Дәріс №1/2 Тақырыбы: Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік мәні мен мазмұны Жоспар



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі32,96 Kb.
#83767
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 1-2

Педагогикалық шеберлік – мұғалімге оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтығы. Педагогикалық шеберліктің негізгі жоғары оқу орнында қалыптасады. Оның мазмұнына:
1. Кәсіби педагогикалық білім;
2. Педагогикалық тәжірибе;
3. Шығармашылық тәжірибе;
4. Тұлғалық қасиеттері;
5. Кәсіби педагогикалық бағыты енеді.
Ал, педагогикалық шеберлікті меңгеру екі деңгейде жүргізіледі:
1. Кәсіби педагогикалық қызметке дайындық кезінде алынған білім, білік, дағды.
2. Кәсіби педагогикалық қызмет барысында алынған білім, білік, дағды.
Шебер педагог – бұл жоғары мәдениетті, өз ісінің шебері, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін білетін, психологиялық білімі бар, сонымен қатар әртүрлі ғылым саласынан хабардар маман.
Педагогикалық шеберлік – балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріп отырылатын өнер.
Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, мынадай төрт жүйені қамтитын күрделі құрылымды қамтиды:

  1. Педагогикалық технология (сөйлеу мәнерінің техникасы, ойлау логикасы мен нақтылығы, бейнелі көрсетілімдері, қажетті құралдарды таңдай білу дағдысы, формалары мен тәсілдері);

  2. Педагогикалық шығармашылық (шығармашылық талдау, стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік, экспериментке ұмтылыс);

  3. Пәндік білім (кәсіптік құзырлық, арнайы кәсіби даярлығы, оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі, ғылыми біліктілігі);

  4. Педагогикалық стиль (педагогикалық нақтылық, өзінің және өзгенің әрекетін қабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалық бағыттағы тіл табысу мен әрекетшілдік, педагогикалық тактика мен этика, тыңдай және тыңдата білу дағдысы, адамдардың ішкі дүниесін тануға қызығушылық).

Оқыту пәнін толық меңгеру, оның тарихын, теориясын, тәсілдерін, қазіргі заманға сай тәжірибесін білу педагогикалық шеберліктің негізін құрайды.
Педагогикалық (білім беру) технологиясы.

  1. Кәсіби педагогтың басқаруымен жүргізілетін оқушылардың (студенттердің) өзіндік және өзара білім алу процесі, оқу жоспары мен оқу бағдарламасында анықталған білім мазмұны мен әрекет түрлерін меңгеруіне байланысты олардың жұмысының әрбір сатысында болатын өзгерістер мен түрленулер;

  2. студенттерді педагогикалық мамандықтарға кәсіби дайындауға арналып бағытталған оқу (ғылыми) пәні;

  3. дәстүрлі педагогика:

а) іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру және оны жарақтандыру;
ә) өте аз шығынмен нәтиже алуға мүмкіндік беретін бірізді амалдар;
б) педагогикалық проблемаларды әдіснамалық деңгейде талқылауға мүмкіндік беретін педагогикалық категория;
в) педагогика, оқу процесін толық басқаруға мүмкіндік беретін жүйелі ойлау тәсілін енгізу;
г) орындалуы кепілдікпен педагогикалық мақсаттарға алып келетін әрекеттің тәртіптелген жүйесі;
д) дидактикалық инфрақұрылым, яғни оқытудың техникалық құралдарын немесе компьютерлерді пайдалану, сонымен бірге пайдаланылған әдістердің көмегімен білім берудің тиімділігін арттыратын ықпалдарды талдау жолымен білім беру процесін оңтайландыру тәсілдерін жасақтау және принциптерін анықтау:
е) педагогикалық шеберлік;
ж) оқыту мен тәрбиелеудің бірегей әдістемелері;
з) дәл берілген мақсаттары мен оған жету жолдарын нақты анықтауға және сипаттауға болатын оқу процесін басқару бағытындағы дидактикалық проблемаларды шешу.


Педагогикалық шығармашылық – педагогикалық шеберліктің маңызды және құрамдас бөлігі. Оның маңыздылығы оқыту мен тәрбиенің жоғары дәрежелі нәтижесінде және «мұғалім-оқушы» жүйесінің оңтайлы қарым-қатынасы нәтижесінде ғана ашылады. Педагогикалық шығармашылықты әр түрлі проблемалы жағдайлардың пайда болуы және оларды педагогтың өз көзқарасы мен стандартты емес тәсілдермен шешуге ұмтылуы шартты. Нақты шығармашылық ақпараттың толықтығы және педагогтың оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық өзара әрекеттесудің әр түрлі құралдары, формалары мен тәсілдерін тиімді және жаңаша қолдану негізінде қаланады.
Педагогикалық стиль - педагогты (бір мектептің) өзге педагогтардан ерекшелеп тұратын өзіндік ойлары мен әрекеттерінің ерекшелігімен сипатталады.
Аттракция – (латын тілінен – «тартылыс») - педагогтың тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды баурап алу, ашық, сүйкімді болу қабілеттілігі.
Эмпатия – педагогтың өзге адамды, оның уайым-қайғысын, әрекет ету мотивін және сыртқы ортаға деген әсерін іштей түсіне білу дағдысы; бұл – рухани-эмоционалды күйді түсіну, осы күйді онымен бірге қайғыру.
Рефлексия – педагогтың өзін, өзінің психикалық жағдайын сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге адамдардың өзін қалай бағалайтындығы байқай білу дағдысы.

Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық – мұғалім мамандығы. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйіп, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса, мұғалім еңбегі сан қырлы болып келеді:
Бірінші қыры – өз пәнін терең меңгеруі.
Екінші қыры – кәсіби шеберлігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі.
Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы.
Төртінші қыры – байқағыштық сезімі және көрегендігі.
Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
Алтыншы қыры – жан-жақты дарындылығы.
Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.
Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп-этикасы. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.

Педагогикалық техника – мұғалімнің өздерінің жеке психофизиологиялық жай-күйін, көңіл күйін, эмоциясын, денесін, сөзін және педагогикалық мақсатты қарым-қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені.


Педагогикалық қабілеттілік – мұғалімнің педагогикалық іс-әректте жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін жеке-дара психологиялық ерекшеліктері мен кәсіби маңызды сапасының қорытынды жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет