Дәріс 1 Пәннің міндеті мақсаты, әдістері. Курстың ғылыми – теориялық және методологиялық негізі


Дәріс 5 Педагогикалық қатынастағы демократиялық және гуманизм негізіндегі технологиялар



бет6/14
Дата07.02.2022
өлшемі206,5 Kb.
#86246
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
daris bm innovatsiya

Дәріс 5


Педагогикалық қатынастағы демократиялық және гуманизм негізіндегі технологиялар.

Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдің қатарына қосылуы түралы алға қойып отырған игі мақсаты - еліміздің әрбір азаматының, әрбір сала маманыңың киелі міндеті де болып саналады.


Ал білім беру саласына қатысты айтатын болсақ, бұл мәселе тіптен өзекті бола түспек өйткені, жоғары тиімділікпен білім беру арқылы ғана болашақ азаматтарымыздың диежүзілік жоғары даму көрсеткіштеріне ие болып отырған елдердің деңгейіне өсуге деген ынтасы мен ықыласын қалыптастыра, жетілдіре аламыз.
Қазіргі кезде өмірдің барлық дерлік деңгейі мен саласында болып жатқан динамикалық өзгерістердің тубі адамның жағдайын әлеуметтік-экономикалық жағынан жақсартуға бағытталған.
Мектепте білім беру жүйесінде жасалып жатқан өзгерістер мен күтіліп отырған 12 жылдық білім беру мәселесі де - қазақстандық жас ұрпақтың болашақ, ел тұтқасын қастерлеп ұстап азамат дәрежесіне жетуіне көмектесетін жақсылық нышаны деп танылып отыр.
Қазақстан Республикасының білім беру саясатының барлық азаматтардың білім алудағы теңдігі, дарынды тұлғаларға деген үкімет тарапынан қамқорлық болуы, білім берудің гуманиетік және дамытушылық сипатта келуі, білім беруді ақпараттандыру сияқты оң бағыттары кеңестік дәуірден қалған догмалық-жаттанды білім беруді біртіндеп ығыстырып бара жатыр.
Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі міндеті - оқушыны ұлттық және жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарды игерген жеке тұлға дәрежесіне көтеру, ғылым мен техниқаның жетістіктерінен абетракциялық білім алып қоймай, өзінің өмірінде қолдана білуге дағдыландыру.
Мұндай үлкен міндеттерді шешу үшін, дәстүрлі оқыту жүйесінен біртіндеп қарқынды даму шеңберіне жеткізе алатын жаңа оқыту технологияларын қолдану керек және жаңа тұрғыдан оқыту барысында білім мазмуны ғана негізгі мақсат болмай, адамгершілікпен гуманиетік бағыт басты нысан ретінде ұсталынуы керек.
Жаңа оқыту технологияларын, көп жағдайда, дәстүрлі оқыту жүйесіне қарама-қарсы қойып сипаттау әдісі орын алып жур. Бұл дурыс па? Өйткені, "дәстүрлі оқыту" дегеннің өзі - ғылыми термин болып ғылыми ойлау айналымына енді ме? Ал "жаңа оқыту технологиясы" дегенде "ескі оқыту технологиясы" дегеннің орныңа келген жаңа нәрсе тусінілетін сияқты.
"Жаңа оқыту технологиясы" түралы ізденістерде Коменскийдің, Песталоццидің, Алтынсариннің оқыту жүйелері сол педагогикалық технологиялардың бастауы сияқты алынып жүргенін көру қиын емес. Ал "дәстүрлі оқыту жүйесі сынып-сабақтық жүйе" -Коменскийден келе жатқан мұра жолы емес пе?
Сонда "дәстүрлі оқыту" деп жүргеніміз - Кеңес оқыту жүйесі екенін анық та ашық айтып, әр мемлекеттің өз қоғамында өмір сүріп отырған мектебіне өзінің сұранысына қажетті қоғам мүшесін даярлауды тапсыратыны түралы неге айтылмайды?
Социалиетік қоғам азаматын тәрбиелеуде жаттанды білімнің қажет болуының өзіндік бір реті бар ғой.
Оны болашақ тарихи тұрғыдан танырмыз. Бірақ "жаңа оқыту технологияләры" деген ғылыми ұғымды тек дәстүрлімен салыстыру арқылы тану біржақты түсінікке әкетіп бара жатқаның көру қиын емес,
Жаңа оқыту технологияларын бұрынғы оқыту әдістемелерінің орныңа келген жаңа түсінік деп те қабылдамау керек.
"Технология" - өндірістен алынған ұғым дейтін болсақ. белгілі бір бұйымды модельдеу, соған қажетті материалды өлшеу, ол материалды нәтиже даярлайтын процеске салу, түпкілікті нәтижені алдың ала болжау арқылы сол нәтижені алуға бағытталған қызмет процесін ұйымдастыруды білдіретін бұл ұғымның білім берумен байланысы тікелей анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет