Дәрі қОҒаммен байланыс мамандары қызметінің функциялары, ҚҰралдары және мақсаты


Пр жұмысын жасау барысында бірнеше процесстерді ескеруі қажет



бет2/8
Дата25.12.2021
өлшемі30,14 Kb.
#105554
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
4,5-дәріс

Пр жұмысын жасау барысында бірнеше процесстерді ескеруі қажет:

а\ Зерттеу процесі

б\ Media rtlations: экономикалық және саяси қызмет барысындағы ақпараттық қолдау \«spin doctor» жазылған пресс-релиз, пресс-конференциялар ұйымдастыру, брифинг, пресс-турлар, пресс-презентация\

в\ Саяси консалтинг \саси маркетингтік технологияны қолдана отырып, сайлау науқанында ішкі және сыртқы саяси жағдайларға бақылау жасау\

г\ Кризистік коммуникация. Бұл дағдарыс туындаған жағдайда іске асуға тиіс шаралар жиынтығы.

Паблик рилешнз- 1807 жылы Американың президенті Томас Джефферсонның «Конгреске жетінші жолдау» атты жазбаларының нәтижесінде дүниеге келгендігі белгілі. Ол бұл жазбалары арқылы қоғамдағы барлық жағдайлармен өзіндік пікірлерімен бөліскен. Осы арқылы қоғаммен байланыс жасауға тырысқан. Содан бастап қоғаммен байланыс жасау билікке жетудің ең тиімді жолы екені расталды. 1882 жылы осы терминді Дорман Итон Йель университеттің бітіруші түлектерін қоғамға қызмет атқаруға шақырған деген де мәлімет бар. Белгілі классик Эдвард Бернайз өзінің «Кристаллизация общественного мнения»\1923ж\ кітабында қоғамның әсіресе, халықтың пікірімен санасудың, олардың ойынан шығудың қаншалықты қажеттігі айқын айтылған. Пр теоритигі Эдвард Бернайз тек осы саланың теориялық жағдайына ғана емес практикалық жағына да аса мән берген. 1919 жылы алғаш өз офисін ашты. Және ол «қоғаммен байланыстың кеңесшісі» деп аталды. 1923 жылдан бері Нью-Йорк университетінде Пр-дың теориясы мен практикасы жөнінен дәріс оқыған.

Қазақстанда дүниетанымы әртүрлі адамдар өмір сүреді. Олардың көпшілігі: «бізде бәрі де жақсы, журналистерді қорқынышты дүниелер жазуға баулудың қажеті жоқ» деуі мүмкін. Әрине, жамандықты ешкімнің жаны қаламайды. Біз тек объективті болуды қалаймыз. Өйткені, бұрынғы КСРО мемлекеттері мен тіпті Қазақстанда болған қақтығыстар БАҚ-ның оған дайын еместігін көрсетіп берді.

Біз күрделі әрі қарама-қайшылығы мол Орталық Азияда өмір сүреміз. Мұнда қоғамдағы тұрақтылық пен тепе-теңдікті бұзуға қажетті орта мен алғышарттар жеткілікті. Оған су мен өңделетін жердің тапшылығы, шекара және тағы басқа мәселелер жатады. Бұлардың бәрі де табиғаты жағынан «аса қауіпті» болып есептеледі және қолайсыз жағдай туындағанда «талас нысанына» айналып кетуі мүмкін. Бұдан өзге, қоғамдық тұрақтылықты авторитарлық билік арқылы ұстап отырған белгілі бір саяси лидерлердің қызметтен кетуі де жағдайды тұрақсыздандырып жіберуі мүмкін. Әлемдік саясаттану қақтығыстың туындауына ықпал ететін бірнеше ондаған факторларды алға тартады. Солардың ішінде біздің аймақ үшін маңызды саналатын бірқатарын ғана мысалға келтірейік:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет