Дәріс №13 Комплекстүзу және тотығу-тотықсыздану реакциялары


Комплекстердің ерігіштігі



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі143,46 Kb.
#92802
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 13-14

3. Комплекстердің ерігіштігі.
Заттардың ерігіштігі кристалдық тордың және сольваттардың түзілуінің бос энергияларының қатынастарымен анықталады. Бұл екі энергия да заттың құрылымы мен еріткіш табиғатына тәуелді. Жоғарғы полярлы еріткіштерде (су) комплекстің ерігіштігі азаяды:
зарядталған зарядталмаған гидрофильді зарядталмаған гидрофобты комплекстер.
Органикалық полярлы емес еріткіштер үшін ерігіштік қатары керісінше болады.
Зарядталған комплекстер үшін (ионды ассоциаттарды қоса есептегенде) судағы ерігіштік ионның зарядының өсуімен ұлғаяды және оның мөлшерінің өсуімен азаяды.
Зарядталмаған комплекстер үшін ерігіштік гидрофильді және гидрофобты фрагменттердің қатынасына байланысты. Хелаттар арасында судағы ерігіштік координациялық қаныққан қосылыстар үшін төмен, яғни орталық атомдағы барлық координациялық орындарда хелат түзуші реагенттер болатын қосылыстар.
Хелаттың немесе ионды ассоциаттың молекулаларына ауыр гидрофобты орынбастырып енгізу аналитикалық химияда кең қолданылады. Ауыр органикалық катиондарды қолдану қарапайым бейорганикалық комплекстерге қатысты да иондық ассоциаттар түрінде тұнба түсуге мүмкіндік береді.
Комплекстің ерігіштігін жоғарылату үшін гидрофильді зарядталған топтар: бар органикалық реагенттер қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет