Дәріс №3. Менеджмент туралы ғылымды қалыптастыру және дамыту


Басқарудың жапондық типінің түрлері



бет9/12
Дата07.02.2022
өлшемі55,46 Kb.
#83806
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
3 такырып менеджмент

Басқарудың жапондық типінің түрлері. Н. С. Целищевтің пікірінше, басқарудың жапондық типінің базалық принціптерін төрт топқа бөлуге болады. Бірінші – корпорация мен жұмыскерлердің өз корпорациясына ерекше тәелділігі, фирмаға берілгенділігі және оның мүдесі жапонда жан аямайтындығы үшін едәуір қолайлы жағдай мен әуеде беруі.
Екінші топтағы принціптерді дара басшылықтан гөрі ұжымдық басшылыққа көбірек көңіл бөлуі, корпорациядағы адамдарды фирма ішінде үнемі көтермелеу, істейтін қызметіне қарамастан жұмыскерлерді тең правода қарау деп тұжырымдауғаболады.
Үшінші топқа – фирманың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін үш негізгі күшке – басқарушыға, басқа жұмыскерлерге және инвесторларға ықпал ету мен көңіл бөлу балансын ұтымды ұстау жатады.
Төртінші топқа - әр түрлі фирмамен – іскер әріптестермен, соның ішінде ең алдымен өнімді тапсырушылармен және сатып алушылармен алуан түрлі байланыс орнату әдісін қалыптастыру жатады.
Аталған принціптерді жүзеге асыру механизімінің маңызды элементтеріне мыналар жатады:

  1. Еңбекті ұйымдастыру.

  2. Өндіріс процестерін басқару және бақылау.

  3. Топтық жұмыстарды және корпорацияны ынталандыру.

  4. Жалдау және еңбек жағдайы.

Қазіргі Жапониядағы басқаруды америкалық менеджеризм мен жапондық традиционализмнің қоспасы деп түсіну қажет. Сондықтанда мұнда «менеджмент» термині толық сай келеді. Жапондықтардың өзі де, басқару туралы әңгіме болғанда, осы терминді қолданады. Жапондықтар өздерінің американдықтардың шәкірті ретінде есептей отырып, менеджменттің барлық белгілі концепцияларын мұқият зерттеді, әрі өзіне сай етіп құра біліді.
Қазіргі кезде басқару саласындағы жапондық тәжіріибеге американдықтар көбірек көңіл бөле бастады, атап айтқанда, мұның өзі Мессанчусетск технологиялық институтында зерттелуде.
Жапонияда істі, өндірісті жәнеғ басқаруды ұйымдастырудың жоғары деңгейі кімді де болса қайран қалдырады. Жапония - өндірістік қатнасты, сонымен қоса басқару сипатын айқындайтын монополистік копитализм мемлекеті. Франциямен және Голладиямен қоса, Жапония экономиканы программалайтын копиталистік мемлекеттердің бірі. Талдаудың көрсеткеніндей, қазіргі жапондық басқару жүйесі едәуір икемді, әрі тиімді механизм, оның өзі соғыстан кейінгі кезеңде, қазіргі ірі ауқымды өндірісті дамыту жағдайында қалыптасты. Бұл мехонизм ұдайы жетілдіру үстінде.
Жапон экономикасының жетекшісі басқарудағы әлеуметтік-кәсіптік саланың қызметіне негізделген. Мұны менеджерлер деп айтады. «Менеджер» ұғымы алуан саладағы басшылардың тілектес адамдар тобын құрайды.
Қазіргі кезде менеджерлер мәртебесі ерекше артты, менеджерлердің жеке басындағы жетістілігіне, олардың белсенділігіне, батылдығына, күнделікті істегі творчестволық қабілетіне, қырағылығына, алдағыны ойлай білетіндігіне т.б. жоғары талап қоя бастады.
Сонымен қоса Жапонияда менеджерлер тобын жинақтау практикасы көп жағдайда ұлттық сипаттың ерекшелігіне негізделген, мұнда топтық психология басты рөл атқарды. Жапондықтар адамдар арасындағы салқын көзқарасқа қатты күзеледі. Сол себепті менеджерлер арасында «ГАКУБАУХ» деп аталатын кландар болады, яғни белгілі бір университетті бітірген кландар.
Нағыз жапондық фирма пирамида түрінде ұйымдастырылған. Оның құрлымында үш деңгейі болады: жоғары әкімшілік («КЭЙЭЙСЯ»); орта басқару буыны (КАНРИСЯ), бұған бөлімше меңгерушісі БУТЕ жатады; әрі қарай – басқармадағы қарапайым жұмыскерлер (ИППАНСИЯ). Синетизы жүйесінің талабына сәйкес университетті бітірушілер фирмаға жұмысқа орналасқаннан кейін жеті жылдан соң, яғни 30 жасқа толған кезде секция бөлімшесіне басшылық ете алады. Қырық жасыңда оған секция меңгерушісіне, 50 жасыңда – бөлімше меңгерушісіне және әрі қарай директорлық қызметіне дейін жоғарлай алады.
Менеджер неғұрлым тәуелсіз болса, ол соғұрлым еркін әрекет етеді, оған балама шешімдерді таңдауға неғұрлым көп мүмкіндік берсе, онда өндірісті ғылыми ұйымдастыру теоретиктерінің пікірінше – қоршаған ортадағы қолайсыз жағдайға ол соғұрлым шамалы көңіл бөледі. Мұндай көзқарас Жапониядағы басқарудың ерекше стилін көрсетеді.
Жапония өз экономикасын басқарудың бірегей жүйсі арқасында дамытты. Басқарудың табанды принціптері нәтижесінде көздеген мақсатына жетіпотырды. Жапон қоғамын футурологтар қоғамы деп атады. (топтағы адамдар қанағаттанғанда, жеке адамдар да өзін қанағаттандым деп есептейді).
Тұтастай алғанда экономикалық стратегя төрт негізге сұйенеді: экономикалық ресурстарды жинау және консервілеу; еңбектің бәекелесу қабілеттілігін жоғары деңгейде ұстау; адамдарды ғылыми-техникалық прогрестің талаптарына бейімделетіндей етіп баулау және, соңғысы, ғылыми зерттеулер мен ізденістерді интенсивтендіру.
Нағыз жапондық фирмалар үш деңгейлік негізде ұйымдасқан: жапондықтардың пікірінше, үш үш деңгейлік құрылым неғұрлым икемді, әрі бюрократтық қауіпке онша ұшырай қоймайды.
Фирма басшылығы – директорлар кеңесі – басқарудың жоғары деңгейі болып саналады. Кеңес, президент, вицепризидент, директор – орындаушылар. Директорлар кеңесіне сайланғандардың барлығы фирма белгілі бір бөлімшелерді басқарады. Батыстан айырмашылығы, фирма директорларды сикек шақырады. Олар әдетте орта буынды басқарушы құрамынан шақырады, бірақ бұлардың жедел басшылық жасайтынг тәжірибесіжәне жасы 50-ден асқан болуы тиіс. Орта буын басшының дейгейінде басқарудың бүкіл практикалық міндеттері шешіледі.
Бұл деңгей жоғары басшылық пен орындаушылар арасындағы көпір арқылы қарапайым жұмыскерлерге шығыды, яғни оларға басшылық етеді.
Жапондық корпорацияларда басқарудың ұйымдық құрлымы, әдетте, функционалдық принціппен: көлбеу және тікелей байланыспен құралған. Көпшілік жапондық компаниаларда икемді құрлымдық схема бар, қазіргі жағдайда мұның өзі бағалы үлес болып саналады.
Жапондықтарда әлемдік және ұлтық тәжірибе элементтерінің ең тиімдісі жинақталған. Американдық жапонтанушы Фогельдің деректеріне қарағанда, Жапония 1968 жылдан бастап 20 жыл бойы әлемдегі ең таңдаулы институттарды және мемлекет бизнес, әскери іс, білім бері мен өнер саласындағы басшылық етуді мұқият зерттелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет