Дәріс №1 Полимерлер туралы негізгі ұғымдар



бет31/31
Дата26.08.2022
өлшемі2,87 Mb.
#148252
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
1869723674629 Лекция ВМС (1)
мақала, Ғылыми стиль, Характеристика, Шай дайын (1)
Полиалкилентерефталамиды терефтал қышқылының дихлорангидриді мен алифатты диаминдерді поликонденсациялау арқылы алады:

Полимерлер күкірт және үшфторсірке қышқылдарында ериді. Талшықтар өндірісінде қолданылады.
Полифенилентерефталамид

Терефтал қышқылының дихлорангидриді мен п-фенилендиамидті фазааралық поликонденсациялау арқылы алады:

Термотұрақтылығы жоғары.
Полиимидтер.
Полифталимидтер

Бірінші компонент ретінде терефтал қышқылының туындылары, екінші компонент ретінде диаминдер, мысалы, пиперазин қолданылады:

Полипиромеллитимидтер:

Полипиромеллитимин қышқылын дегидратациялау арқылы алады. Ол пиромеллит қышқылының диангидриді диаминмен поликонденсацияланғанда алынады:

Полипиромеллитимидтер жоғары механикалық және диэлектрлік қасиеттерге ие, тотықтыруға, радиацияға, еріткіш әсеріне тұрақты. Олар 4200С дейін тұрақты.
Полисульфонилбензимидтер.

4,4/-сульфонилдибензой қышқылының дихлорангидриді екіншілік диаминдермен фазааралық поликонденсацияланғанда алынады:

Полипиперазин 4,4/-сульфонилбензимидті 4,4/-сульфонилдибензой қышқылының дихлорангидриді пиперазинмен фазааралық поликонденсацияланғанда алынады:

Бұл полимер 3400С дейін тұрақты, N, N/ - диметилформамидте және құмырсқа қышқылында ериді.
Полиуретандар. Олар дикарбамин қышқылдардың R(NHCOOH)2 және гликольдардың эфирлері:

Полиамидтерге жақын, себебі уретан тобына амид тобы кіреді
Полиуретандарды алу әдістері:
Диизоцианаттардың гликольдермен поликонденсациялануы:

Гликолдердің дихлоркөмірқышқылды эфирлердің димаминдермен поликонденсация лануы:

Бастапқы өнімдер ретінде функционалдығы екіден артық заттарды қолданса, тігілген полиуретандар алынады:

Негізгі тізбегінде күкірт бар полимерлер.
Жай тиоэфирлер, полисульфидтер, полисульфондар.
Жай тиоэфирлі байланысы бар полимерлерді этиленсульфидінің полимерленуі немесе алкилгалогенидтердің натрий сульфидімен поликонденсациялануы арқылы алынады:

Дихлорэтан натрий тетрасульфидімен полиэтилентетрасульфидті түзеді:

Полиалкилентетрасульфидтер – каучук тәріздес полимерлер, олар тиоколдар деп аталады. Олар майларға және ерітікіштерге тұрақты. Сілтілердің сулы ерітінділері әсер еткенде полиалкилентетрасульфидтер екі күкірт атомын бөліп алып, полиалкилендисульфидтерге айналады.

Политиоэфирлерді димеркаптандар қатысында диолефиндерді полимерлеу арқылы алады:

Ароматты полисульфидтерді п-галогентиофенолдардың тұздарын поликонденсациялау арқылы алады:

Полифениленсульфид балқы температурасы 2950С, ауада 4000С дейін тұрақты. Шыныға адгезиясы жоғары.
Политиоэфирлер асқын тотықтармен тотыққанда полиалкиленсульфондар түзіледі:

Полигексаметиленсульфон 2120С температурада балқиды. Полиалкиленсульфондарды күкірт қос тотығы этиленмен немесе оның туындыларымен полимерлену арқылы алады.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: құрамында оттегі, азот және күкірт бар негізгі полимерлердің құрылысы мен қасиеттері, оларды алу және қолдану
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Ароматты полисульфидтерді қандай әдістермен алады?

  2. Полиуретандарды алудың негізгі жолдары. Қолдану аймақтары

  3. Полиимидтердің физика-химиялық қасиеттері. Алу әдістері.

Ұсынылған әдебиеттер:
1. Стрепихеев А.А., Деревицкая В.А. Основы химии высокомолекулярных соединений: Уч. пособие. М.: Химия, 1976. С.336-401
2. Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы. Авторлар ұжымы.Алматы: Санат. – 1995. 297-315 б

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет