Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері


Өзін-өзі бақылау және қарым-қатынас аясындағы әлеуметтік жағдайда, коммуникативтік біліктілікті, қабілеттілікті дамыту



бет22/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Байланысты:
пед шеберлик
Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық, Тілім менің тірлігімнің айғағы, Дене тәрбиесі және спорт тарихы тест, Ерекше білім лекция, инклюзив білім беру бағд, Этнопедагогика 1
Өзін-өзі бақылау және қарым-қатынас аясындағы әлеуметтік жағдайда, коммуникативтік біліктілікті, қабілеттілікті дамыту.
Сіз білесіз, мұғалімнің жемісті коммуникативтік мінез-құлқы оның дербес қарым-қатынас стилі болып табылады. Өзін зерттеп білу маңызды, сонымен бірге тек қана өзіңнің қарым-қатынас техникаңды ғана ретке келтіріп қоймай, қарым-қатынасыңдағы өзіңнің әлеуметтік бағытыңды да білгенің жөн:

  • мен серігіммен (партнермен) қарым-қатынасты қалай жасаймын: мақсат ретінде ме, құрал ретінде ме?

  • Маған процестің өзі қызықты ма, әлде тек қана оның нәтижесі ме?

  • Қарым-қатынас кезінде мен өзімнің сырқы келбетімді, көңіл-күйімді басқара аламын ба?

  • Адамдар, менің оларды барлық уақытта түсінуге тырысатынымды біле ме екен?

  • Менің сөйлеудегі мәнеріме, сөйлеу тоныма, қарым-қатынаста адамдардың көңілі тола ма?

Болашақ мұғалімнің мінез-құлық коммуникативтілігінің табыстылығы төмендегі арнайы қабілеттіліттіліктерінің дамуына байланысты:

  • әлеуметтік-перцептивтік (қарым-қатынастық серіктестікте оның ішкі дүниесін түсіне білуге қабілеттілік);

  • әлеуметтік-қиялдай білу қабілеттілігі (өзіңді басқа біреудің орнына қоя білу, оның реакциясын көре білу, сендіре білу).

3. Көптеген сұрақтарға талдау педагогикалық шеберлік сабағында жасалады, ал практикалық көмек осы жерде және психологияда, педагогикада, арнайы әдебиеттерді оқуда көрсетіледі.
Барлық уақытта қиялды (қайта жасау және шығармашылық), ассоциативтік және бейнелі есті, фантазияны дамытып отыруды есте ұстаған жөн. Естеріңізде ме, біз айттық, мұғалім сөзінің мәнерлілігінің міндетті шарты, оның баяндаған процестерінің, оқиғаның, заттардың ойша көрінісінің бейнесін тудыра алуы болып табылады. Мұндай жағдайда сөз эмоционалды, айқын болады, ол суретті қолмен емес, тіл қралдарымен салғандай болады, К.С.Станиславскийдің тілімен әсірелеп айтқанда “құлақ емес, көз”. Жасандылықпен мұндай сөйлеуге жету мүмкін емес. Өзіңде шындықтағы дүниені қабылдау, дыбысты, суретті көре білу және тыңдай білу біліктілігін дамыту керек және өзіңнің көргеніңді сөзбен жеткізе білуді үйрену керек. Бұл жерде театрлық педагогика жаттығулары жақсы көмек көрсете алады.
Осылайша, біз сіздермен педагогикалық шеберліктің элементтері болып табылатын мұғалім сөзінің бірнеше ғана сұрақтарын қарастырдық.
Айтылған әңгімелер, болашақ мұғалімдердің сөйлеу мәнеріне аса сақтықпен қарап, дамытуына негіз болады деп ойлаймыз, ал талантты педагог-жол салушылар тәжірибесі байытады және мәнерлі, айқын, сенімді педагогикалық сөйлеуді меңгеруде табандылық көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет