Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Санитарлық-гигиеналық зерттеу әдісі



бет3/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

2. Санитарлық-гигиеналық зерттеу әдісі

Ветеринариялық гигиена пәнінің өзіне тән сыртқы қоршаған ортаның факторларының әсерлерін анықтап бағалауға арналған әдістеме тәсілдері болады. Олар: санитарлық-гигиеналық бағалау (зерттеу), клиникалық-физиологиялық бақылау, тәжірибелік (эксперимент) және есептеу (статистикалық).

Әр зерттеуге алынған объектілердің (ауа, су, топырақ, азық, қора) түріне қарап бұл тәсілдерді тұтастай, немесе жекелеме түрде қолдануға болады. Бұл тәсілдердің ішіндегі ең тиімді, қолайлы және жиі қолданылатын түрі бірінші санитарлық-гигиеналық зерттеу әдісі болып саналады. Бұл әдісті жан-жақты пайдалану арқылы мал қораларының орналасу аймағына, жер орайы, су көздері, жайылым, қора, серуен алаңдарының жағдайларына санитарлық-гигиеналық бағалау жүргізіледі де оларға ветеринариялық-санитарлық шаралар белгіленеді. Бұл санитарлық-гигиеналық зерттеу тәсілі бірнеше қосымша әдістерге сүйеніп жасалады. Ең бірінші -бағаланатын объектіге сипаттау-анықтама жасалады. Мысалы, зерттелетін объекті неден салынған (тастан, кірпіштен, ағаштан, құйма), қандай жерге орналасқан (дөңес, ойпаң, тастақ, құмайт, сазды), қандай қашықтықта (ел мекенінен, су көздерінен, жайылымнан, жол торабы, электр жүйелерінен), қай бағытта (ық жағы, жел жағы, биікте, ойда), жел өті мен күн бағытына қатынасы т.б. сипатталып көрсетіледі. Екіншіден - физикалық әдістерді (физикалық зерттеу құралдарын термометр, гигрометр, люксметр т.б.) пайдалану арқылы бағалау жасалады. Үшіншіден - кейбір объектілерге зерттеу жүргізгенде (ауаның газдық құрамына, судың, азықтың химиялық құрамына т.б.) химиялық әдістерді қолдану арқылы санитарлық-гигиеналық бағалау жасалады.

Сол сияқты жан-жақты күрделі зерттеу жүргізу кезінде бактериологиялық (бактерия түрлерін, мөлшерін анықтау), токсикологиялық (уландыру заттарды), радиологиялық, гельминтологиялық (құрт, құрт жұмыртқалары т.б.) қосымша әдістерді пайдаланып толықтай бағалайды.

2. Клиникалық-физиологиялық бақылау – сыртқы қоршаған ортаның факторлары (температура, ылғалдық, қысым, қозғалыс), малдарға жасалған жағдайлардың (байлау, қамау, жаю, тасымалдау, айдау т.б.) оның физиологиялық көрсеткіштеріне (дене температурасы, тыныс алу жиілігі, жүрек соғуы, малдың көңіл-күйінің өзгерісі т.б.), мал денсаулығы мен өнім мөлшеріне тигізетін әсерін анықтау арқылы бағаланады.

3. Тәжірибелік (эксперименттік) зерттеу тәсілі - кезінде қоршаған орта және малдарға туғызылатын әртүрлі жағдайлардың (жекелеме ұстау, топтап ұстау, бос немесе байлап ұстау, бетонды еденде, тор көзді, тақтайлы т.б.) материалдардан жасалған қора бөлшектерінің организмге әсерлерін анықтау үшін белгілі бір малдар тобына тәжірибе жасау арқылы санитарлық-гигиеналық баға беріледі. Бұл тәсіл мен бағалау кезінде көбінесе физикалық, химиялық, бактериологиялық, токсикологиялық т.б. қосымша әдістерді пайдаланады.

4. Статистикалық (есептеу) тәсілі - шаруашылықта жасалған ветеринариялық-санитарлық шаралардың пайдалы немесе зиянды жақтарын көрсетіп береді. Мысалы, малдарға жасалған әртүрлі жағдайлардың (ұстау, бағу, пайдалану мерзімі мен тәсілдері, азықтандыру, ауа жылуы мен төмендеуі, желдету, жарықтандыру мөлшері), т.б. мал басын сақтау мен өнімін арттырудағы пайдасы мен зияны салыстырмалы есептеу арқылы анықталады.

Ветеринариялық гигиена көптеген білім салаларымен тығыз байланыста болып, бірін-бірі толықтырып отырады. Ол әр затқа, құбылысқа санитарлық-гигиеналық баға беру кезінде химиямен, малдардың өсу-дамуын физиология, зоология мен, өсімдіктердің ботаникасымен, микроорганизмдердің ерекшеліктерін-микробиологиямен, жұқпалы ауруларды болдырмау саласында эпизоотологиямен, паразитологиямен, малдарды уланудан сақтандыру жолдарында – токсикалогиямен, шаруашылықта еңбектің өзіндік құнын төмендету жолында механизация және тағы басқа пәндермен тікелей байланысты екендігін білеміз. Сондықтан мал дәрігерін, санитар-дәрігерді, зоотехниктерді дайындау саласында ветеринариялық гигиена тек теориялық қана емес, тәжірибелік маңызы зор ілім болып саналады.


Дәріс № 2-5. (4сағ) Мал организмне атмосфералық ауаның санитарлық-гигиеналық маңызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет