Дәріс №7-8 Тақырыбы: Өсімдіктердің инфекциялы немесе жұқпалы аурулары Мақсаты



бет14/17
Дата07.02.2022
өлшемі66,68 Kb.
#85180
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәріс.№7-8
Zhandauren Ablayev, Zhandauren Ablayev, 7b9b0f01259382db6d47f235ffee16a2, СРС2.АсылбекқызыМ
Вируленттік немесе уыттылық. Патогеннің ие-өсімдік ұлпа- сына еніп, оның жасушаларында көбею қабілеттілігі. Микроағза- лардың патогендік қасиетіне жақын ұғым патогенділігі мен агрессивтілігінің жиынтығы. Олардың ауру қоздыру белсенділігі жоғары. Бұл қасиет қоршаған орта жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Мәселен, тат аурулары қоздырғыштарының патогенділігі төмен болғанымен, агрессивтілігі өте жоғары. Түзілген споралар- дың әр қайсысы өсімдікті залалдап, тез арада көбеюге қабілетті. Жоғарғы агрессивтілік нәтижесінде патогенділіктің төменділігінің есесі қайтады, соның нәтижесінде олардың вируленттілігі жоғары.
Өсімдіктердің солуын қоздыратын Fusarium және Verticillium
саңырауқұлақтарының агрессивтілігі төмен болғанымен, олар қоз-
дыратын аурулар созылмалы дамып, өсімдіктердің түсімділігі біраз төмендейді немесе олар дамып, олар апат болады. Ауру неғұрлым тез өршіп, апат соғұрлым шұғыл болса, онда патогеннің виру- ленттігі жоғары болғаны.
Өсімдік тамырларын жайлайтын азот түзетін түйнек бактерия- лардың агрессивтілігі өте жоғары. Олар сау өсімдіктердің тамы- рында жылдам көбейе алады. Бірақ, бұл ағзалардың патогендік қасиеті немесе вируленттілігі төмен, себебі өсімдіктің өсіп-өнуіне ешқандай кедергі жасамайды.
Топырақта жиі және көп мөлшерде кездесетін көптеген сапро- фитті немесе жартылай сапрофитті микроағзалардың агрессивтілігі өте төмен. Себебі, олар тірі ұлпаларды залалдай алмайды, тек өлі субстраттарда өніп-өседі. Мысал ретінде Penicillium және Aspergil- lus туысына жататын және басқа да саңырауқұлақтарды келтіруге болады. Бұлар көбінесе тіршілік қабілетін жойған тұқымда, жиын- терін, тасу кезінде механикалық жарақатталған жемістерді ұзақ мерзімде сақтау кезінде ғана дами алады. Вируленттілігі төмен болғанымен, бірақ олардың патогендік қасиеті жоғары, себебі өсімдік жасушаларын уландыратын токсин бөліп шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет