Дәріс 12 Термомеханикалық зерттеу әдісі


Кристалды полимерлердің термомеханикалық



бет3/5
Дата22.10.2023
өлшемі131,78 Kb.
#187385
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 12.Термомеханикалық зерттеу әдісі.
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar, !1-СОР Алгебра 8 классс каз (1), Отсканированные документы, Документ (1), Научный стиль , Жылуалмасу аппараттары туралы жалпы м лімет, 64537
5. Кристалды полимерлердің термомеханикалық қисықтары. Кристалды полимерлердің аморфты полимерлерден ерекшелігі оның макромолекулалары жоғары реттілікпен орналасқан. Полимердегі кристалдық торлар сегменттердің қозғалысын тежейді. Кристалды полимерлердің деформациялану қабілеттігі оның кристалдану дәрежесіне байланысты. Таза кристалды полимерлерде сегменттер макромолекула бойында дұрыс бағдарланған, сондықтан олардың ретті қалыптасуына косымша күш қажет емес. Сырттан берілген жылу бүкіл макромолекуланы жылулық қозғалысқа келтіргенше полимер сыртқы пішінін өзгертпейді. Мұндай полимерлер жоғары эластикалық күйге келмей, балку температурасынан кейін бірден тұтқыраққыш күйге өтеді (3-сурет).




Кейде макромолекула тізбектері стерожүйелі буындардан тұрса да, кристалдану жағдайына қарай аморфты полимер түзілуі мүмкін. Мысалы, изотактикалық полистирол ерітіндісін тез суытса, оның макромолекулалары ретті текшеленіп үлгірмейді де, полимерде кристалл аймақтарымен қатар оның едәуір бөлігін қамтитын аморфты аймақтар пайда болады. Мұндай полимерлер сыртқы деформацияланаушы күштің әсерінен әрі қарай кристалдануы мүмкін. Кристалданатын полимерлердің термомеханикалық қисықтрында аморф бөліктерінің қосымша кристалдануынан туатын ерекшеліктер байқалады. Изотактикалық аморфты полистирол, статикалық полистирол сияқты, Тш жоғары температурада эластиқалық күйге ауысады (3-сурет, 1,2-қисық). Екі жағдайда да деформация артады. Одан әрі қыздырғанда атактикалық полистирол әдеттегі аморфты полимерге тән тұтқыр аққыш күйге түседі. Ал изотактикалық аморфты полимер жоғары эластикалық күйге келгенде сегментерінің қозғалысы артып, макромолекулалардың реттелуіне мүмкіңдік туады да, белгілі бір температураға жеткеңде ол кристалданады. Мұндай фазалық ауысу тұрақты температурада жүреді, дефомация күрт төмендейді (3-сурет 3-қисық). Кристалдану процесі, аяқталғаннан кейін полимер балку температурасына дейін кристалды қалпында қалады. Одан әрі кез келген кристалл полимерге тән тұтқыраққыш күйге түседі де, деформация қайтадан күрт артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет