Дәріс 11. Өндірісті жоспарлау. Өндіріс қуаттылығы, факторлары. Қаржылық жоспарлау



Дата17.02.2023
өлшемі35,68 Kb.
#169168
түріҚұрамы
Байланысты:
Дәріс 11 осымша
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э

Дәріс 11.
Өндірісті жоспарлау. Өндіріс қуаттылығы, факторлары. Қаржылық жоспарлау.

1. Кәсіпорын жоспарының міндеті мен құрамы


2. Өндірісті жоспарлаудың принциптері мен ұйымдастырылуы
3. Өндірісті жоспарлау әдістері
4. Өндірісте ағымдық жоспарлауды ұйымдастыру
5. Өндірістік стратегияны дайындау
1. Кәсіпорын жоспарының міндеті мен құрамы
Жоспарлау – бұл болашақта фирманың дамуы мен қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, шешімдерді дайындау мен қабылдау процесі.
Жоспарлы шешімдердің объектілері: мақсат қою және фирманың стратегиясын дайындау, фирма қызметінің ішкі және сыртқы орта жағдайлары өзгерістеріне сай ресурстарды (материалдық, ақшалай, еңбектік) бөлу және қайта бөлу. Кең мағынады, осындай шешімдерді қабылдау, жоспарлы шешімдердің маңызды жағы болып табылады.
Ал тар мағынада, жоспарлау дегеніміз алдағы (жоспарлы) кезең ауқымында алда тұрған мақсаттарға жету үшін фирманың нақты іс-әрекетін анықтайтын арнайы жасалған құжаттар.
Фирма ішіндегі жоспарлау келесідей негізгі міндеттерді орындайды:
оның қызметінің мақсатын және оған жетуге көмектесетін нақты міндеттерді құрады;
фирманың және оның басқару жүйесіндегі құрылымды қайта құру үшін қажетті негізді құрайды;
осы мақсатарға жету процесінде жұмысшылардың қызметін үйлестіру үшін негіз құрады;
шешімдердің жақсы нұсқасын таңдауды қамтамасыз етеді;
фирма қызметінің нәтижесін бағалауға көмектесемін, стандарттар мен көрсеткіштер жүйесін құрады.
Жалпы айтқанда, жоспарлау арқылы фирма барлық құрылмдарының тиімді ырғақтық нәтижесіне жетеді, болашақта белгісіз теріс нәтижені жояды, қолда бар өндірістік әлеуетті толық қолдануды қамтамасыз етеді.
Нақты кәсіпорын қызметінде келесідей жоспарлардың түрлері болады:
· стратегиялық жоспар – ұзақ мерзімді жоспар, көбінде 10 – 15 жылға құрылады.
· ұзақ мерзімді жоспарлар – бір неше жылға жасалынады және фирма стратегиясының жекелеген мәселелерін шешуге бағытталған жоспарлар. Бұндай жоспарлар стратегиялық жоспардың бір бөлігін құрайды;
· ағымдық жоспарлар – ағымдағы қаржылық жылдағы фирма қызметінің барлық бағыттары бірігетін жоспарлар;
· жедел жоспарлар – қысқа мерзімде кәсіпорын қызметінің нақты мәселелерін шешуге арналған жоспарлар;
· инвестициялық жобалар – өндірістік қуаттарды модернизациялауға немесе жаңартуға бағытталған, капитал салымдарының жоспары;
· бизнес‑жоспар – жаңа фирма ашуға арналған жоспарлар, онда кәсіпорын қызметінің бағдарламмасы, кәсіпорын қызметінің нақты жетістіктері бойынша нақты шаралардың жоспары, күтілетін шығындар мен табыстар көрсетіледі. Бұл жоспар маркетингтік зерттеулер негізінде дайындалады.
Жоғарыда көрсетілген жоспарлар тәжірибеде үш негізгі типке біріктірілуі мүмкін.
Біріншіден, жоспар‑мақсат, болашақта басқару объектісі мен оның жекелеген элементтерінің жағдайынан күтілетін сандық жыне сапалық қасиеттерінің жиынтығын көрсетеді.
Екіншіден, қайталанып отыратын іс‑әрекеттер үшін жасалатын жоспар, стандартты ситуацияларда орындау тәртібі мен оның мерзімін көрсетеді. Мысал ретінде, транспорттың жүру кестесі мен кино сеанстардың кестесін және т.б. айтуға болады.
Үшіншіден, қайталанбайтын іс‑әрекеттер үшін жасалатын жоспарлар, қайта туындаған мәселелер, ерекше шешімдер үшін құрылады. Олар фирма қызметінің дамуы мен өзгерісін сипаттайды. Бұндай жоспарлар бюджет, бағдарлама, жүйелік кесте нысанында құрылуы мүмкін.

2. Өндірісті жоспарлаудың принциптері мен ұйымдастырылуы


Жоспарлау процесі бірқатар принциптерге немесе ережелерге негізделеді.
Негізгі, бас принциптерге, өндірістік демократия жағдайында нарықтық жоспарлауда, оның бастапқы кезендеріндегі жоспарлау жұмысына қызметкерлердің максималды санының қатысуы болып табылады.
Жоспардың басқа принципіне, фирманың шаруашылық қызметі сипатына сай үздіксіздікті жатқызуға болады, нәтижесінде жоспарды бір реттік акті ретінде емес, яғни өзгеріп жатқан жағдайларға сай ұйымды қайта жаңарту жобаларын құру, ресурстарды бөлу, стратегияны дайындау, мақсат қою, жоспар құру процесінің үнемі жаңартылып отыруы деп қарастыруға болады.
Жоспар процесінің негізінде үйлестік және интеграция принциптері жатыр. Жоспарлы қызметтің үйлестігі бір деңгейдегі бөлімшелер арасындағы «горизонталдық бойынша» жүргізілсе, ал интеграция - жоғары тұрғандар мен төменде тұрғандар арасындағы ‑ «вертикалдық бойынша» жүргізіледі.
Жоспарлаудың маңызды принципі үнемділік болып табылады. Оның мәні, жоспардан алынатын нәтиженің максималдығымен байланысты, мақсаттарға жету жолдарын қарастыру болса, ал жоспарды құру шығындары одан көп болмау қажет.
Тағы бір принцип, жоспарды орындауға жағдай жасалмаса, онда ол қағаз бетінде орындалмай қала береді.
Жоғарыда аталған принциптерден басқа, тәжірибеде басқа да принциптер (жоспарлаудың ғылыми сипаттамасы, пропорционалдық, жоспарлардың әдістемелік бірлігі, жинақтаулық, оңтайлық және т.б.) қолданылады.
Жоспарлау принциптерін жүзеге асыру кейбір ережелер мен талаптарды қолдануға жағдай жасайды:
1. Басқару деңгейлерінің байланысы
- «Жоғарыдан төмен» жоспарлау (жоспарды нақтылау)
- «Төменнен жоғары» жоспарлау (жоспарды ірілендіру)
- Жоспарсыз жұмыс жасау (толық өкілеттілік)
- Нәтиже аймағындағы жоспарлау (жартылай өкілеттілік)
2. Күнтізбесіне байланысы
- Күнтізбе аралығы бойынша көлемді жоспарлау
- Жұмыстың аяқталу мерзімі бойынша қатаң жоспарлау
- Жұмыс кезектілігін еркін жоспарлау
3. Жоспарлау шегінің ұзақтығы
- Бір аралыққа жоспарлау (дискреттік жоспарлау)
- Жылжымалы жоспарлау (жоспарлы шек есепті мерзімнен ұзақ)
- Қалдық жоспарлау (жоспарлы шектік азайюы)
- Икемді жоспарлау (жоспарлы шекті таңдаумен байланысты)
4. Алдыңғы нәтиженің ықпалы
- "Нөлдік" деңгейде жоспарлау (бұрынғы міндеттер жойылады)
- «Қайталанатын» жоспарлау (бұрынғы міндеттер орындалады)
5. Жоспарлау кезіндегі айнымалылар
- Тапсырыс бойынша жоспарлау
- Өнім тобына бойынша жоспарлау
- Техникалық‑экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлау
- Құрамдасқан жоспарлау
6. Жоспарлау объектілері арасындағы байланыс
- «Тар» орын бойынша жоспарлау
- «Шығудан кіруге дейінгі» жоспарлау
- «Кіруден шығуға дейінгі» жоспарлау
- Өнім бірліктерін рет ретімен «өткізу»
7. Жоспарлау ағымдары
-Өнім ағымы (шикізат, материалдар - дайын өнім қоймасы - сатып алушыларға жеткізу)
- Шығын ағымы (шикізатқа, жұмыс күшіне, құралдарға кеткен шығындар - дайын өнімнің құны - өндіріс - өткізуге кеткен шығындар)
-Ақша ағымы келесілердің есебімен бағаланады (сату көлемі, баға динамикасы, сауда және көлік шығындары, үстеме шығындарының динамикасы, өнімнің өмірлік циклы, табыс және шығын арасындағы өсім қатынасы)
8. Жоспарлы жұмысты ұйымдастыру принципі
- Жоспарлы қызметтің мамандандырылуы
- Жоспарлау процесттерін бөлу және жоспарды түзету
- Нормативтік жоспарлау және жоспарды күнтізбелік мерзіммен байланыстыру
- Компьютерлік жүйе арқылы жоспарлы жұмысшылардың өзара іс-әрекеті
- Кәсіпорынның бір сызықтық құрылымы ретінде жоспарлауды іске асыру.
3. Өндірісті жоспарлау әдістері
Қазіргі уақытта жоспар құрудың бірнеше әдістері бар, олар: баланстық, нормативтік, математикалық‑статистикалық.
Баланстық әдіс,фирмада бар немесе болатынресурстардың өзара байланысына және жоспарлы кезең (жоспарды құруға қажетті мерзім) ауқымында ресурсқа деген қажеттілікке негізделеді. Егер тұтынуға қажетті ресурстар аз болса, онда дифицитті жою үшін қосымша көздерді іздеу басталады. Қажетті ресурстарды сырттан тартуға болады, немесе өз шаруашылығында рационализациялау жолымен алуға болады. Егер тұтынуға қажетті ресурстар аса көп болса, онда мәселені керісінше шешу керек немесе артықшылықтан құтылу қажет.
Бұндай кестелер негізінде баланстық басқару жатыр, кезең басына қалған қалдық, оларға ішкі және сыртқы көздерден келген түсімдер шығындар сомасына (сыртқа тұтыну мен сату) және кезең соңына қалған қалдыққа тең болуы қажет.
Жоспарлауда натуралды баланстармен қатар, құндық баланстар да кеңінен қолданылып жатыр. Бұл бірнеше жағдайлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, фирма нарықтық қатынастардың субъектісі болып табылады, ол қызметінің жағдайын жасауға қажеттінің барлығын сатып алады және өндірілген өнім мен қызметін ақшаға сатады. Демек, ресурстар мен дайын өнімнің барлық ағымы басынан ақшалай сипатта болады, бұл жоспар құру үшін ыңғайлы болып табылады.
Екіншіден, кейбір ресурстар мен өнімдер тәжірибеде тек қана құндық өлшемде айтылады, мысалы, ақпарат, интеллектуалдық меншік және т.б.
Үшіншіден, әр тектілі ресурстар мен өнімдерді жалпылайтын көрсеткіштер тек ақшалай көріністе болады, өйткені әлі күнге дейін бір тонна қартоп пен бір литр сүтті немесе темір массасымен электрэнергиясының килловатын қосу әдісін ешкім ойлап таппаған.
Еңбектікбаланстар да алуан түрлі болуы мүмкін. Жұмыс уақытының балансы бір жағынан фирмада бар кезеңдегі (сағаттағы) оның ресурстары, және, екінші жағынан, осы уақыттың әр түрлі жұмыстарға бөлінуі. Сонымен қатар, еңбекке жұмыс күшінің балансы және олардың қозғалысы жатқызылады.
Нормативтік әдісбелгіленген кезеңде жоспарлы міндеттер негізіне өнім бірлігіне жұмсалған әр түрлі ресурстар (шикізат, материалдар, жабдық, жұмыс уақыты, ақшалай ресурстар және т.б.) шығындарының нормасы кіреді.
Жоспарлауда қолданылатын мөлшерлер натуралдық, құндық және уақыттылы болуы мүмкін.
Натуралдық мөлшерлер өнім бірлігін өндіру үшін қажет материалдық ресурстар (шикізат, энергия және т.б.) шығынын көрсетеді.
Құндық мөлшерлер әр түрлі ресурстарды жалпылайтын шығындар, немесе ақшалай нысанан басқаша көрсете алмайтын шығындарды (амортизация), немесе тікелей ақша шығындарын (өнім бірлігіне төленетін еңбек ақы) көрсетеді. Уақыт мөлшерлері жұмысты орындауға немесе олардың жеке элементтеріне кеткен шығындарды көрсетеді. Осылайша, жедел уақыт мөлшері, жұмыс орнына қызмет ету уақыты, жеке үзілістер уақыты, дайындау-аяқтау уақыты және т.б. бөлінеді.
Жоспарлау әдісінің үшінші тобын математика‑статистикалық әдіс құрайды, ол әр түрлі үлгілер негізінде оңтайландырылған есептер арқылы орындалады Қарапайым үлгісі статистикалық болып табылады. Статистикалық үлгілер қаржылық операцияларды жоспарлауға, ағымдағы салымдар мен берілген пайыздық мөлшерлерге негізделе отырып, болашақта алатын табысты есептеуге мүмкіндік береді. Әсіресе қаржалақ жоспарлау саласында кеңінен қоланылады.
4. Өндірісте ағымдық жоспарлауды ұйымдастыру
Өндірісті тактикалық жоспарлау бір жылға немесе одан да қысқа мерзімге арналған. Ол ағымдық (қысқа мерзімді, жедел) жоспалар негізінде құрылады, жоспарлы кезеңде фирманың алдында тұрған мәселелерді шешудің тактикасын құрайды. Ағымдық жоспарлау дегеніміз қойылған мақсаттарға жету үшін, өндірістің барлық элементтерінің тұтас әрекетін қамтамасыз ететін, фирма қызметінің процесін дайындау мен жүргізу тәжірибесі мен теориясының жиынтығы.
Ағымдық жоспарлау фирманың стратегиялық жоспарын іске асырудың кезеңі болып табылады. Нарықтық экономикада ағымдық жоспарлаудың негізі ағымдық жылдағы өнімді өткізу болжамы болып табылады. Сонымен бірге, стратегиялық жоспарға қарағанда ағымдық жоспардың нәтижесі өзгеше. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ағымдық жоспарлаудың құрылымдық сызбасын келесідей бейнелеуге болады (3.8.1- сурет).
Ағымдық жоспарлау кәсіпорынның әртүрлі қызмет түрлері бойынша жоспарлар жиынтығын көрсетеді. Ағымдық жоспарды дайындау бөлімшілерден басталуы қажет. Олардың алдарында тұрған (стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру қажеттілігін туындайтын) міндеттер, оларды шешу үшін қажетті ресурстардың болуы мен әрекеттер жоспарын дайындауды талап етеді. Соңында жоспарлар бөлімшелер үшін бюджет немесе смета түрде жасалады. Өткізу болжамы – бөлімшелердің барлық бюджеті құрылатын негіз болып табылады. Кәсіпорынның ағымдық жоспарын дайындаудың кезектілігі келесі кестеде келтірілген.
Қысқа мерзімді жоспарлар, ағымдық жоспарлардың құраушы бөлігі, тұтас фирмаға және жекелеген бөлімшеге бір жылға дейінгі мерзімге күнтізбелік жоспар түрінде жасалады. Олар қызметтің мынадай салаларын қамтиды: ғылыми зерттеулер, маркетинг, материалдық-техникалық қамту, өткізу, өндіріс, қолда бар материалдық және қаржылық ресурстар және бюджет түрінде болады.
5. Өндірістік стратегияны дайындау
Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені көздейтінін көрсетсе, ал стратегиясы осы нәтижеге жету жоларын, бағыттарын анықтайды.
Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайының қызмет ету ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бірақ барлық кәсіпорындар стратегиясын анықтау барысында мынадай мәселелерді шешкен жөн;
1. Қандай өндірістерді тоқтату керек?
2. Қандай өндірісті жалғастыра беру керек?
3. Алдағы уақытта қандай өндіріске көшу қажет?
Қазіргі нарықтық жағдайлар іс жүзінде басты бағытты көздейтін стратегиялар эталондық стратегиялар деп аталады. Олар үш топқа бөлінеді:
1 - топтағы стратегиялар:
- өндіретін өнімнің сапасын жақсарту;
- жаңа өнім өндіруді бастау;
- нарықта өзінің артықшылығын көрсету.
2 - топтағы стратегиялар. Стратегияның интеграциялық дамуы, яғни жаңа құрылымды қосу арқылы кәсіпорынның өсу жолдары жатады.
3 - топтағы стратегиялар. Бұл мақсаттылық пен қысқарту стратегиясы. Егер кәсіпорынның өндірісі ұзақ уақыт бойы өсіп келіп, ең соңғы кезде ол құлдырай бастаса, нарықтағы өзгерістерге қарай пайда әкелмесе, онда кәсіпорын нысаналы түрде жоспарға өз өндірісін қысқартуға мәжбүр болады.
Кәсіпорын алға қойған стратегиясының жүзеге асыру үшін өзінің іс-әрекетін қай бағытта, қандай заңдар негізінде орындайтынын анықтайды, яғни өзінің саясатын және тактикасын белгілейді, алға қойған стратегиялық мақсатқа жету жолдарын анықтайды.
Кәсіпорын стратегиясын орындау үшін өз қызметінде мынадай шарттар орындалуы тиіс:
Ø кәсіпорынның мақсатты стратегиясы сол кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне түсінікті болу керек;
Ø стратегияны орындауға қажетті қор уақытылы жеткізіліп тұруы қажет;
Ø қабылданған стратегияны орындау үшін кәсіпорынның құрылымының тиімділігіне аса көңіл бөлінуі қажет.
Өндірістік стратегия деп жүйенің дамуының негізгі мақсатына жетуге көмектесетін тәсілдер мен ережелер жиынтығын түсінеміз.
Экономикалық басқарудың стратегиясы немесе экономикалық стратегия:
а) стратегиялық мақсаттарға экономикалық тиімді жетуді қамтамасыз ететін ережелер мен әдістерді даярлайды;
б) осы мақсаттарға тиімді жетуде стратегиялық бағдарламаларды даярлау мен өткізуде барлық қатысушыларды қызықтыруға бағытталған, стратегиялық мақсаттарға жету ережелері мен әдістерін даярлайды.
Басқаша айтқанда, экономикалық стратегия дегеніміз мақсаттарға тиімді жетудің экономикалық әдістері мен құралдары.
Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы оның бөлімшелерімен жүргізіледі. Өндіріс стратегиясы кәсіпорынның экономикалық стратегиясы негізінде жасалады, сондықтан ол кәсіпорынның әр құрылымдық бөлімшесі үшін элементтер мен факторлар нақтылайды.
Кәсіпорынның стратегиясы өзінің өндіріс функциясы арқылы тұтынушыларға қажетті өнім немесе қызмет етуді қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы келесідей элементтерді қамтиды:
1. Мақсаттар жүйесі – кәсіпорынның басты бағыты, оның жалпы және спецификалық мақсаттарын мүмкін мерзімдер мен оларды өткізу сатыларын ескеру мен ранжирлеу. Стратегиялық шешімді қабылау кезінде, көбінде стратегиялық сипаттағы мақсатты таңдауда, кәсіпкер таңдаған мақсаты басқа мақсаттар мен басқа да нарық субъектілерінің қызығушылықтарын сипаттайтын мақсаттарына әсер етпейтінін бағалау және стратегиялық әлеуетте анықталған тиімділік әкелетінін анықтау қажет. Стратегиялық мақсаттарды таңдау әрқашанда альтернативаларды анықтаумен байланысты, яғни осы мақсатқа жету үшін, нені жоғалтуға болатынын бағалау.
2. Ресурстарды бөлудегі артықшылықтар. Кәсіпорынның ресурстары әрқашанда шектеулі болғандықтан, кәсіпкер осы ресурстарды қолданудан үлкен өнімділікті қамтамасыз ететін қандай мақсаттарға жету керектігін анықтайды, оған бәсекелік артықшылықтарды қамтамасыз етеді.
3. Осы немесе басқада басқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу ережелері. Көбінде олар кәсіпорынның қазіргі және болашақтағы қызметін бағалауға, кәсіпорын ішіндегі қатынастарды реттеуге, жекелеген операцияларды орындауға, сыртқы ортамен қарым-қатынасты реттеуге арналған.
Экономикалық стратегияны даярлау кәсіпорын қызметінің жалпы бағытын анықтаумен аяқталады, осы бағытпен жүру оның мақсаттарына жетуге, кеңейтуге және позицияларын қатайтуға мүмкіндік береді. Осы бағыттар кейін әртүрлі деңгейдегі жобаларда, бағдарламаларда, өндірістің ағымдағы жоспарларында және стратегияны өткізуге бағытталған, тәжірибелік іс-әрекеттерде нақтыланады.
Стратегияларды жасау – ұзақ және еңбек сыйымды процесс, сондықтан оны бірнеше жыл сайын қарастырып отырады. Кәсіпорындар өмір талабына сай бірнеше стратегиялар жасайды. Олардың ішінде ең бастысы – бас стратегия, кәсіпорынның басты бағытын жүзеге асыру әдісін көрсетеді. Қызметтік стратегия жекелеген бөлімшелер алдында тұрған, кәсіпорынның ерекше мақсаттарға жету жолдарын көрсетеді.
Менеджмент саласындағы белгілі батыс маманы Б.Карлоф кәсіпорынның стратегиясын анықтайтын тоғыз негізгі факторларды атап өтті.
1. корпоративтік миссия;
2. бәсекелестік артықшылықтар;
3. бизнесті ұйымдастыру;
4. кәсіпорынмен шығарылатын өнім;
5. ресурстар;
6. кәсіпорын құрлымындағы күтілетін өзгерістер;
7. нарық және олардың шекаралары;
8. жетілдіру бағдарламалары;
9. менеджерлер мәдениеті.
Өзінің мазмұны бойынша жергілікті мақсаттар бағынышты сипаттағы мақсаттар болып табылады, яғни өндірістік мақсаттар кәсіпорынның экономикалық стратегиясының кең ауқымды мақсатын жүргізуге мүмкіндік беретін жетістіктер жиынтығы.
Жергілікті мақсаттарға қойылатын жалпы талаптар келесідей:
- мақсаттар нақты және өлшенетін болу қажет;
- мақсаттар уақыт бойынша бағытталған (ұзақ мерзімді, орта мезімді, қысқа мерзімді) болуы керек;
- мақсаттар жетілуі тиіс;
- мақсаттар өзара қолдаушы болуы керек.
Экономикалық стратегияның жергілікті мақсаты ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен құрылады. Осылардың қосындысының есебі кәсіпорынның негізгі бағытын, оның өндірістік жағдайын және бәсекеге қабілеттілігін бағалайды.
https://lektsii.org/16-46628.html

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет