Денсаулықты оқудың 4 деңгейін бөлу қарастырылған



Дата21.01.2022
өлшемі20,91 Kb.
#112711
Байланысты:
Денсаулық және медицина
Денсаулық және медицина



Медицинадағы мамандықтардың көбісі әртүрлі ауруларды, олардың симптомдарын, клиникалық көріністерін және олардың асқынулары, диагностика және емдеу тәсілдерін оқиды. Осы немесе басқа аурулармен ауырғандар реабилитациясы, аурулардың профилактикасының негізгі тәсілдері туралы сирек жазылады.

Медициналық әдебиетте «рекреация» термині, яғни денісау адамдардың денсаулығынсақтауға бағытталған емдеу-сауықтандыру, профилактикалық шаралар кешені туралы тіпті сирек жазылады. Адам денсаулы.ы, оның критерийлері, күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда оны нығайту және сақтау жолдары Қазақстан денсаулықсақтау және қазіргі медицина қызығушылық сферасында жоқ. Осымен байланысты қоғамдық денсаулық туралы айтпас бұрын, «денсаулық» терминіне анықтама беріп,бұл иерархиядағы қоғамдық денсаулық орнын анықтау қажет.

Сонымен, Бүкіләлемдік денсаулықсақтауды ұйымдастыру (БДҰ) 1948 жылы «денсаулық – аурулардың және физикалық дефектілердің жоқтығы ғана емес сонымен қатар рухани және әлеуметтік жағдайының жақсы болуы » деген анықтамасын берді.

Денсаулықты оқудың 4 деңгейін бөлу қарастырылған:

  1. жеке адам денсаулығы.

  2. этникалық немесе кіші топ денсаулығы – топтық денсаулық.

  3. тұрғындар денсаулығы, яғни нақты административтік – аумақтық бірлікте (аудан,қала,облыс т.б.) тұратындар.

  4. қоғамдық денсаулық – қоғам ел тұрғындарының, континент, әлем денсаулығы.

Қоғамдық денсаулық және денсаулықсақтау өзіндік медициналық ғылым ретінде профилактикалық қызмет көрсетудіөңдеу мақсатымен тұрғын денсаулығына қоршаған орта жағдайларының және әлеуметтік фактор әсерін оқиды. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау әртүрлі медициналық аспектілердің (әлеуметтік, экономикалық, басқармалық т.б.) кең шеңберін оқумен айналысады.

Түсініктің келесі анықтамасы анықталған: «Қоғамдық денсаулық — өмір қауіпсіздігін және сапаның оптимальдік деңгейін қамтамасыз ететін, тұрғындардың өмір салтын және қоршаған ортаәртүрлі факторлардың әсерімен негізделгенелдің маңызды әлеуметтік – экономикалық потенциалы».

Әртүрлі клиникалық пәндерге қарағанда қоғамдық денсаулық жеке алынған индивидумдардың емес, ұйымдардың денсаулық жағдайын оқиды. Бұнда өмір жағдайы, өндірістік қатынас экономикалық кезеңдер жағдайын анықтаушы болып табылады.

Физика, химия, биология саласындағы ұлы ашушылар, тұрғындардың 20 ғасырдағы урбанизациясы, көптеген елдердегі өнеркәсіптердің дамуы, құрылыстың үлкен көлемдері, ауыл экологиясының химизациясы тұрғын денсаулығына әсер етіп өзінің жайылымы бойынша эпидемиологиялық сипатқа ие болатын аурулар тұдырады.

Ғылыми – техникалық прогресс және қоғамдық денсаулық жағдай арасындағы антропогонистік қарама-қайшылық біздің елімізде профилактикалық шараларды мемлекеттің бағалау салдарынан туындайды. Осыған орай біздің ғылымның тапсырмаларының бірі болып осындай қарама – қайшылықтарды шешу және қоғам денсаулығына кері әсерін тигізетін негативті көріністер мен факторларды профилактикасы бойынша ұсыныстарды өңдеу болып табылады.

Халық шаруашылығының жоспарлы түрде дамуы үшін тұрғын саны туралы ақпарат, оның болжалдарын анықтау маңызды орын алады. Қоғамдық денсаулық демографиялық процестерді зерттей отыра тұрғын дамуының заңдылықтарын анықтайды, перспективаны болжайды, тұрғын санын мемлекеттік болжау бойынша ұсыныстарды өңдейді.

Сонымен қоғамдық денсаулық бір уақытта әлеуметтік, тәрбиелік, биологиялық, геофизикалық және т.б. факторлардың комплекстік әсерімен сипатталады. Бұл факторлардың көбісі қауіп факторы ретінде анықталуы мүмкін. Аурудың қауіп факторлары дегеніміз не?

Қауіп факторы – аурулардың даму мүмкіншілігін жоғарылататын, олардың асқынуын және жағымсыз аяқталуын тудыратын өндірістік және қоршаған ортаның әлеуметтік, экологиялық, генетикалық, биологиялық, тәртіптік сипаттағы потенциалды қауіпті факторлар.

Аурудың тікелей себептеріне қарағанда (бактериялар, вирустар, микроэлементтер жеткіліксіздігі т.б.) қауіп факторы туындауына және ары қарай дамуына жағымсыз фон тудырады.

Қоғамдық денсаулықты оқыған кезде факторларды келесі топтарға біріктіреді:

  • Әлеуметтік – экономикалық факторлар, (еңбек, тұрғын жағдайы, материалдық қамтамасыз етілуі, тамақтану сапасы және деңгейі, демалыс т.б.)

  • Әлеуметтік биологиялық факторлар (жасы, жынысы, тұқымқуалаушылық т.б.)

  • Экологиялық және табиғи – климаттық факторлар (тұрғын ортаның ластануы, орташа жылдық температура, экстремальдік табиғи – климаттық фактордың саны т.б.)

  • Ұйымдастырушылық және медициналық факторлар (тұрғындардың медициналық көмекпен қамтуы, медициналық көмек сапасы, мадициналық — әлеуметтік көмек т.б.)

РАМН академигі Ю.П. Лисицын денсаулықтың қауіп факторларын негіздейтін әсер ету деңгейлерін және топтамасын келтірген (кесте№1)

Факторларды сол немесе басқа топтарға бөлу шартты түрде алынған.
Денсаулық қауіп факторларын негіздейтін топтама.

Факторлардың денсаулыққа әсер ету сферасы.

Қауіп факторлардың топтары

Қауіп факторлардың үлестік салмағы %

Өмір салты

Темекі шегу, ішімдікті пайдалану,балансталмаған тамақтану, стресстік жағдайлар,зиянды еңбек жағдайлары,гипадинамия, жаман материалдық тұрмыстық жағдай,дәрі-дәрмектерді шамадан тыс қолдану, жанұялық жағдай,жалғыздық,төмен мәдениеттік және білім деңгей. Урбанизацияның жоғары деңгейі.

49-53

Адам генетикасы, биологиясы.

Тұқымқуалаушылық, дегенеративтік ауруларға бейім болу.

18-22

Қоршаған орта.

Судың, топырақтың,ауаның канцерогендік және т.б. зиянды заттармен ластануы. Атмосфера көрінісінің кенеттен ауысуы. Радиациялық, магниттік және т.б. жғары сәулелену. 17-20




Денсаулық сақтау

Профилактикалық шаралардың әсерсіздігі медициналық көмектің төмендеуі сапасы медициналық көмекті уақытында көрсетпеуі.

8-10

Медициналық ғылымның дамуы дәрігерді жаңа диагностика тәсілдерімен, емдеудің әсерлі заттарымен қамтамассыз етті. Осының барлығы бір уақытта дәрігерлер қызметінің жаңа ұйымдық формалардың өңдеуін талап етті.; Сонымен ғылымда басты орын алатын сұрақ болып барлық шаралардың тұрғын денсаулығына әсер етуін оқу табылады. Бұл пән елдің қоғамдық әлеуметтік-экономикалық өмірінің маңызын ашады және тұрғындардың медициналық қызмет көрсетуін жетістіру жолдарын анықтайды.

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау туралы ғылымның екінші бөлімі денсаулық сақтауды басқарудың оптимальдік тәсілдерін, медициналық мекемелердің жұмысының жаңа формалары мен тәсілдерін, медициналық көмектің сапасын жақсарту жолдарын (ғылыми негізделген) өңдеу туралы.

Қоғамдық  денсаулықтың және денсаулық және денсаулық сақтауды зерттеудің өзіндік методологиясы мен тәсілі бар. Олар: статистикалық, тарихи, экономикалық , экспериментальдік, хронометражды зерттеулер, әлеуметтік әдістер т.б.

Статистикалық әдіс – көптеген зерттеулерде кеңінен қолданылады. Ол елді мекен денсаулығын және жұмыстың сапасын сонымен қатар әсерлілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Тарихи әдіс. Әртүрлі тарихи даму кезеңдеріндегі оқылатын мәселені бақылап зерттеуге мүмкіндік береді.

Экономикалық әдіс. Жергілікті халықтың денсаулығын, мемлекеттің құрамдық пайыздылығының өте тиімді жолдарын анықтауға, Экономикалық денсаулық сақтауға және денсаулық мемлекет экономикасына ықпал жасауына мүмкіндік береді.

Медициналық мекемелерде және денсаулық органдарындағы қаржылық қызметтерді талдау сұрақтары, ақша қорын орынды шығындау, жергілікті халықты сауықтыру жөнінде денсаулық сақтаудың нәтижелі әрекетінің бағасы, осы әрекеттің экономикадағы әсері – барлығы денсаулық сақтау төңірегіндегі экономикалық пәнді құрайды.

Экспериментті әдіс. Жаңа эксперимент іздеу нәтижесінде медициналық мекемелерде және денсаулықсақтау қызметтерінде жаңа жұмыс тәсілін, формасын қосып алады.Көптеген зерттеулердекөрсетілген тәсілді қолданумен жүретін кешенді әдістемені айрықша қолданатынын айта кету кереу. Егер амбулаторлық емханалардың деңгейін, жағдайын халыққа көмегін және оның толық жетілдіру жолдарыноқуды үйрену міндеттелсе, ол статистикалық әдіс жергілікті халықтың сырқаттанушылығын, оның емханаларға хабарласу жиілігінен үйретіледі,оның түрлі кезеңдегі динамикасы, деңгейі тарихи талданады.

Зерттеуде хронометраждық зерттеулер тәсілдері қолданылуы мүмкін (медициналық персонал, жұмыстың хронометражы,уақыт жұмсауды талдау және т.б.) Сирек әлеуметтік тәсілдер пайдаланылады.(сухбат алу, анкеталық әдіс), ол оқу обьектісі туралы халықтың пікірін алуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі болып емдеу – профилактикалық мекемелердің есеп беру құжаттары табылады; тереңдете зерттеу үшін материал жасау арнайы өңделген карталарда жүргізіледі.

Әлеуметтік — гигиеналық зерттеуде тұрғындар денсаулығы және қоғамдық денсаулық алдынғы жылдары денсаулықты сандық бағалау туралы болды. Шынында, көрсеткіштер, индекс және коэффициенттер көмегімен әрқашан ғылыми зерттеулерде өмір сапасын бағалауға тырысты. «Өмір сапасы» термині отандық ғылыми әдебиетте соңғы 10-15 жылда қолданыла бастады.

БДҰ (1999ж) анықтауы бойынша, өмір сапасы — өзіндік реализация және жақсылыққа жету үшін мүмкіншіліктер беріледі және олардың қажеттіліктері (физикалық, эмоциялық, әлеуметтік және т.б.) қалай қанағаттандырылады, тұрғындармен және жеке адамдармен қабылдау дәрежесі және оптимальдік жағдай.

Біздің елімізде өмір сапасы деп өмірлік қамтамасыздандырылу жағдайларын және денсаулық жағдайын түсінеді.

Әлемде жалпы қабылданған «Денсаулық сапасы» түсінігінің жоқтығына қарамастан «Өмір сапасы» түсінігінің маңызды құрамдасы болып табылатындықтан қоғамдық денсаулыққа кешенді баға беруге тырысады (сапалық және сандық).

Қоғамдық денсаулық және денсаулықсақтау оқыту пәні ретінде болашақ мамандарды (дәрігерлерді) дайындау сапасын жоғарылатуға әсерін тигізеді; оларда тек дұрыс диагноз қойып және дұрыс ем тағайындау дағдыларын ғана емес сонымен қатар, медициналық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін ұйымдастыру қабілеттіліктерін қалыптастыру.

Медицинаның әлеуметтік мәселелері атақты оқымыстыларды да қызықтырды – Гиппакрат, Авицена, Аристотель, Везалиий т.б.

Ресейде әлеуметтік медицинаның дамуына М. В Ломоносов, Н. И Доброславин, Ф. Ф Эрисман үлкен үлес қосты.

20 ғасырдың екінші жартысында Ресейде алғы интелегенция, фабрика – зауыттық медицина өкілдерінің қоғамдық қозғалысының әсерінен, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау туралы оқу пәне және ғылым негізі қалыптаса бастады. Қазан университетінде 19 ғасырдың 60 жылдарында проф. А. В. Петров студенттерге әлеуметтік гигиена және қоғамдық денсаулық бойынша дәріс оқыды. 19 ғасырдың аяғында Ресейдің көптеген университеттердің медицина факультеттерінде (Санкт-Петербург, Москва, Киев, Харьков т.б.) қоғамдық гигиена курстары оқылды. Сонымен қатар медициналық география және медициналық статистика. Бірақ бұл курстар эпизодикалық болды, жиі басқа пәндер құрамына кірді. Тек 1920 жылдан Германияда Берлин университетінде әлеуметтік гигиена кафедрасы ашылды. Бұл кафедраның оның негізін қалаушы неміс оқымыстысы социал-гигиенист проф. Альфред Гротьян басқарды. Осылай әлеуметтік гигиена ғылымы және өзіндік пән тарихы басталды. А. Гротьян кафедрасының соңынан Германия университетері және т.б. Еуропа елдерінде анологиялық кафедралар ашыла бастады. Олардың жетекшілері (А. Фишер, С. Нейман, Ф. Принцинг, Э. Ресле т.б.) ғылыми зерттеу жұмысын қоғамдық денсаулық және медициналық статистиканың маңызды мәселелерін өңдеуге бағыттады. әлеуметтік гигиненаның (Ресейде 1941 жылы осылай аталды) Кеңес билігі кезіндегі дамуы кеңес денсаулық сақтауының ірі ғалымдардың Н. А Семашко, З. П соловьева есімдерімен байланысты. Олардың қалаулары бойынша әлеуметтік гигиена кафедрасы ашылды.

Мұндай алғашқы кафедра 1922 жылы Н. А Семашко көмегімен 1 МГУ медициналық факультетінде ашылды. 1923 жылы З. П соловьева жетекшілігімен 11 МГУ да ашылды және А. Ф. Никитин прфессордың жетекшілігімен 1 Ленинград медицина институтында ашылды. 1929 жылға дейін мұндай кафедра барлық медициналық институтында ашылды.

1923 жылы әлеуметтік гигиенаның мемлекеттік институты ашылды, ол денсаулық сақтауды ұйымдастыру және әлеуметтік гигиена барлық кафедраларының ғылыми ұйымдастырушылық базасы болып кетті.

Социал – гигиенист оқымыстыларымен 20ғасырдың 1 жартысында ресейдегі санитарлық демографиялық процестерді оқу бойынша маңызды зерттеулер жүргізіледі. (А.М.Мерков, С.А. Томилин, П.М. Козлов, С.А. Новосельский, Л.С.Каминский және т.б.), тұрғындар денсаулығын оқудың жаңа тәсілдері өңделуде(П.А Кувшинников, Г.А. Баткис,). 30 жылдары Г.А. Баткис барлық медицина институттарының әлеуметтік гигиена кафедраларына оқу құралын шығарды.

ҰОС жылдары әлеуметтік гигиена кафедралары «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы» деп аталды. Бұл жылдары кафедраның бүкіл назары фронтты медициналық – санитарлық қамтамасыздандыру және тылда медициналық көмекті ұйымдастыру, инфекциялық аурулардың өршулерін алдын-алу сұрақтарына бағытталды. Соғыстан кейінгі жылдары кафедра жұмысы денсаулық сақтаумен қарым – қатынастарын нығайтуға арналды.

20 ғасырдың 2 жартысында ғылымның дамуына және оқытуға З.Г. Френкель, Б.Я. Смолевич, С.В. Курашев, Н.А.Виноградов, А.Ф.Серенко, С.Я.Фрейдлин, Ю.А. Добровольсвий, Ю.П.Лисицын, О.П.Щепин т.б. үлкен үлес қосты.

2000жылы кафедралар қоғамдық денсаулық және денсаулықсақтау деп аталды.

Отандық денсаулық сақтаудың дамуының қазіргі сатысында оның шаруашылықтандыру және қаржыландырудың жаңа экономикалық механизмдерін, жаңа құқықтық қатынастарына енгізгенде медициналық сақтандыруға өтуде болашақ дәрігерден тәжірибелік ұйымдастырушылық  дағдыларды және теориялық білімнің көлемділігін талап етеді. Әр дәрігер жақсы ұйымдастырушы болу керек, оған тәуелді медициналық персонал жұмысын нақты ұйымдастыру керек, экономика және басқару элементтерін білу керек. Бұл тапсырманы орындауда маңызды роль қоғамдық денсаулық және денсаулықсақтау кафедралары атқарады.

Тұрғындардың денсаулығы және оны оқудың тәсілдері.

Денсаулық түсінігі, оны бағалау, әлеуметтік негізделуі.

Қазіргі әдебиеттерде «Денсаулық » түсінігінің 100 аса анықтамалары бар олар жиі келесі формулировкаларға сай келеді:

  1. Денсаулық – аурулардың жоқтығы.

  2. Денсаулық және норма – терең түсінік.

  3. Денсаулық морфологиялық, психоэмоционалдық құраушылардың бірлігі ретінде.

Бұл түсініктер ортақ болып аурудан жақсы қарама-қарсылық ретінде түсіндіріледі, яғни «Денсаулық» түсінігі әлі күнге дейін «Дені сау емес» түсінігі арқылы түсіндіріледі. Сонымен, медицина және оның теориясы патология билігінде қалып отыр.

Қазіргі уақытта бұрыннан белгілі патология теориясымен қатар жаңа теория, денсаулық теориясы – санология – валеология дамуда.

Денсаулық ресурстары дегеніміз- бұл ағзаның денсаулық балансын қолайлы жағына қарай өзгертудегі морфофункциональдық жәнне психологиялық мүмкіндіктері. Денсаулық ресурстарын жоғарлату бүкіл Салауатты өмір салтын сақтау шараларымен қамту болып табылады ( Тамақтану, физикалық жүктемелер, демалу және т.б.).

Денсаулық потенциалы дегеніміз- жеке адамның сыртқы орта әсерлеріне тұрақты үйрену мүмкіндіктерінің жиынтығы. Сыртқы орта реакцияларына тұрақтылық барлық жүйелердің компенсаторлы — қабілеттілігіне ( жүйке жүйесінің, эндокринді және т.б.) және психиканың өзін-өзі реттеу механизміне негізделеді. (психологиялық қорғану және т.б.)

Денсаулық балансы дегеніміз – денсаулық потенциалы және оған әсер ететін факторлар арасындағы тепе- теңдік жағдайы.

Адам денсаулығы әртүрлі аспектілермен қарастырылады: әлеуметтік – биологиялық, әлеуметтік — саясаттық, экономикалық, моральды — этикалық, психофизиологиялық және т.б. Жалпы түрде денсаулықтың ауруларын анықтауға болмайды, тек адамдардың денсаулығын және ауруларын бөліп қарастыру керек. Бұл адамға тек биологиялық, тірі организмге жақындасу емес, ол тіршілікке био-психо-әлеуметтік түрде байланыс орнату болып табылады. Қазіргі адамдардың денсаулығы эволюция барысында дамыған түрінің нәтижесі болып табылады, бұл әлеуметтік факторлардың әсері осы түрге көбірек әсер еткенін көрсетеді. Олардың рөлі цивилизация дамуының барлық кезеңдеріне әсер етуі өсіп отырды.

Адам денсаулығы табиғаттың жаратылысы ретінде қарастырылады. Бірақ әлеуметтік процестерге байланысты адам денсаулығы өзгеріп отырады, ал табиғат заңы тек адамның фолрмалық қасиетін сақтап қалады. Адамның әлеуметтік және биологиялық ара қатынасы — табиғатты танудың және денсаулығының сипаттамасын, сонымен қатар биологиялық — әлеуметтік категориясы бойынша анықталатын ауру түрлерін түсінуге мүмкіндік береді. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында қабылданған денсаулық анықтамасы: Денсаулық- бұл тек физикалық кемістіктерімен арулардың жоқ болуы ғана емес, толық физикалық жан дүниелік және әлеуметтік жағдайлары. Денсаулық сақтау ұйымының құжаттарында көрсетілгендей, қоғам денсаулығы- бұл әлеуметтік сана. Қоғамдық денсаулықты бағалау үшін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келесі көрсеткіштерді тағайындайды:

  1. Ұлтық денсаулық сақтауға өнім бөлу

  2. Біріншілік медико- әлеуметтік көмек көрсетуге жағдай жасау

  3. Тұрғындарға медициналық көмек көрсету

  4. Тұрғындарды иммунизациялау дәрежесі

  5. Жүкті әйелерге арнайыландырылған мамандарға тексерілуге мүмкіндік жасау

  6. Тамақтану, соның ішінде балалардың тамақтану жағдайлары

  7. Балалар өлімінің дәрежесі

  8. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы

  9. Тұрғындардың гигиеналық сауатылығы

Топтың денсаулығын, тұрғындар денсаулығын және қоғамдық денсаулықты медико-әлеуметтік тексеруге келесі негізгі индикаторлар немесе көрсеткіш топтары қолданылады:

  1. Медико- демографиялық көрсеткіштер

  2. Арушаңдықтың көрсеткіштері

  3. Мешелдік акөрсеткіштері

  4. Тұрғындардың физикалық даму көрсеткіштері

Денсаулықтың әлеуметтік қамтылуын бағалаған кезде бірінші ретте өзіндік белгілерін, оған әсер етуші әлеуметтік қауіп факторларын, яғни организмнің компенсаторлы- бейімдеушілік механизмінің бұзылуын және патологиялық жағдайдың дамуын есте ұстаған жөн .

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет