ДенсаулықҚА Қарсы қылмыстарды саралаудағы денсаулықҚа зиян келтіру түсінігіндегі мәселелер қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата28.05.2023
өлшемі260,4 Kb.
#177840
1   2   3   4
Трибуна молодого ученого


№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы
246
ауырлықтағы немесе денсаулыққа ауыр зиян 
келтіруді ғана қарастырады.
З.О. Ашитов сот практикасы көрсетіп 
отырғандай көптеген қылмыстық істер бойынша 
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мен 
адамға қасақана қаза келтіру және оған оқталу 
қылмысын ажыратуда қателіктерге жол беріліп 
келеді. Оларды ажыратудың басты критерилері 
қылмыстың субъективті жағымен айқындалады. 
Адамға қасақана қаза келтіру қасақананың тек 
тікелей ниетімен жасалса денсаулыққа қасақана 
зиян келтіру тікелей және жанама ниетте болуы 
мүмкіндігін атап өтеді [5, Б.68]. Шындығында 
денсаулыққа немесе адам өміріне қарсы 
қылмыстарды бір-бірінен ажырату қылмыстың 
субъективті жағына тікелей қатыстылығы рас 
екендігі дау тудырмайды. Сонда да болса олар 
қылмыс объектісіне, қылмыстың субъектісіне 
қарап та ажыратылуы мүмкін. 
А.Н. Ағыбаев «Жалпы денеге жарақат түсіру 
деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз 
түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың 
анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолымен, 
әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс 
жұмыс істеуін бұзу арқылы зиян келтіруді 
айтамыз» деген өзіндік тұжырымын жасайды [6, 
Б. 36].
Қазақстан Республикасының қолданыстағы 
Қылмыстық 
кодексінінің 
104-бабының 
1-бөлігінде денсаулыққа қасақана орташа 
ауырлықтағы зиян келтіруге келесідей түсінік 
берілген: «1. Адамның өмiрiне қауiптi емес 
және осы Кодекстiң 103-бабында көрсетiлген 
зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты 
ұзақ уақытқа бұзылуға немесе жалпы еңбек 
қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн айтарлықтай 
тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа 
қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру» 
[7]. Ал, осы денсаулыққа қасақана орташа 
ауырлықтағы зиян келтірудегі «осы Кодекстiң 
103-бабында көрсетiлген зардаптарға әкеп 
соқпаған» деген мәтінді ашып қарастырар 
болсақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық 
кодексінің 103-бабында денсаулыққа қасақана 
ауыр зиян келтіру келесідей белгіленген: «1. 
Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, 
естуден қандай да болсын органнан айрылуға 
немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-
әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп 
соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, 
сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң 
кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға 
ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек 
қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын 
бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға 
душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған 
денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр 
зиян келтiру» [7]. Осы денсаулыққа қасақана 
зиян келтіру қылмыстарындағы белгіленген 
денсаулыққа келтірілген зиян екіге бөлініп отыр, 
оның бірнде денсаулыққа орташа ауырлықтағы 
зиян келтірілсе, екіншісінде денсаулыққа ауыр 
зиян келтіру табылады. Оларды бір-бірінен 
ажыратуда өзіндік сұрақтар туындайды. Атап 
айтар болсақ, денсаулыққа қасақана орташа 
ауырлықтағы зиян келтірудің «жалпы еңбек 
қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн айтарлықтай 
тұрақты жоғалтуға әкеп соққан» деген белгісі 
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің бір 
белгісі ретінде де келесідей қарастырылып отыр: 
«еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты 
түрде жоғалтуға ұштасқан». Екі қылмысты 
саралауда осы денсаулыққа зиян келтірудегі 
белгінің бірі еңбек қабiлетiн жоғалтуға қатысты 
өзектілік туындап отыр десек болады. Себебі, 
денсаулыққа зиян келтіру қылмыстарындағы 
денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы 
зиян келтіру мен денсаулыққа қасақана ауыр 
зиян келтіруді еңбек қабiлетiн жоғалтуға 
қатысты саралау мүмкін емес. Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық 
кодексінің 
орыс тіліндегі мазмұны бойынша Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық кодексінің103-
бабының 1-бөлігінде осы мәтін келесідей 
қарастырылған: «соединенное со значительной 
стойкой утратой общей трудоспособности 
не менее чем на одну треть», ал Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық 
кодексінің 
104-бабының бірінші бөлігінде: «значительную 
стойкую утрату общей трудоспособности 
менее чем на одну треть» деп белгіленген [8]. 
Осыған қарап, Қазақстан Республикасының 
Қылмыстық кодексінің қазақ тіліндегі мазмұны 
дұрыс жазылмағандығын аңғарамыз. Заң 
нормаларында осындай орыс тіліндегі мазмұн 
мен қазақ тіліндегі мазмұн арасында алшақтық 
пен айырмашылық орын алған жағдайда қазақ 
тіліндегі мазмұн өз күшіне ие болуы тиіс. Себебі, 
ол мемлекеттік тіл болып саналады.
Қазіргі 
уақытта 
денсаулыққа 
келген 
зиянға қарап қылмыстарды саралауда да 
өзекті мәселелердің бірі ретінде Қазақстан 
Республикасының 
Қылмыстық 
кодексінің 
178-бабының екінші бөлігінде қарастырылған 
тонау қылмысы, 179-бабының бірінші бөлігінде 
қарастырылған 
қарақшылық 
қылмысы, 
321-бабының бірінші бөлігіндегі өкімет өкіліне 
қатысты күш қолдану қылмысы бойынша 


247
«денсаулығына қауiптi емес», «денсаулығына 
қауiптi» белгілер белгіленген. Осы денсаулыққа 
қауіпті немесе қауіпті еместілікті ажырату 
бойынша сұрақ туындайды. Қандай күш 
қолдану денсаулыққа қауіпті немесе қауіпті емес 
екендігі қазіргі уақытта заңмен реттелмей отыр 
деуге болады. Себебі, қарақшылық пен тонау 
қылмысын ажыратуда денсаулыққа қауіпті күш 
қолдану немесе осындай күшті қолданамын деп 
қорқыту орын алса онда ол қарақшылық болып 
саралануға жатады. 
Аталған кемшіліктер мен олқылықтар 
бойынша туындап отырған сұрақтар 2015 
жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа 
енгізілетін Қазақстан Республикасының жаңа 
қылмыстық кодексінде өз шешімін тапқан деуге 
болады. Себебі, Қазақстан Республикасының 
жаңа қылмыстық кодексінің 3-бабының 
11-тармағында «денсаулыққа ауыр зиян – 
адамның денсаулығына, оның өміріне қауіпті зиян 
не денсаулыққа: көру, сөйлесу, есту қабылетінен 
немесе қандай да бір ағзадан айырылуға; 
ағзаның өз функцияларын жоғалтуына; бет-
әлпетінің қалпына келмейтіндей бұзылуына; 
жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін 
айтарлықтай тұрақты түрде жоғалтумен 
ұласқан денсаулықтың бұзылуына; кәсіби еңбек 
қабілетін толық жоғалтуға; жүктілікті үзуге; 
психиканың бұзылуына; нашақорлықпен немесе 
уытқұмарлықпен ауыруға әкеп соққан зиян;» деп 
белгіленіп отыр [9]. Сонымен бірге Қазақстан 
Республикасының жаңа қылмыстық кодексітің 
3-бабының 
12-тармағында 
денсаулыққа 
ауырлығы орташа зиянға түсінік келесідей 
қарастырылған: «денсаулыққа ауырлығы орташа 
зиян – адамның денсаулығына, оның өміріне 
қауіпті емес, денсаулықтың ұзақ уақыт (жиырма 
бір күннен астам мерзімге) бұзылуына немесе 
жалпы еңбек қабілетін (үштен бір бөлегінен 
кем) тұрақты түрде айтарлықтай жоғалтуға әкеп 
соққан зиян» [9].
Сонда да болса, Қазақстан Республикасының 
жаңа қылмыстық заңнамасында қарастырылған 
денсаулыққа 
қауіпті 
зиян 
бойынша 
туындауы мүмкін мәселе ретінде жоғарыда 
қарастырылғандай жаңа қылмыстық заң 
бойынша белгіленген тонау мен қарақшылық 
бойынша белгі осы денсаулыққа қауіпті немесе 
денсаулыққа қауіпті емес жөнінде атап өтсек 
болады. Өйткені жаңа қылмыстық заң бойынша 
денсаулыққа жеңіл зиян түсінігі келесідей 
белгіленіп отыр: «денсаулыққа жеңіл зиян – 
денсаулықтың қысқа мерзімге (жиырма бір 
күннен аспайтын мерзімге) бұзылуына неменсе 
жалпы еңбек қабілетін (оннан бір бөлігінен 
кем) тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп 
соққан адамның денсаулығына келтірілген зиян» 
[9]. Егер біз қарастырып отырған тонау мен 
қарақшылық қылмыстары және осы зиянның 
денсаулыққа қауіптілігіне байланысты бір-
бірінен ажыратылып, саралануға жататын 
қылмыстар бойынша денсаулыққа зиян келіп, 
ол денсаулыққа жеңіл зиян болған жағдайда 
ол зиянның денсаулыққа қауіптілігін қалай 
ажыратамыз дегендей сұрақ өздігінен туындауы 
мүмкін.
Жоғарыда 
қарастырылғандар 
негізінде 
денсаулыққа қарсы қылмыстарды саралаудағы 
денсаулыққа 
зиян 
келтіру 
түсінігіндегі 
мәселелерді шешу ретінде ұсынылады:
– Қазақстан Республикасының Қылмыстық 
кодексінің 104-бабының 1-бөлігіндегі «кемiнде 
үштен бiрiн» деген мәтіндегі сөздерді «үштен 
бiрiнен кемін» деген мәтіндегі сөздермен 
өзгертілуі қажет;
– 
Қазақстан 
Республикасының 
жаңа 
Қылмыстық кодексінің 3-бабының 13-тар-
мағында қарастырылған денсаулыққа жеңіл 
зиян келтіру түсінігі денсаулыққа жеңіл зиян 
келтірудің адамның денсаулығына қауіпті зиян 
қатарына жатқызылуын қамтуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет