Дәріс 4 Тақырып: Қазақстанның Орталық Азиядағы қауіпсіздік стратегиялары



бет3/5
Дата31.01.2022
өлшемі23,58 Kb.
#116524
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 4 Кауіпс стратегия
Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар дип работа, Дидар статья 1, abuev
2.Қазақтар – Еуразия мен Орталық Азиядағы ең бейбіт, космополит және әлемдік деңгейде ойлайтын ұлт. Қазақстан – аймақтың ең тыныш және бейбітшіл елі. Қазақ халқының философиялық және дүниетанымдық көзқарасы адамның өзіне негізделген, яғни антропоцентристік сипатқа ие. Бұл көзқарасқа сәйкес барлық адамдар нәсілі, діні мен түсіне қарамастан бір-біріне көрші, қонақ және бауыр. Қазақтар (Қазақстан) Еуразияның жаңадан күшейіп келе жатқан тың ойыншысы. Алдағы 20 жылда Қазақстан ұлт-мемлекет моделіне өте бастауы мүмкін. Қазақ тілі мен мәдениетінің бүкіл қазақстандықтарды біріктіретін ең күшті құрал екендігі ашық айтылуда.

Қазақстан – Еуразияның төрінде ерекше орынға ие ел. Ғасырлар бойы Қазақ жері Батыс пен Шығыс арасындағы әртүрлі империялар мен мәдениеттердің жалғастырушысы болып келгендіктен, оның халқы да бөтен мәдениет пен пікірлерге төзімшіл болып өсті, толерантты болып қалыптасты.

Орталық Азиядағы жергілікті динамикалар мен ішкі күштер КСРО кезінде де әлсіретіліп, бейтараптандырылса да, толықтай жойыла алмады. Қазір, аймақ күшеюде, жаңадан күш жинауда, түлеуде. Бұл жерде біз жергілікті ұлтшылдықтан гөрі аймақтағы интеллектуалдық, демографиялық, қоғамдық, ұлттық,  аймақішілік, экономикалық, мәдени факторлардың ықпалдасуы туралы айтып тұрмыз. Қазақстанның аймақтық қауіпсіздік  істерінде  жасампаз рөл атқарғанын елбасы ғана емес, алдымен,  бүкіл Қазақстан халқы қалайды. Қазақстанның саяси құндылықтары мен ұлттық қауіпсіздік стратегияларының негізін қазақы дүниетаным мен философиялық түсініктер құрауы тиіс. Қазақстанда ішкі тұрақтылықтың орнауына қазаққа тән көшпенділік дүниетанымның, сопылық жұмсақ исламның, «Кеңес халқы» жобасының, Назарбаев феноменінің, ішкі қауіпсіздік саясатының әсері зор болды. [3, 1-2 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет