Дәріс №9 тақырыбы



бет1/2
Дата08.11.2023
өлшемі26,72 Kb.
#190262
  1   2
Байланысты:
Франция 20 гасырда


Дәріс № 9
тақырыбы: 1918 – 1939 ж.ж. Франция.

Жоспары:



1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық және саяси жағдайы.
2. 1921-1924 ж.ж. дағдарыс және Франция әсері.
3. 1918-1939 жылдардағы Францияның экономикалық дамуы
4. Францияда фашистік ұйымның құрылуы және «Ұлттық блок» үкіметі.
5. «Халық майданы».
1917 ж.қарашада Францияны үкіметі 76 жастағы Клемансо басқарды. Ол (1841-1929ж.ж.) өмір сүрді. Радикал партиясында сөзге шешен, албыр, анық және батыл айтатын саясаткер болды. ХХ ғ. бірінші жартысында Франция тарихындағы ірі саясаткер болды. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен француз халқы Клемансоны «жеңістің атасы» деп атады. Оның Отан алдындағы еңбегі жоғары бағаланып, халық алғысына бөленген адам болды. Франция Еуропадағы ірі державалы елге айналды. 1,3 млн. адам соғыста қаза тапты, 2,3 млн. жараланды. Германия жаулап алған Францияның өндіріс ауданында 10 мың фабрика және зауыт қирады. Экономикалық дағдарыс иефляцияны күшейтті. Франция одақтастарына 60 млрд. франк қарыз болса, бұрынғы Ресейде 12-13млрд. франк капиталын кеңестік Ресей берген жоқ. Жалпы соғыс жылдарында Франция 13 млрд. астам франк шығын болды.
1913 ж.-мен салыстырғанда өнеркәсіп 55 пайыз, ауылшаруашылығы 74 пайыз өнім өндірді. Салық 4 есе өсті. Ірі монополия де Вандел эжәне Шнейдер Эльзас және Лотарингия өндіріс орындарын өз қолдарына алды. Мемлекет репарация төлем арқылы соғыс кезіндегі қираған аудандарды қалпына келтіре бастады. Елде ірі өндірістік бірлестіктер құрылып, оларға субсидиялық көмек берілді. Франция империализмі отар елдері арқылы өсімқорлық мәнін жоғалтқан жоқ. Елде қаржы олигархиясы 200 отбасыны біріктірді. «Комите де Форж» едегі ірі өнеркәсіп салаларын қолға алды. Жалпы, соғыстан кейін 2 бағыт сақталды: 1. Ресейдегі қоғам төңкерісінен кейінгі революциялық өрлеу, 2. ұлтшылдық және шовинизм болды. Революция өрлеу жылдарында француз социалистік партиясының жұмысшылары арасында өз беделін өсіре білді. 1919 ж. қарашада революциялық буржуазия және финанс олигархиясы жеңіске жетті. «Ұлттық блокқа» біріккен буржуазия үкіметі құрылды. Демократиялқ альянс және Республикалық Федерация партиялары Ұлттық блоктың негізін құрады. Бұл үкіметке қарсы шыққан тек қана социалистік партия болды. Клемансо үкіметтік биліктен кетіп, А.Мильеран премьер – министр болып тағайындалды. 1920 ж. соғыс аяқталғанның 2 жылдық мейрамын атап өтуге шешім қабылдады. 11 қарашада триумфальді аркасында «жеңіс монументі» Елисей даласында мәңгілік от жағылды.
Жұмысшылар еңбекті жеңілдетуге, жалақыны көбейтуге, 8 сағаттық жұмыс уақыты, саяси тұтқынға амнистия жариялау, кеңестік Ресейге қарсы интервенция тоқтату. 1919 ж. мамырда Парижде жұмысшылар шеруге шығып, 1 млн. адам басында қатысса, кейін 3 млн. адам қатысты. Ұлттық блок үкіметі бұл талаптарды орындауға мәжбүр болды. 1919 ж. сәуірде 8 сағат жұмыс күні туралы заң шықты, кәсіподақтар арқылы ұжымдық келісімдерге қол жеткізілді.
Франция буржуазиялық Еуропада өзінің гегемондық саясатын жүргізу мақсатында Ұлыбритания мен АҚШ-қа қарсы бақталастық саясаты, Советтік Ресейге қарсы интервенциясы жеңіліс тапқаннан кейін д антисоветтік саясатын жалғастырып, Советтік Ресейге қарсы экономикалық оқшаулау саясатын жалғастырды. Кіші Антанта одағының құрылуы Францияның бұрынғы одақтастарының қарсылығын күшейтті. АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері Францияның ықпалын әлсірету үшін репарациялық төлем мөлшерін қысқартуды ұсынды. 1920 ж. Бельгияның Спа қаласында бұрынғы Антанта елдерінің қатысуымен конференция өтті. Бұл конференцияда АҚШ делегациясы репарациялық төлем мөлшерін азайту туралы ұсыныс жасады. Франция амалсыздан көнуге мәжбүр болды. Германия репарациялық төлемді өтеуден бас тартты. АҚШ пен Ұлыбритания үкіметінің Германияны қолдауы, Францияның Еуропадағы ықпалының әлсірей бастағанын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет