Дәріс атауы және тезистері



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата21.02.2023
өлшемі265,93 Kb.
#169693
1   2   3
Байланысты:
Дәріс тезистері ҚБ
РУС МУ к практике, РУС МУ к практике, Lecture 4, УМКД Мәдениеттану
оқыту
процесі – түрлі оқу пәндері арқылы білім, білік, 
дағдыны игеру; 
3. 
дайындық 
процесі – тұлға бойында бұрыннан бар және 
қазіргі кезде игеріп жатқан білім, білік, дағдыны нақты бір 
жұмысты орындауға немесе белгілі бір әлеуметтік жағдайға 
бейімдеу;
4. 
тәрбие
процесі – білім берудің интегралды процесін 
ұйымдастыратын және оған негіз болатын халықтың салт-
дәстүрі мен ерекшеліктерін, мәдени нормалары мен ережелерін 
игеру; 
5. 
білім беру
процесі – мәдениеттің жалпы деңгейі және 
құндылықтарымен таныстыруды, әлемдік ӛркениетке сай 
стандарттармен қамтамасыз етуді мақсат ететін білім берудің 
интегралдық үдерісінің құрамдас бӛлігі.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы әдеби тіл 
нормаларын оқытудың маңызы. 

Тілдік нормалар

орфоэпиялық норма, орфографиялық 
норма, лексика-фразеологиялық норма, грамматикалық 
(сӛзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік) нормалар. Екі 
немесе одан да кӛп вариант болғанда, олардың біреуін талғап, 
таңдап қолдану қажеттілігінен бірнеше варианттың біреуі 
ғана норма деп танылады: кӛбі – кӛбісі емес, туралы – 
турасында емес, т.б. Кей жағдайда екі немесе үш вариант та 
норма 
деп 
танылады мұны/бұны, 
келуімен 
байланысты/келуіне байланысты. Алайда бұлардың ішінде 
қайсыбіріне артықшылық берілетін нұсқалары болады. 
Сӛйлеу тілінің әдеби тілдің құрамына кіретін бӛлігі болады. 
Сӛйлеу тілінің кодификацияланған нормалардан бӛлек, ӛзіне 
Remove Watermark
Wondershare
PDFelement


тән нормасы бар: саған бірдеңелерді ала кеп едім тәрізді 
қолданыстар жазба тіл мәтіндеріне жат болып есептеледі. 
Бірақ сӛйлеу тілі үшін норма деп танылады. Сондай-
ақ Қазақстанның экономикасы тұрақты дамуда десек, сӛйлеу 
тілі мәтініне жат, сӛйлеу тілінің нормасы емес. 
 
Этикалық норма. Сӛз этикасының нормасына: 
а) моральдық принциптерге, мәдени-ұлттық дәстүрге 
негізделген тілдесу нормалары мен, 
ә) сӛз этикетінің нормалары жатады. Сӛз этикасы, сӛз этикеті 
белгілі бір жағдаятта (ситуацияда) тілдесудің, сӛз саптаудың 
тәртібіне тән ережелерді сақтауды талап етеді. Сӛз 
мәдениетінің этикалық компоненттері негізінен сӛз актісінде, 
яғни ӛтіну, сұрау, ризалық білдіру, сәлемдесу, құттықтау, 
қоштасу, т.б. тәрізді белгілі бір мақсатқа кӛздеп айтылған сӛз 
әрекетінде кӛрінеді. 
Коммуникативтік 
нормалар. Сӛз 
мәдениетінің 
коммуникативтік компонентіне қатысты нормаларға ең 
алдымен тілдің функционалдық ерекшеліктеріне тән 
нормалар мен қарым-қатынастың прагматикасына тән 
нормалар 
жатады. 
Тілдік 
нормада 
коммуникативтік 
компонент сӛз мәдениетін айқындауда ерекше орын алады. 
Қарым-қатынастың 
нәтижелі 
болуы 
коммуникативтік 
компонентпен тығыз байланысты.
4-5 
Әдеби тілдің нормалары: грамматикалық норма.

Грамматикалық норма – сӛйлемдегі сӛздердің орын тәртібінің 
сақталуы, 
қосымшалардың 
сӛзге 
орфографиялық 
заңдылықтарды сақтай отырып жалғануы, осы арқылы ойдың 
дұрыс жеткізілуі. 
Сӛйлем мүшелерінің орын тәртібін сақтамаудан, 
қосымшаларды ретімен қолданбаудан, сӛз тіркестерін дұрыс 
қолдана білмеуден грамматикалық норма бұзылады. Сӛзді 
тіркеспейтін 
сӛзбен 
тіркестіру; 
сӛзді 
түрленбейтін 
қосымшалармен түрлендіру грамматикалық норманы бұзу 
болады. Грамматикалық норманы дұрыс қолданылмағанын 
сауатты тыңдаушы тез аңғарады.
Грамматикалық нормалар

1.
Морфологиялық 
2.
Синтаксистік нормалар. 
Тілдік 
грамматика- тілдік қарым-қатынасты жүзеге 
асырудың түп негізі. Грамматикалық материалдарды сӛйлеу 
барысында дұрыс меңгеріп, орынды қолдана білу- түсінісудің 
басты құралы. Грамматика — тілдегі барлық материалдардың 
ӛзегі. Сондықтан ғалым-тілші С.Исаев "Қазіргі қазақ тіліндегі 
негізгі грамматикалық ұғымдар" атты еңбегінде: "Тілдің 
грамматикалық құрылысы тіл деңгейлерінің кӛлемі жағынан да, 
Remove Watermark
Wondershare
PDFelement


мазмұны жағынан да әрі күрделісі, әрі ауқымды екені даусыз. 
Ӛйткені 
тілдің 
қоғамдық 
құбылыс 
ретінде 
ӛзіндік 
ерекшеліктері, атқаратын қызметіндегі сан алуан жүктері, даму 
барысындағы диалектикалық заңдылықтары — барлығы тілдің 
грамматикалық құрылысынан анық кӛрінеді"- деп,ӛте дұрыс 
айтқан [1] Сӛйлей білу үшін, оның барлық алғышарттары бірге, 
тұтас жүйе түрінде оқытылуы кажет. Мұндай оқытудағы басты 
алғышарт сӛйлеудің материалдық базасы болып табылады. 
Олар: 
- дыбыстық құрам; 
- сӛз; 
- грамматика. 
Сӛйлеу әрекеті үшін басты орын алатын сӛз; оны құрайтын 
— дыбыс; ал бұл екеуінің барлық тілдік міңдетін жүзеге 
асыратын - грамматика. Грамматика- бүкіл тілдік қарым-
қатынастың ӛзегі. Грамматикалық жағынан ӛзара дұрыс 
байланыспаған сӛздер, сӛз тіркестері немесе сӛйлемдер адам 
ойын анық әрі толық жеткізе алмайды. Сондықтан да сӛздер 
белгілі бір мағынаға ие болып, жүйелі түрде ӛзара байланыса 
келіп бір бүтінді құрайды да дұрыс әрі нақты ойды біддіретін 
тиянақты сӛйлемге айналады. 
Сӛйлеудің негізгі құрамы: дыбыстардың айтылуы мен 
жазылуы, грамматикалық ережелер, сӛздердің тіркесуі, оқыту 
үдерісінде басты орын алады және ерекшеліктеріне қарай 
мыналарға сәйкес келеді:заңдылық; мағына; тұлға. 
Заңдылық — грамматикамен, мағына — сӛзбен, тұлға 
дыбыстық құраммен тікелей байланысты. Дыбыс пен сӛз, 
грамматиканың бірлігі ретіндетиянақталған ойды білдіретін 
сӛйлемде кӛрінсе, тұлға мен мағына, жүйелі ойға құрылған 
мәтіннен байқалады. 

Әдеби тілдің нормалары: орфографиялық және орфоэпиялық 
норма 
Қазақ орфографиясының принциптері. Дыбысталған сӛздің,
әдетте, әртүрлі жазылмауы, сондай-ақ оның әрқилы оқылмауы 
шарт. Бір сӛзді әркім ӛз бетінше оқып, ӛз алдына жазатын
болса, жазу-сызудың коммуникациялық мәні болмайды. 
Сондықтан дыбысталған сӛзді хатқа түсірудің және оны
сӛйлеуде қайта жаңғыртудың жазарман мен оқырманға ортақ
негізі болуға тиіс. Жазуда және жазылған сӛзді жаңғыртуға
басшылыққа алынатын негіз орфографиялық ұстаным
(принцип) деп аталады. Жазу теориясында орфографиялық
принциптің айқындалған бірнеше түрі бар. Мысалы, 
Л.В.Зиндердің кӛрсетуінше тілдің жүйесіне, лайықталған
принциптер уәждемелі (мотивированные), ал тілдің ӛз бітімінен
тысқары принциптер уәждемесіз (немотивированные)
Remove Watermark
Wondershare
PDFelement


принциптер деп аталады [14, 91 б.].
Уәждемелі принциптерге фонетикалық (фонематикалық), 
морфематикалық, грамматикалық принциптер жатады. Ал 
уәждемесіз 
принциптерге 
дәстүрлі, 
айырмыс
(дифференцирующий), транслитерациялық, транскрипциялық, 
түпнұсқа (цитатный) принциптер жатады. Қазақ тілінің
орфографиялық сӛздіктерінен, Анықтағыштан (1974) осы
аталған принциптер бойынша барлығынан дерлік мысал 
табуға болады. Әрине, оларға нақты талдау жасай отырып, қай
сӛздің қандай принциппен жазылғанын кӛрсету, жалпы қазақ 
орфографиясының принциптерін зерттеудің жеке объектісі
етіп алу болашақтағы зерттеулердің бірі болмақ. Ал біздің бұл 
жердегі мақсатымыз – жоғарыда аталғандардың ішінен 
орфографияда басшылыққа алынып жүрген негізгі принципті
дәлдей түсу және кейбір қосалқы принциптердің қолданылу 
мүмкіндіктері мен себептерін кӛрсету.
Қазақ жазуының ұстанып отырған қазіргі принципі 
алдымен жоғарыда аталған принциптердің уәждемелі типіне
жататыны еш дау туғызбайды. Бірақ осы аталған топқа енетін 
принциптердің ішінде қазақ орфографиясы фонетикалық, я
болмаса морфематикалық немесе грамматикалық 
принциптердің қайсысын басшылыққа алып отыр (алуға тиіс) 
деген мәселе даулы болып есептеледі. Бұл жерде
зерттеушілердің пайымдаулары мен пікірі бір жерден шыға 
бермейді. ды. Адамның ойлау қабілеті тілдік қатынасқа негіз 
болып, сӛйлеу әрекетін тудырады.
Дәріс профессор Нұргелді Мақажанұлы Уәлидің "Графика.
Орфография. Орфоэпия" атты монографиясы бойынша 
дайындалды. (Алматы. 2018ж.) 

Әдеби тілдің нормалары: стильдік норма 
Жалпы тілдік норма дегеніміз ауызекі және әдеби тілдің 
қалыптасқан үлгісі, халықтың бәріне түсінікті, барша халық 
қолданатын тілдік амалдардың (сӛз қолдану, сӛйлем құрау т.б.) 
жиынтығы. Тілдік норма, негізінен, әдеби тілдің барысында 
жүйеге түседі, орнығады. Тілді нормалау – тіл мәдениетін 
арттырудың шарасы. Ол тек жазба тілде ғана емес, сӛз 
қолдануда, сӛздің айтылуында, грамматиканың сӛз тұлғаларын 
пайдалануда жүзеге асып отырады. Әдеби тілдің сараланып, 
жазу мәдениетінің белгілі жүйеге түсуі ұзақ жылдар бойы жүріп 
жатады. Осыған орай, жазба тілдің нормалары тұрақты болады. 
Әдеби тілде кейде стильдік ауытқу, сӛз вариантының жарыса 
қолданылуы болып тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет