Дәріс ғылым және ғылыми зерттеу әдістері


ДӘРІС 2. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ӘДІСНАМАСЫ



бет8/11
Дата26.10.2022
өлшемі325,15 Kb.
#155082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ҒЗЖ. Дәріс1,2
8 КТЖ алг 22-23 күнімен, 6 КТЖ 22-23 күнмен

ДӘРІС 2. ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ӘДІСНАМАСЫ





    1. Ғылыми зерттеулердің әдісі мен әдіснамасы туралы ұғым



Ғылыми зерттеу әдісі– объективті шындықты тану тәсілі. Әдіс іс- әрекеттердің, тәсілдердің, операциялардың белгілі бір реттілігін білдіреді.
Оқытылатын объектілердің мазмұнына байланысты жаратылыстану әдістері мен әлеуметтік-гуманитарлық зерттеу әдістері ерекшеленеді. Зерттеу әдістері ғылым салалары бойынша жіктеледі: математикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, медициналық, әлеуметтік-экономикалық және т.б.
Таным деңгейіне байланысты әдістер келесідей болып бөлінеді: эмпирикалық, теориялық және метатеоретикалық деңгейлер.
Эмпирикалық деңгей әдістеріне бақылау, сипаттау, салыстыру, есеп, өлшеу, сауалнамалық сұрау, әңгімелесу, тестілеу, эксперимент, модельдеу және т.б. жатады.
Теориялық деңгей әдістеріне аксиоматикалық, гипотетикалық, формализация, абстрагирлеу, жалпы логикалық әдістер (талдау, синтез, индукция, дедукция, аналогия) және т.б. жатады.
Метатеоретикалық деңгейдің әдістері диалектикалық, метафизикалық, герменевтикалық және т.б. болып бөлінеді. Қолдану саласы мен ортақтасу дәрежесіне байланысты әдістерді ажыратады:
- барлық ғылымдарда және танымның барлық кезеңдерінде әрекет ететін жалпылама (философиялық);

    • жалпы ғылыми, олар: гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдарда қолданыла алады;

    • жеке, өзара туыс ғылымдар үшін;

    • арнайы, нақты ғылым, ғылыми таным саласы үшін қолданылатындар. Ғылыми зерттеудің «әдіс» ұғымын және «техника», «процедура» және

«әдістеме» ұғымдарын ажырата білу керек.
Зерттеу техникасы деп қандай да бір әдісті пайдалану үшін арнайы тәсілдер жиынтығын айтады.
Зерттеу процедурасы деп іс – әрекеттердің белгілі бір реттілігін, зерттеуді ұйымдастыру тәсілін айтады.
Әдістеме – таным әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Кез келген ғылыми зерттеу белгілі бір әдістермен және тәсілдермен, белгілі бір ережелер бойынша жүзеге асырылады. Бұл тәсілдердің, әдістер мен ережелердің жүйесі туралы ілімді әдіснама деп атайды.
«Әдіснама» ұғымы әдебиетте екі мағынада қолданылады:

    • қандай да бір қызмет саласында (ғылым, саясат және т.б.) қолданылатын әдістер жиынтығы);

    • танымның ғылыми әдісі туралы ілім.

бар:
Әрбір ғылым өзінің әдіснамасына ие. Әдіснаманың келесідей деңгейлері





  1. Барлық ғылымдарға қатысты әмбебап болып табылатын және оның

мазмұнына танымның философиялық және жалпы ғылыми әдістері кіретін жалпыға бірдей әдіснама.

  1. Туыстық ғылымдар тобы үшін ғылыми зерттеулердің жеке әдіснамасы, ол танымның философиялық, жалпы ғылыми және жеке әдістерін құрайды.

  2. Нақты ғылымның ғылыми зерттеулерінің әдіснамасы, оның мазмұнына философиялық, жалпы ғылыми, жеке және арнайы таным әдістері кіреді.




    1. Эмпирикалық зерттеу әдістері

Танымның жалпы әдістерін үш топқа бөлуге болады:

  • эмпирикалық зерттеу әдістері;

  • эмпирикалық және теориялық деңгейде қолданылатын әдістер;

  • теориялық зерттеу әдістері.

Алайда, әдістердің осы топтар арасындағы қырлар аздаған шамамен ғана ерекшеленеді.
Эмпирикалық зерттеу әдістері.
Бақылау – бұл нысанды жүйелі, мақсатты қабылдау. Нәтиже оңды болу үшін бақылау келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  • арнайы (бақылау белгілі бір, нақты қойылған міндет үшін жүргізіледі);

  • жоспарлы (бақылау жұмыс міндеттері бойынша, жасалған жоспар бойынша жүргізіледі);

  • мақсатты (тек қызықтыратын құбылыстар бақыланады);

  • белсенді (байқаушы қажетті нысандарды, құбылыстың шегін белсенді іздейді);

  • жүйелі (бақылау үздіксіз немесе белгілі бір жүйе бойынша жүргізіледі).

Таным әдісі ретінде бақылау алғашқы ақпаратты эмпирикалық тұжырымдардың жиынтығы түрінде алуға мүмкіндік береді. Эмпирикалық жиынтық шынайылық объектілерін алғашқы үлгілеуді құрастырады, бұл ғылыми зерттеудің бастапқы объектілері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет