Дәріс № Тақырыбы: Компьютерлік желілері туралы түсінік, оның тағайындалуы. Жоспар



бет1/8
Дата05.05.2020
өлшемі178.85 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс №

Тақырыбы: Компьютерлік желілері туралы түсінік, оның тағайындалуы.

Жоспар:

  • Компьютерлік желілер туралы түсінік;

  • Компьютерлік желінің негізгі түрлері ;

  • Желі топологиясы;

  • Негізгі желілік топологиялар.


Желі дегеніміз ресурстарды – дискілерді, принтерлерді ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен мәлімет алмасу арналарымен байланысқан бірнеше компьютерлер тобы.

Бірнеше (екіден артық) компьютерлерді бір-бірімен физикалық түрде байланыстырғанда компьютерлік желі құрылады. Жалпы компьютерлік желі құру үшін арнаулы аппараттық жабдықтама (желілік жабдықтар) және арнаулы программалық жабдықтама (желілік программалық құралдар) қажет болады. Мәлімет алмасу үшін компьютерлерді қарапайым түрде бір-бірімен байланыстыру түрі тікелей байланыс деп аталады. Компьютерлік желілерді құру кезінде шешілетін негізгі мәселе – аппараттық жабдықтардың электрлік және механиалық сипаттамалары мен информациялық жабдықтамалардың (программалық мәліметтердің) форматтары мен кодталу жүйелерінің бір-біріне сәйкес келіп үйлесуін қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы мәліметтер үйлесімін жүзеге асыру үшін оларды стандарттау мақсатында OSI (Model of Open System Interconnections – ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделі) моделі жасалып шықты. Бұл модель Халықаралық стандарттар жасау ұйымының – ISO (International Standards Organization) техникалық ұсыныстары негізінде құрылған еді.

Осы ISO/OSI моделіне сәйкес компьютерлік желілер архитектурасының әртүрлі деңгейлерін (деңгейлер саны – жетіге шейін) қарастыру керек. Олардың ең жоғарғысы – қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі – физикалық деңгей болып саналады.

Компьютерлік желі архитектурасының осы жеті деңгейінде мәліметтердің бір-біріне қажетті сәйкестігін қамтамасыз ету үшін протокол (хаттама) деп аталатын арнайы стандарттар жасалған.

Пайдаланылатын хаттамаларға байланысты компьютерлік желілер жергілікті (LAN – Local Area Network) және ауқымды (WAN – Wide Area Network) деп екіге бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет