Дәріс №1 Жаңартылған білім беру жаңашылдық Білім беру мазмұнын жаңарту



Дата07.02.2022
өлшемі16,95 Kb.
#82912
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
1 д


Дәріс № 1 Жаңартылған білім беру – жаңашылдық
1. Білім беру мазмұнын жаңарту
2. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі
3. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау

Әлем алдыңғы қатарлы мектептер тәжірибелерін жалпылап, құнды бағыттары мен идеяларын ұлттық психологиямызға сәйкес пайдаланып, еліміздегі білім беру мәселесін жаңа жолға қою өзекті тақырып болып табылады.
Жаңаша әдіс-тәсілдерді оқып үйрену - заман талабы. Жеті модуль кіріктірілген осы бағдарлама - Қазақстандық мұғалімдерге кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және бағалауға көмектесу деп білемін.
Білім беру - бұл жекелеген құбылыс емес, ол оқушылардың оқу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған.
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Қазіргі таңда білім саласының басты мақсаты құзіретті, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырып, дамыту болып табыладыБүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыру екені сөзсіз. Білім беру мазмұнын жаңарту өте қажетті мәселе болып отыр. Оқу үрдісін жаңа әдіс-тәсілдермен жаңарту болып табылады. Н.Ә.Назарбаев: «Орта білім жүйесінде мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деген өз жолдауында.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі неде?
1. Ең бірінші пән мазмұнының спиральді берілуі керек. Өйткені спиральді білім арқылы пәнді оқушы терең меңгереді.
2. Оқу мақсатарына жету.
3. Ортақ тақырыптардың берілуі.
4. Оқу мазмұнының қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болуы жоспарлармен ұйымдастырылуы.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және критериалды бағалау жүйесін енгізу. Негізгі міндеттеріның бірі оқу мақсатына жету үшін критериалды бағалау жүйесін енгізу. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшелінеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады.
1. Қалыртастырушы бағалау.
2. Жиынтық бағалау.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі және үздіксіз жүре отырып мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік беріледі. Сондықтан оқушылардың оқу жетістігін бағалауда жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылып жатыр.
Қалыптастырушы бағалаудың шарттары:
1. Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуі;
2. Оқушылармен тиімді кері байланыстың болуы;
3. Оқушылардың өзіндік тану үдерісіне белсенді қатысуы;
4. Оқушылардың бағалау критерийлерін білуі және түсінуі;
5. Оқушылардың өз жұмысын талдай алу білігі мен мүмкіндігі;
Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуіне қалай жетуге болады:
1. Бастапқы кезеңде мұғалім сабақ мақсаттарын айқындап, оларды оқушыларға түсіндіріп, бірге талқылайды;
2. Күнделікті талқылаулар келешекте оқу мақсаттарын бірге айқындау дәстүріне айналуы мүмкін.
Бағалау критерийлері оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі. Дескриптор – жетістік деңгейінің сипаттамасы. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
- Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
- Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге бағалауға мүмкіндік береді;
- Ата-аналармен оқушының оқу жетістіктері бойынша обьективті дәлелдемелерлмен қамтамасыз етіледі;
Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлау, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, комуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар.


https://bilim-all.kz/article/6400-ZHanartylgan-bilim-beru---zhanashyldyq

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет