Дәріс № Тақырыбы: Жалпы білім беретін мекемелерінде көру қабілеті нашар балаларды оқыту ерекшеліктері


Дәріс № 12. Тақырыбы:Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару.Инклюзивті білім беру жағдайдағы әлеуметтік психологиялық тренинг



бет7/10
Дата31.03.2022
өлшемі50,97 Kb.
#137476
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
инклюзив 8-15
stud.kz-5559 (1), 1.СӨЖ (копия), пед. психология, Педагогикалық шеберлік, Документнункнк
Дәріс № 12.
Тақырыбы:Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару.Инклюзивті білім беру жағдайдағы әлеуметтік психологиялық тренинг.
Мақсаты:инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Білім беру дегі инклюзивті үрдісті басқару.
2.Мүмкіндігі шектеулі балалармен, олардың ата-аналарымен, оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
3.Педогогикалық жобалау көп функциялы білім беру қызметінің ерекше түрі ретінде.
4.Мүмкіндігі шектеулі жандарға тренинг жүргізу түрлері.
1.Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз — барлық балаларды,соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалар жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына,шығу тегіне,дініне,жағдайына қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ,ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзету-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау,яғни,жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқыту мен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін» және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген.Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған міндет-олардың әлеуметтік ақталуы мен бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Инклюзивті білім беру-мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайдағылардың тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді. Бұл баланың өзін-өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізудің ерекшелігі: жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік танымға қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, оқыту іс-әрекетіндегі негізгі білімділік және біліктілік дағдыларын үйрену үшін жағдай жасау. П.Шуман «Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» — деп айтып кеткен.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мен ұйымдастыруда білімгерлер бойында кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру әрбір мұғалімнің міндеті.
2. Баланы тәрбиелеу қиын да жауапкершілікті процесс, ал мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу екі есе көбірек жауапкершілікті, көп қуат пен уақытты қажет етеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың отбасында дүниеге келуі отбасы өмірін өзгертпей қоймайды. Көбіне ата-аналар достары, таныстары кейде туыстарынан да алшақтап кетіп жатады. «Ерекше» балаларды тәрбиелеу педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар бастапқыда баланы қалай тәрбиелеп, дамыту керектігі жайлы білмей жатады. Бала бойындағы сенімділікті қалыптастыру – басты педагогикалық қағида болып табылады. Мұндағы ата-аналардың атқаратын рөлі зор. Себебі, баланың болашақта өзін қалыптастыра білуі, өз-өзіне сене білуі кішкене кезіндегі қалыптасқан сенімділікке байланысты. Баланың мықты болуы, тікелей отбасының мықты болуымен байланысты. Бұл әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалы отбасыларға қойылар талап десек те болады. Ата-ананың мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстағы басты міндеті – баланың тек мықты жақтарын көре білуі.
Отбасы – әр баланың қалыптасып, тәрбиеленіп, жетілетін микроорталығы. Баланың толықтай дұрыс тұлға болып қалыптасуы бірінші кезекте отбасына байланысты. Сондықтан да мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасынан жеке зерттемеу керек. Себебі, мұндай балалар өзге балаларға қарағанда отбасына, ата-аналарына ерекше тәуелді болатыны белгілі. Сол себепті, балаға көмектескіміз келсе, бірінші кезекте ата-анаға көмектескеніміз абзал. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалы отбасыларға реабилитациялық құрылым ретінде қарау қалыптасқаны анық. Бұл әрине, дұрыс. Неліктен? Себебі, мұндай балалы отбасылар өзгелерге қарағанда бала тәрбиесіне ерекше ден қоя білулері қажет. Ол үшін бала ата-аналары баланың толықтай қалыптасуына ыңғайлы жағдай жасай білулері қажет. Әр отбасы өзінше ерекше, ондағы балалар да ерекше, олар кезіктіретін қиыншылықтар да соған сәйкес әртүрлі болатыны мәлім. Сол себепті де олардың әрқайсысымен жүргізілетін жұмыстар да бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін .
Кез келген психологиялық жұмыс барысында көбіне отбасының мына жағдайлары ескеріліп жатады: отбасы құрылымы, оның мәдениеттілік деңгейі, діни көзқарастары, отбасылық тәрбие ерекшеліктері және т.б. Отбасы құрылымы тұрақты емес. Ол үнемі өзгеріске ұшырап отыруы мүмкін. Мәдениеттілік деңгейі мен білім деңгейлері отбасы тәрбиесіне тікелей әсер ететін дүние. Отбасымен жұмыстағы ерекше маңызды фактор – оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы болып табылады. Отбасында «Ерекше» баланың туылуы, отбасы психологиясы мен оның жағдайына әсер етпей қоймауы мүмкін емес. Салмақ тек әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан емес, психологиялық, физиологиялық тұрғыдан да түсіп жатады. Кез келген дені сау бала күтіп жүрген ата-ана дүниеге мүмкіндігі шектеулі сәби келгенде, оны бірден қабылдай алмайтыны анық. Осыған байланысты атақты психологтар Р.Ф. Майрамян, О.К. Агавелян «ерекше» балалар ата-аналарының бастапқы психологиялық күйлерін 4 кезеңге бөліп көрсеткен болатын:
Баланың отбасылық микроорталығын зерттеу үшін, ата-аналармен диагностика-аналитикалық жұмыс:
1. Диагностиканың ең кең тараған түрі – сауалнама жүргізу. Ол отбасының жалпы жоспарын, ата-ана жастарын, білім деңгейлерін, баланың ата-анамен қарым-қатынасын анықтауға көмектеседі. Бірақ кейде сауалнаманың да баланың өзі жайлы, оның отбасындағы рөлі жайлы толық ақпарат бермей жататын кездері де болады.
2. Сондықтан индивидуалды жұмыста маңызды әрекет ретінде отбасымен кездесу өткізу саналады. Бұл ата-аналармен индивидуалды жұмыстағы эффективті форма. Мұндағы басты мақсат – баланың өзі және отбасымен оған ыңғайлы жерде танысу. Баланың ата-аналарымен әңгімесінің өзінен-ақ оның қызығушылығы, денсаулық жағдайы, әдеттері, қабілеттері, мінез-құлқы жайлы көп мәлімет алуға болады. 
3. Индивидуалды жұмыстың тағы бір формасына – кеңес беру мен әңгімелесу жатады. Мүмкіндігі шектеулі бала мен оның отбасына көмектескіміз келсе олармен әңгіме құрып, кеңес бергеніміз дұрыс. Кеңес беру ата-аналардың мазасыздықтарының, өз балалары жайлы әңгімеден қашудың алдын алу үшін қолданылады. Сауатты әңгіме мен пайдалы кеңес ата-ана мен маманның жақсы қарым-қатынасқа келуіне, отбасылық өмірді жақынырақ тануға әкеледі. 
Ата-аналармен қарым-қатынаста маман өзін дұрыс ұстай білуі керек. Ол ата-аналарға қысылып, қымтырылатын сұрақтар қоймауы тиіс. Тиімді тәсіл мысалға мынадай болуы керек: «Біздің алдымызда ортақ мәселе тұр. Оны шешу жолында қандай іс-шара қолданғанымыз дұрыс деп ойлайсыздар?» деген тәрізді.
4. Ата-ана, бала және маман (мысалға, педагог) біріккен іс-шараларды да өткізу де тиімді әдістердің бірі. Мұндай іс-шараларда ата-аналар балаларының оқу процестеріне белсенді араласып, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін қадағалап, олардың болашақта алдын алуларына мүмкіндіктері болады. 
5. Ата-аналарға балаларының іс-әрекеттеріндегі сурет, бейнежазбаларын көрсетіп тұру.
6. Ата-аналардың да балаларының үй жағдайындағы жетістіктері мен кемшіліктері жайлы бейнежазбаларын мамандарға көрсетіп тұруы.
Мүмкіндігі шектеулі балалы отбасылармен топтық немесе ұжымдық жұмыс:
1. Ата-аналармен бірге дәрістер өткізу. Бұл ата-аналардың балалармен жұмыстағы педагогикалық қабілеттерін қалыптастырудың бірден-бір жолы.
2. Ата-ана жиналыстары. Бала білім алатын орталық пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың ең әмбебап әрі негізгі формасы. 
3. Біріккен іс-шаралар. Балалар мен олардың ата-аналарының белсенділігін арттыруға септігін көп тигізеді. Бұл іс-шара ойын-сауық түрінде не болмаса, туған күн кештері, мерекелер түрінде өтуі мүмкін. Мысалға: балаларға ата-аналарына деген қандай да бір бағдарламалар, әдеби-музыкалық кештер өткізуге болады. Мұндай іс-шаралардан балалардың да, ата-аналардың алатын әсері мол болары сөзсіз. Бала өзін жаңа қырынан көрсетіп, жаңа қабілеттері шыңдалса, ата-ана қоғамға еніп, өзгелермен қарым-қатынаста ашылып, баласы үшін бойын мақтаныш сезімі билейтін болады.
3.Топтық және ұжымдық жұмыстың ата-аналармен мына түрлерін да өткізуге болады:
1. Педагогикалық қонақ үй. Мұндай кездесуді жыл басында немесе соңында өткізуге кеңес беріледі. Кездесулерде ата-аналардың түрлі іс-шараларға қатысулары жайлы сөз қозғалады. «Ата-ана-бала-мектеп» сауалнамасы жүргізіледі. Жыл басында сауалнама баланы жақынырақ тану үшін жүргізілсе, жыл соңында өткен жылдың қорытындылары шығарылады, баланың кетірген қателіктері анализделінеді.
2. «Педагогикалық конференция». Іс-шара өткізілмес бұрын ата-аналар қандай да бір бала бойында кездесетін қателіктерге байланысты тапсырмаларды шешулері тиіс. Сол тақырыпқа байланысты ұстаздар ата-аналарға сұрақ қойып, балаға қатысты мәселені қалай шешуге болатыны жайлы көзқарастарын сұрайды. Ата-аналар өз көзқарастарын айтып, ұстаздар кеңестерін береді. Ең тиімді ұсыныстар мен шешім жолдары «педагогикалық сандықшада» сақталып отырады.
3. «Семинар-практикум». Мұндай кездесулерге тек ұстаздар ғана емес, ата-ана, психолог, әлеуметтік педагог және тағы да басқа мамандар қатыса алады. Ата-аналармен бірге ең өзекті проблемалық жағдайлар шешіледі, тренингтер өтілуі де мүмкін.
Алдын ала тақырып анықталынып алынады. Басты ұйымдастырушы ретінде тек ұстаз емес, ата-ана немесе мамандар да жүре алады. Мысалға, егер тақырып бала қорқынышы жайлы болатын болса, жүргізуші ретінде педагог-психолог қызмет етсе де болады. Қысқаша теориялық анықтама келтіріліп, ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, өзгелер бала қорқыныштарының алдын алу үшін қандай жағдайлар жасауға болатынын айтады.
Қорытындылай келе, Отанымыздың әр сәбиінің болашағы алаңдататын болғандықтан, өз тарапымнан ұсыныстарды да қосуды ұмытпағаным жөн. Мүмкіндігі шектеулі балалы отбасыларға көмек барынша жан-жақты көрсетілуі тиіс. Бұл бағыттағы жұмыс тек денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау органдарының ғана жұмысы емес, қоғамдық және қоғамдық емес ұйымдар да қоғамда мүмкіндігі шектеулі балаларды моральдық тұрғыдан қолдап, олардың мәселелерін барынша жақсы түсінуге жағдай жасап, балалардың әлеуметтік дамуларындағы барлық кедергілерді жоюға бірге атсалысулары қажет. Сөз соңын атақты кеңес педагогі В.А. Сухомлинскийдің сөзімен: «Тек ортақ күшпен ғана біз балаларға үлкен адами бақыт сыйлай аламыз» деген аяқтағымыз келеді.
3. Оқушыларға арналған әлеуметтік-психологиялық тренинг негізіне өзін-өзі тану, өзіндік;
Оқушыларды психологиялық дайындау процесінде қолданатын әлеуметтік-психологиялық тренинг мақсаты төмендегідей
1.Тренингке қатысушы оқушылардың өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзіне деген
2. Оқушылардың өзін-өзі актуализациялауға, реттеуге белсенділігінің артуы.
3. Топтық тренингке қатысушылардың объект-субъект (субъект-объект) формадағы қарым-қатынастан субъект-субъект
4. Оқушылардың болашақ маман позициясында белсенділігінің артуы.
5. Субъект-субъект және объект-субъект (субъект-объект) формалар негізіндегі қарым-қатынастың
6. Қарым-қатынас барысында партнерлердің тең позицияда болулары қажет екендігін
7. Жауапты, белсенді, инициативалы, тең позициядағы қарым-қатынасты жүзеге асыруға
8. Қарым-қатынасты жүзеге асырушылардың оның нәтижесіне тең дәрежеде жауапты
9. Өзара әрекеттестік пен өзара қатынас механизмдеріне негіз
Сонымен қатар, дәстүрлі түрдпе әлеуметтік-психологиялық тренинг теориясы кері байланыс.Әлеуметтік-психологиялық тренинг барысында басты механизм кері байланыс болып табылады.
Топтық тренингтің әсері әлеуметтік-перцептивтік салада пайда.Қазақ оқушыларын тәжірибелік бағытта психологиялық дайындау мақсатымен қолданылатын әлеуметтік-психологиялық.
Топтық тренингтің негізгі құрамдас компоненттерінің бірі нақты жағдайларға талдауды:
1)әрбір оқушының өз сезімі, жағдайы және қатынасы жайлы
2)әрбір оқушының өз сезімі, жағдайы және қатынасы
3)әрбір оқушының өзі жайлы түсінігі видеожазбадағы өз
4) әрбір оқушының қарым-қатынастағы өзінің және партнерінің позициясы жайлы
Сонда тренинг кезінде оқушылардың вербальді және вербальді емес
Талдаудың негізгі бірлігі ретінде И.Атватер, Х.Миккин, Л.А.Петровская сөйлеу формалары.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің әдістері – жаттығулар, рольдік ойындар, топтық дискуссия
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің тиімді өтуі бөгде байқаушылар, көрушілер болмауына
Тренингтік топтағы жұмыс тренингке қатысудағы еріктік; тренингтегі белсенділік; қатысушылар
Әлеуметтік-психологиялық тренинг полифункциональді болады. Басқаша айтқанда тренингтің құрамдас компоненті
Мақсатқа байланысты және әлеуметтік-психологиялық тренингтің полифункционалдығын ескере отырып.Тренингтік сабақ ұйымдастыру сатысынан басталады. Бұл сатының басты міндеттері
Осы сатыда әлеуметтік-психологиялық тренингтің принциптері мен топта жұмыс жасау.Ұйымдастыру сатысының келесі процедурасы – топ жұмысына қатысушылардың әрқайсысы.Тренингтің келесі – диагностикалық сатысында әрбір оқушының оқу әрекетіндегі.Тренингтің келесі сатысы оқушылардың өзін-өзі тануына бағытталады. Мұнда екі.Талдаудың мынадай жалпы схемасы қатысушылардың белсенділігіне.Тренингтік сабақтың келесі сатысы өзін-өзі адекватты бағалаудың, өзін-өзі актуализациялаудың.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет