және сатып өткізу көлеміне тәуелді болмайды. Оларға – негізгі қорлардың және материалдық емес активтердің амортизациясы, банк несиелері үшін төленген пайыздар сомасы, жалгерлік төлем, өндірісті басқару мен ұйымдастыруға кететін шығындар, мерзімді ақы төлеу бойынша кәсіпорын персоналының жалақысы және т.б. жатады.

Тұрақты шығындар пайдамен қоса кәсіпорынның маржиналдық табысын құрайды. Шығындарды тұрақты мен айнымалы шығындарға бөлу және маржиналдық табыс көрсеткішін пайдалану пайдалылық (рентабельділік) табалдырығын, яғни кәсіпорынның барлық тұрақты шығындарын өтеуге қажетті түсім сомасын есептеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда пайда болмайды. Бұндай түсім кезіндегі пайдалылық (рентабельділік) нөлге тең болады.

Пайдалылық (рентабельділік) табалдырығы келесі формула арқылы есептеледі:
Пайдалылық табалдырығы = (Сатып өткізілген өнімнің өзіндік құнындағы тұрақты шығндары) / (Түсімдегі маржиналдық табыстың үлесі).
Егер пайдалылық (рентабельділік) табалдырығы белгілі болса, онда қаржылық тұрақтылық запасын (ҚТЗ) есептеу қиынға түспейді:
ҚТЗ = ((Түсім – Пайдалылық (рентабельділік) табалдырығы) × 100%) / (Түсім).
Соңында талдаудың барлық нәтижелерін жалпылау керек және КҚЖ-на дәлірек диагноз және болашаққа болжау жасау керек. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартатын нақты шараларды жасап шығару керек. Ең алдымен, бұл – өнімді өндіру мен сатып өткізуді ұлғайтуға, оның сапасын және бәсеке қабілеттілігін жоғарылатуға, өзіндік құнын төмендетуге, пайда мен пайдалылықты (рентабельділікті) өсіртуге, капиталдың айналымдылығын жеделдетуге және кәсіпорынның өндірістік потенциалын толығырақ және тиімдірек пайдалануға бағытталған шаралар.

Көрнекілік: презентация

Әдебиеттер:

1. Беспалов В.А. Наука и исскуство принятия управленческих решений. Киев:Высшая школа, 1995

2. Иванов А.И., Малявина А.В. Разработка управленческих решений: Учебное пособие. М.:МАЭП, 2000

3. Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е. Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005



Бақылау

1 Сыртқы орта басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруға әсері қандай?

2 Басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асырудағы белгісіздік және тәуекел қалай анықталады?

4 Тақырып. Басқару шешімдерін жасау мен таңдаудың модельдері және әдістері.
Мақсаты: Басқару шешімдерін жасау мен таңдаудың модельдері және әдістерін меңгеру

Дәріс жоспары

1 Шешімді жасау мен таңдау үрдісін модельдеу

2 Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру әдістері
Дәріс тезистері

Басқару әдістері дегеніміз-басқару процеснің маңызды элементі. Басқару әдістері ұжымдар қызметі жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс.

Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану еңбекпен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды олар барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.

Басқару әдісін 2 үлкен топқа бөлуге болады.

а) бүкіл басқару жүйесіне жататындар .

б) басқару жүйесін жекелеген бөліктеріне жататындар.
Басқарудың жалпы әдісіне мыналар жатады:

а) кәсіпорын , бірлстікің экономикалық аймақ деңгейіндегі жоспары басқару қызметінің нақты тәсілдері.

б) министрліктердің мемлекеттік , комитеттерінің қызмет әдістері.

в) түрлі деңгейдегі басшыдың өз қызметінде қолданатын әдістер

Нақты әдістер немесе жұмыс стилі деп аталатын бұл әдістің бәрі шағын сипатта болады, өйткені олар қайсыбір жекелеген басқару органына, қызметкерлерге қатысты.

Барлық басқару әдістері (экономикалық, ұйымдық - әкімшілік, әлеуметтік - психологиялық) бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен бірге әдістер әрбір тобының өзіне тән ерекшеліктері, өздерінің көріну формаларымен қолданылу шеңбері болады.


Басқару әдіс обьективті заңдар талаптарын іске асыру әдісі.
Сонымен бірге мақсатқа жету үшін әдіс жай ғана обьективті заңдар талаптарына сай келуі жеткіліксіз. Осы талаптарды өндіріс қызметкерлеріне ықпал ету әдістеріне айналдырудың жолдарын табу қажет. Өйткені экономикалық процестер өзінен өзі, өндіріс процесіне қатысушысының қызметінен тыс өмір сүрмейді.

Басқару әдісі орындау жүйесі арқылы іске асырылады. Басқару әдіс елеулі әдісі оны құқық жағынан рәсімдеу болып табылады. Басқаруды құқық жағынан өндіріске басшылық ету көбінесе мемлекеттік сипатта болуынан туындайды.

Халық шаруашылық дамуы қазіргі кезеңде басқару экономикалық әдістері маңызды орын алып отыр.

Басқару экономикалық әдіс мазмұны еңбек материалдық шығындарын аз жұмсай отырып, жақсы өндірістік нетижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне ықпал ету болып табылады.

Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда баға, жалақы ) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер деп түсіндіріледі.

Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты кәсіпорынның коллективіті және жекелеген қызметкерлері барынша белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайды қамтамасыз ету.

Экономиканы басқаруды түбірінен қайта құруды жүзеге асыру жағдайында өндіріс процестер реттеу мақсатында экономикалық тұтқалардың жиынтығын кеңінен пайдаланады үнемділікті (пайда, кіріс) материалдық нәтижелер деп өндірістіек қызметке баға беру басты өлшемдерінің ролін тануды, жоспар жасауда, оны тиімді іске асырудың құралдары мен әдісінтерін таңдап алуда шаруашылық бөлімшелеріне жеткілікті дәрежеде дербестік беруді көздейді.
Экономикалық әдіснің бірнеше тобын бөліп көрсетуге болады.

Олар:


  1. Шаруашылық механизмі және оның құрылымы.

  2. Әлеуметтік - экономикалық дамуды аймақтық басқару.

  3. Экономиканы дамытудағы индекативті жоспарлауды пайдалану.

  4. Мемлекеттік реттеу әдістері.

1 Шаруашылық механизмі- шаруашылықты жүргізудің қағидаларына негізделген әдісі кәсіпорындардың заңда белгіленген шеңберінде жұмыс істеу үшін жағдай жасауды білдіреді.

Шаруашылық механизмі өндіріс қатынастар жүйесі, өндіріс күштер қоғам арасындағы өзара іс қимылды көрсетеді. Ол ең алдымен өндірушілердің, тұтынушылардың және жалпы қоғамның экономикалық мүдделерін ескере отырып, әртүрлі өндіріс процесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға бет алуы іс жүзінде ең алдымен жаңа шаруашылық механизмнің енгізілуіне байланысты.

Оларға :


1. Кәсіпорынның залалсыз жұмыс істеуі

2. Пайдасы жоқ жұмыстардың тоқтатылуы.

3 Басқалармен салыстырғанда ҒТП нәтижелерін енгізетін кәсіпорындардың экономикалық айқындамаларын күшейту, яғни ҒТП енгізілуін ынталандыру.

4 Өндіруші жөнінде, тұтынушы жөнінде де экономикалық мүдде категорияларын пайдалану.



  1. Мемлекеттік арқылы қоғамның экономикалық айқындамаларын күшейту.

  2. Кәсіпорындардың нәтижелі жұмыс істейтін ұжымдарының тұрмыс деңгейін күрт көтеруге қол жеткізуге болады.

1. Әлеуметтік – экономикалық дамуды аймақтық басқару - біздің республикада жанданып, дамып келе жатқан экономикалық әдістер тобына жатады.

Аймақтық басқару келесі сатыға көтерілді. Оған дәлел жалпы еліміздегі жергілікті жерлердегі реформаларды тереңдету мәселелеріне арналған барлық деңгейдегі әкімшілік республикалық кеңесі / маусым 1996 ж /

Бұл кеңесте президент реформалардың табысты болуы оған аймақтардың белсенді қатысуына байланысты деп атап көрсетті. Аймақ әкімдерінің алдында экономикадағы ең басмы саяси міндет барынша қысқа мерзім ішінде жекешелендіруді аяқтау, өндірістегі меншікті ретке келтіру. меншіктік кәіпорындарды дағдарысын шығаруға қол жеткізе алатын , жақсы менеджментті ұйымдастыра алатын жағдай жасау керек.
2.Мемлекеттік реттеу - басқарудың экономикалық әдістеріне жатады. Нарықтық қатарды қалыптастырудыңдың алғашқы көздерінде мемлекет ол процеске әсер етуі тиісті . Оны ол өз қолындағы басқару тұтқалардың пайдалану мен іске асырады .

Тұтқалардың бір түрі баға белгілеу. Бір тұтас баға саясатынжүргізу нарықтық экономика тұсында шарт емес. Дұрыс баға белгілеу жүйесі кәсіпорындардың өнімді жаңартумен оның сапасын жақсарту және ҒТП-ті жеделдету мүдделігін күшейтуге тиіс .

Жалпы айтқанда , қандайда ел болсада оның әлеуметтік - экономикалық дамуды, нарықтық қатынастардың қалыптасуы мемлекеттік реттеусіз болмайды .

3. Экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарларды пайдалану- басқарудың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Нарықтық экономикаға жоспарлау емес деген жалған пікірлер пайда болды. Бұрынғы тотаритарлық жүйе кезінде пайдаланылған орталықтандырылған мемлекеттік жоспарлау заманы өтті.

Дүниежүзілік тәжірибеде нарықтық экономикасы дамыған елдердің барлығы жоспарлауды кеңінен пайдалануда. Әсіресе басқару жүйесінің төменгі сатысында (шағын және орта кәсіпорындарда) жоспарлау міндетті түрде енгізіледі.

Жоспарлау - жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады. Сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны , материалдық көздері, бүкіл өндірістік организімді дамыту әдістері мен формалары анықталады.

Президент - жоспарлауды басқаруда молынан пайдалануды өте қажет деп санайды .

Ұйымдық - әкімшілік әдістер


2. Кез-келген деңгейдегі экономикалық жүйенің тиімді қызметін қамтамасыз етуге ұйымдық факторлар барған сайын зор маңыз алып келеді, өйткені ойдағыдай басқару үшін іс - жүзінде үйымдастыра білу қажет .

Басқарудың - ұйымдық әкімшілік әдістер дегеніміз- өндіріс процесінде қызметкерлер арасында қалыптасатын ұйымдық қатынастарға тікелей басқарушылық ықпал жасау тәсілдері мен жолдары құралдарының жиынтығы болып табылыды

.

Ұйымдық - әкімшілік ықпал 3 бағыт бойынша жасалады.


1. Басқарылатын жүйе элементтерінің арасындағы, яғни техника, технология және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, сондай-ақ бір тұтас өндіріс және еңбек процесінде әртүрлі функциялар атқаратын қызметкерлердің еңбектегі іс-қимылдары арасындағы байланыстар мен ара-қатнастарды реттеу үшін.

2. Басқарушы жүйе ішіндегі байланыстар .



  1. Ұйымдық – әкімшілік ықпал жасаудың обьективі - басқаратын және басқарылатын кіші жүйелер арасындағы өзара іс-қимыл формалары болып табылады .

Көрнекілік: презентация

Әдебиеттер:

1. Беспалов В.А. Наука и исскуство принятия управленческих решений. Киев:Высшая школа, 1995

2. Иванов А.И., Малявина А.В. Разработка управленческих решений: Учебное пособие. М.:МАЭП, 2000

3. Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е. Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005



Бақылау

Бақылау

1 Шешімді жасау мен таңдау үрдісінің қандай модельдері бар?

2 Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асырудың қандай әдістері бар?
5 Тақырып. Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асырудың тиімділігі
Мақсаты: Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асырудың тиімділігін анықтауды меңгеру

Дәріс жоспары

1 Басқару шешімдері және басшы жауапкершілігі

2 Басқару шешімдерінің сапасы

3 Басқару шешімдерінің тиімділігі



Дәріс тезистері

Басқару шешімдерінің тиімділігін анықтау әдістерінің атқаратын роліне баға жеткіліксіз. Бұл жүйеде негізгі элемент адам.(басшы,субьект)

Басшының өндірістегі аса маңызды функциясы –шешім қабылдау, олшешімдерге жеке стильдер ықпал жасайды.

Қабылданған шешім тиімділігі олар обьективті жағдайында қаншалықты сай келетіндігіне ғана емес , сонымен қатар, олардың орындалуын ұйымдастыруға, адамдарды іріктеп алуға, бағыныштылар арасында міндеттерді бөлуге, оларға қажетті ресурстар беруге, орындалуын бақылауға байланысты .

Алайда ең жақсы шешім, ойластырып ұйымдастыру және орындаушылар еңбекте белсенділік көрсеткен жағдайда ғана тиімді болмақ. Басшы адамдар санасына , оның психикасына әсер ете отырып, адамдарды еңбекке құлшындыра алады. Міне, сондықтан кезек келген басқарушылық шешім ең алдымен адам фокторының ролін атқаруға байланысты болады.

Тауар - ақша қатынастары өндірісті техникамен жарақтануының артуы жағдайында адам факторының, орындаушының іске көзқарасынан ролі күрт күшейді. Сондықтан тәртіп орнату, тәртіптілік пен жауапкершілікке тәрбиелеу еңбек ұйымдарын басқарудағы әлеуметтік - психикалық әдістерінің құрамдас бөлігі деп қарастыруы тиіс.

Өкінішке орай, көптеген басшылар адамдары жай ғана жұмыс күші деп, яғни көздеген мақсатты емес, керісінше жоспарларды, тапсырмаларды орындау құралы деп қарайды. Басқаша айтқанда басшылар негізінен экономикалық көрсеткіштермен техникалық процестерге көп көңіл бөледі . Мұның өзі немқұрайлыққа, жұмыс істеушілердің өндіріс құрал-жабдықтарынан шектелуіне әсер соғады .

Адамдар психикасын және ұжым дамуынның әлеуметтік –психикалық заңдылықтарын ескермейінше, өз қабілетін ескермейінше, өз қабілетін толық ашу, жетісті еңбек ету және өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану мүмкін емес. Басшы маман екенін көбінесе ең ұжымын басқаруда әлеуметтік - психологиялық факторларды пайдалана білуімен анықталады.


Сондықтан осы шартты іске асыру үшін басшы:
1 Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру шарттарын

  1. Материалдық және моралдық ынталандыру жүйесін

  2. Идеялық - тәрбие жұмысын алға қояды

  3. Өндірісте демократиялық негіздердің дамытылуын

  4. Өзі қызметтік және қоғам функцияларын орындау жөнінде жеке үлгі көрсетуді біліп пайдалану қажет .

Басшының моральдық психологиялық факторларда басқару саласында әкімшілік - әміршіл жүйені қалпына келтіругеәкеліп соғады.

Басқарудың әлеуметтік – психологиялық (тәрбиелік) әдістері еңбек ұжымдарында алда тұрған міндеттерді тиімді шешуге жәрдемдесетін қолайлы және тұрақты моральдік – психологиялық жағдай жасауға бағытталған.
Оларға жататын басқарудың әлеуметтік әдістері мыналар:
- моральдық жағынан ынталандыру әдістері


      • әлеуметтік жоспарлау әдісі (нормалау ішкі тәртіпережелері, іскерлік этика ережелері)

      • тәрбиелік әдістері (насихат, иландыру)

      • әлеуметтік бастама мен жаңашылдықты жандандыру әдістері

      • қызметкерлер арасындағы ресми және бейресмиқатынастар

Көрнекілік: презентация

Әдебиеттер:

1. Беспалов В.А. Наука и исскуство принятия управленческих решений. Киев:Высшая школа, 1995

2. Иванов А.И., Малявина А.В. Разработка управленческих решений: Учебное пособие. М.:МАЭП, 2000

3. Теория и практика менеджмента: Учебник / Под ред. К.Е. Кубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2005



Бақылау

1 Басқару шешімдерін жасау мен қабылдауда басшы жауапкершілігі қандай болады?

2 Басқару шешімдерінің сапасының қандай көрсеткіштері бар?

3 Басқару шешімдерінің тиімділігі қалай анықталады?




беттің беті



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет