Дәріс №1,2. 1.«Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы». 2.Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі.
3.Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен тарихнамасының талдануы.
1.Отандық тарих ғылымы еліміздің тəуелсіздігімен бірге келген терең түбегейлі өзгерістер мен жаңаруларды басынан өткеруде. Оның басты көрінісі - тарих ғылымының бұрынғы идеологиялық қыспақтан арылып, төл тарихты зерттеуге бет бұрғаны. Ұлттық тарих тұтас ұлттық таным, төл рухани құндылықтар контексінде қарастырыла бастады.
Тарих ғылымы - ұлттың, елдің тəуелсіздігінің жəне тарихи сананы қалыптас тырудың тірегі. Өйткені Отан тарихы - оның əлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын ең негізгі фактор болып саналады. Тарихсыз қоғам, халық, мемлекет болмайтыны белгілі. Бірақ сол тарихтың ғылымға негізделіп, шынайы, түбегейлі жан-жақты зерттелмеуі тарихи сананың ұлттық рухтың əлсіреуіне əкелетініне, əсіресе өткен жиырмасыншы ғасырдың ұрпақтары талай рет көз жеткізді. Ендеше отандық тарих ғылымының алдында тұрған өзекті мəселе - сол ғылымның теориялық жəне методологиялық ұстанымдарына сүйене отырып, іргелі зерттеулер жүргізу арқылы болашақ зиялы ұрпақты тəрбиелеу. Төл тарихымызды танып-білудің үш құрамдас бөліктен құралатын кешенді бағыты төмендегідей: Бірінші бағыт - Қазақстан тарихының əртүрлі-деңгейдегі оқу орындарында ғы оқыту дəрежесін үнемі жетілдіріп отыру. Екінші бағыт — Отандық тарихты қолда бар құралдарды, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, халық арасында кең насихаттау. Үшінші бағыт - Қазақстан тарихының тереңдей зерттелуі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағаннан кейін жаңа тарихи таным қалыптастыру үшінтарих ғылымының теориялық-методологиялық мәселелерін қайта қарау қажеттілігі туындады. Сондықтан 1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы» дайындалып, онда өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау қажеттігі баса айтылды. Онда тарихи білімнің іргелі принциптері айқындалып, негізгі басымдықтары анықталды. Тұжырымдаманың мақсаты мемлекеттік саясаттың тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі басымдықтарын айқындау болып табылады.
Осы тұжырымдаманың негізінде: «Тарихи білімнің негізгі басымдықтары», «Тарих ғылымының проблемалары», «Тарихи білім беру мен ағарту ісінің келешегі» сияқты басты бағыттар қамтылынды. Ата тарихымыздың бұрмаланған беттеріне қоғамдастық ғылым жолындағы ғылыми әлеуеттер өкілдері де айтарлықтай іргелі ізденістер жүргізді. Басталынған іргелі мәселелерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын алға тартты.
Тарихшы ғалымдардың алдында тарихты жазуда, зерттеуде өзекті мәселелерге жаңа көзқарастар тұрғысынан қарап, дербес, тың ой-пікірлер мен тұжырымдар жасау міндеті тұрды. Бірақ тәуелсіз, жаңа тұжырымдар жасау оңайға түскен жоқ.Ғасырға жуық билік құрған Кеңес Одағының құрамында болған халықтардың барлығының тарихы бірыңғай саяси бағытта жазылғаны белгілі. Бұл, әрине, алып империяға қол астындағы халықты уысында ұстап отыру үшін, орыстандыру саясатын жүргізу үшін керек болды. Ал, осы саясатты жүргізу тарихшылар арқылы жүзеге асырылды. Сондықтан да, ХХ ғасырда тарих ғылымына жоғарыдан қысым жасалып, тарих тапсырыспен жазылды, қатаң бақылауда ұсталды.
Отан тарихы, біріншіден, əлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде, екіншіден, Шығыс əлемінің құрамдас бөлігі ретінде, үшіншіден, ислам əлемінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып, одан кейінгі кезеңдері Қазақстанның Ресей империясы мен Кеңес Одағының құрамындағы тарих ретінде қарастырылып, зерттелуі қажет. Осыған орай Қазақстанның тарих ғылымының алдына төмендегі міндеттер қойылды - өткен тарихты үзінділер түрінде емес, мүмкіндігінше тұтас үрдіс ретінде қарастыру; көне жəне орта ғасырлық тарихқа басты назар аудару; Қазақстан тарихының кеңестік кезеңін қай та қарау; қазақ диаспоралары тарихын зерттеуге басты назар аударумен қатар елімізді мекендейтін этникалық топтарына тиісті мəн беру. Сан түрлі дерек көздерін саралап, тарихтың ақиқатын аршу қаншалықты маңызды болса, оны келер ұрпаққа жеткізуде соншалық маңызды. Қоғамдық санада қалыптасқан - тарихтың өзі екшейді, өзі əділ бағасын береді дей тін ұғымдық категория бар. Бірақ ең бірінші адамдардың, қоғамның, халық тың санасына, зердесіне тікелей байланысты. Тарих - қоғамның, мемлекеттің өркениет тілігін көрсетеді. Өркениетті елдер төл тарихына құрметпен, жауапкершілік пен қарап, ерекше назар аударады. Өйткені, өткен тарихын құрметтей білген ұрпақ, келер ұрпаққа өз дəуірін сыйлата білері анық. Ендеше Отан тарихының өзектіде теориялық мəселелеріне сипаттама жасау арқылы ұлттық сана қалыптастыру. Оның міндеті алдына қойған мақсаты на сəйкес еліміздің басынан өткізген жекелеген үрдістеріне байыпты талдау жасау бүгінгі күні тарих ғылымының өзекті мəселелерінің бірі болып саналады.
2.Қазақстан мемлекетінің тəуелсіздік алуы ғылымды жаңа өзгерістерге алып келді. Сондықтан да, Қазақстан тарихы ғылымына қоғамдық жаңа ұлттық тарихымызды жазуға əлемдік тарих ғылымында өткен дəуірлеу мен қазіргі кезеңдегі тарихи құбылыстардың кезеңдік межелерін айқындау тəжірибесін ескеру қажет бола бастады. Дəуірлеу тарих ғылымы методологиясындағы күрделі мəселелердің бірі. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арыңды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Ресей патшалығы әлсіреді. Сол кезде қазақтарда өз мемлекетін қүру үміті тағы да ояна бастайды. Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды. Қалай болғанда да, Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы аяқталды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің осынау ыстық жігері, ұлттық рухы сол кезде қалыптасқан жағдайлардың себебінен өмірде іс жүзіне аса алмады. Сөйтіп, 1917 жылдан 1920 жылға қазақтың ұлттық рухы ауыр езгінің астына түсті. Қазақстан - КСРО-ның құрамына кірді.
Əлемдік тарихта қазіргі заман тарихының басталу кезеңін бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу уақытымен алса, Кеңестік жүйе де 1917 жылғы қазан төңкерісінің уақытымен алған болатын. Пайымдауша Қазақстан тарихындағы қазіргі заманды қазақ жеріне капитализмнің енуінен бастау керек деген орынды.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуін төмендегіше жазуға болады:
1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағыұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.
2. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.
3.Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы.
4.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалар.
5.ТәуелсізҚазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.
6. Қазақстан - замануи әлем мойындаған ел.
3. Тарихтың фактісіз жазылмайтындығы белгілі. Тарих ғылымының дәстүрлі деректемелік негізі әр қырлы археологиялық, этнологиялық, фольклорлық және өзге де материалдардан тұрады. Тарихшылар кітапхана қорлары мен мұрағаттарда сақталған көптеген деректерді қолданады. Тәуелсіздікке дейінгі Қазақстан тарихының деректемелік негізін археологиялық қазба жұмыстарының материалдары, антикалық, ортағасырлық – батыс, парсы, араб, орыс, қытай, моңғол және өзге де тарихшы-жылнамашылардың еңбектері, мұрағат құжаттары құрайды. Қазақстан тарихына кеңестік кезеңдегі түрлі құжаттық деректер де өзіндік үлесін қосады. Алайда, сол он жылдықтардың идеологиялық ізін де ескерген орынды.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеуде қоғамдағы саяси, әлеуметтік – экономикалық және рухани өзгерістерді бейнелейтін негізі деректер, құжаттар мен материалдар:
Республиканың басым бағыттары мен даму нәтижесін, мақсат-міндеттерін айқындайтын мемлекет басшысының жарғылары, жолдаулары, баяндамалары, сөйлеген сөздері;
Парламент тарапынан қабылданған заңнамалық құжаттар;
Еліміздің ішкі және сыртқы дамуын, Қазақстан дамуының саяси-өңірлік, әлеуметтік экономикалық қырларын нақтылайтын үкіметтік қаулылар мен құжаттар;
Атқарушы биліктің орталық және өңірлік органдарының құжаттары, түрлі деңгейдегі мәжілістер материалдары;
Азаматтық қоғам институттарын, саяси партиялардың, шетел сарапшыларының ұстанымдарын бейнелейтін материалдар;
Тәуелсіз Қазақстанды құруға ат салысқан тұлғалардың естеліктері;
Әлеуметтанулық сауалнамалар материалдары мен статистика мәліметтері;
Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша қазақстандық және шетел ғалымдарының тұжырымдамалық және іргелі еңбектері;
Мерзімді басылым материалдары;
Өзекті мәселе бойынша интернет-қорлары.
Тәуелсіз Қазақстан тарихын жазуға негіз болатын құжаттық негізін заңнамалық актілер мен стратегиялық құжаттар құрайды. Бірінші кезекте «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы» (1991 жыл), 1995 жылғы «Қазақстан Республикасының Конституциясы», ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан - 2030: барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» (Алматы, 1997) және Елбасының басқа да Жолдауларын атаймыз. Заңнамалық актілер мен стратегиялық құжаттар Тәуелсіз Қазақстанның негізін салып, оның болашақ даму қырларын анықтап,елдегі іргелі өзгерістерге жол ашты.
Мемлекеттік стратегияны талдауда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері маңызды болып табылады. Өйткені, Елбасы еңбектерінде мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы, ішкі және сыртқы саяси жағдайлар туралы, тәуелсіздіктің қалыптасу үрдісіндегі мәселелер, табыстар мен қиыншылықтар туралы толық ақпарат беріледі. Президент еңбектерінің өзектілігі, оның тарихи үрдістің қарапайым ғана қатысушы емес, КСРО – ның ыдырауы және тәуелсіздіктің қалыптасуы кезінде, қазіргі уақытта да маңызды шешім қабылдаған саясаткер екендігімен түйінделеді. Елбасы еңбектері тарихи фактілерге толы ғана емес, сонымен бірге талдау негізінде әрі жан-жақты сипатта жазылған. Оларда 1980 жылдардағы кеңестік қоғамның дағдарысы, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алу үрдісі, экономикалық реформалардың жүргізілуі мен мемлекеттік-саяси жүйенің дамуы зерделенеді.
Қазақстан экономикасын жаңғырту (модернизация) бойынша берілген деректер ішінен заң күші бар және экономикалық дамуды жандандырған Елбасының жарғылары, Қазақстан халқына Жолдауы және мемлекет басшысының ірі халықаралық форумдар мен кеңестерде сөйлеген сөздерін атауымыз қажет. Сонымен бірге Республикада мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру сияқты аса күрделі, қарама – қайшылығы мол мәселеге қатысты кейбір оқиғалар мен үрдістер құжаттық деректерде жеткіліксіз берілген, сонымен қатар аналитикалық материалдар мен публицистикалық мақалалар саны да мардымсыз. Осыдан келіп реформалар барысын, елдің әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіші ретіндегі статистикалық мәліметтерді талдаудың маңыздылығын айта кетуіміз де керек.
Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеуде Қазақстан тарихын зерттеудің бай дәстүрі бар. М.Х. Дулати, Қ.Жалайыр, Қ. Халиди, Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, Ә. Бөкейханов және т.б. ғалымдар мен ойшылдар Отан тарихының күрделі мәселелерін шешуге сүбелі үлес қосты. Кеңестік жылдарда ұлттық тарихнама С.Асфендиаровтың, М. Тынышбаевтың, Х. Досмұхамедовтың, Е.Бекмахановтың, Ә. Марғұланның, Г. Дахшлейгердің, Р. Сүлейменовтың қаламынан шыққан толымды еңбектермен байыды. Ел тарихының жарқын беттері тәуелсіздік тұсында жазылғаны күмәнсіз. М.Қозыбаев, М.Асылбеков, К.Нұрпейісов, К.Байпақов, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиев, Қ.Атабаев, В.Зайберт т.б. танымал ғалымдардың еңбектері ұлттық тарихтың ақтаңдақтарын жоя бастады.
Тарихнаманың маңызды арқауы Қазақстан республикасының Тұңғыш Президентінің мемлекеттік қызметі, әсіресе жаңа Қазақстанның жаңа астанасы Астананы салдыруы болып табылады. Қазақстанның жаңа астанасы туралы Елбасының «Еуразия жүрегінде» (Алматы, 2005) еңбегінде астананы ауыстырудың негіздері, мемлекеттің дамуындағы ел астанасының мәні терең ашылып көрсетіледі. Осы орайда ғылыми, публицистикалық және құжаттық шығармалар қатарындағы төмендегідей кітаптарды айтуға болады: Н. Ә.Назарбаевтың «Халыққа арнау» (2007), «Ел басы мәртебесі – ел мәртебесі»(2007), «Қазақстан. Жаңа асулар жылы 2002» (2003), М. Касымбеков «Становление института президентства в Республике Казахстан» (2000), «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» (2005), Ж. Сааданбеков «Нурсултан Назарбаев. Законы лидерства» (2005), «Қазақстан. Тәуелсіздіктің 15 жылы»(2006), «Қазақстан әлемнің тоғызыншы мекені»(2007), О.Видова «Нурсултан Назарбаев: портрет человека и политика» (1998), «Бәйтерек» (2003), А. Джаксыбеков «Так начиналась Астана» (2008) т.б.
Халықаралық қатынастар тарихнамасында Қ. Тоқаевтың«Беласу. Дипломатиялық очерктер» (2003), «Под стягом независимости. Очерки о внешней политике» (1997); «Дипломатия Республики Казахстан» (2002), «Нұр мен көлеңке» (2008), Т.Мансұровтың «Казахстанско-российские отношения в эпоху перемен» (2001) зерттеулері ерекше орынды иеленеді. Саяси тарих бойынша әдебиеттер қатарынан - К. Бұрхановтың, Б. Сұлтановтың, Б. Аяғанның «Современная политическая история Казахстана 1985-2006 гг.» (2006) еңбектерін атауға болады.
Қазіргі уақытта аталған тақырып төңірегінде салмақты және іргелі зерттеулер қолға алынуда.