Дәріс Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы түсінік. Педагогикалық зерттеудің әдістері. Маќсаты


Тұлға», «адам», «индивид», «жекелік» ұғымдарына түсінік



бет15/32
Дата31.03.2022
өлшемі69,37 Kb.
#137377
түріДерексіз
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
Лекция
Жетон
Тұлға», «адам», «индивид», «жекелік» ұғымдарына түсінік
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені ол айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды.
Тұлға – адамның бойындағы әлеуметтік қасиеттер, сапалар, белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам және қоғамның саналы мүшесі, өмірге өзіндік белгілі бір көзқарастары, қарым-қатынастары бар, жеке моральдық талаптары, өзіндік психологиялық қасиеттері бар жан иесі.
Тұлға – әлеуметтік индивид. Жеке тұлға -әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттердің субъектісі ретіндегі индивид. Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – индивид. Бұл сөз латын сөзінен алынған және оның қазақша баламасы – жекелік. Индивид – адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілменген бір өкілін білдіреді. Бұл орайда әрбір адам – индивид. Жеке тұлға – қоғамдық индивид, біліктіліктің, қызметтің және сөйлесудің субъектісі. Индивид - туа біткен және даму процесі кезінде жинақталған қасиеттің жиынтығы. Индивидтің негізгі қасиеттері: белсенділігі, біртұтастылығы, тұрақтылығы, қоршаған ортамен тек өзіне тән қарым-қатынас жасауы
Индивид - адамның белгілі бір текке қатынасын көрсетеді, сол тектің табиғи және өзіндік қасиетін іске асырушы болып табылады. Индивид - биологиялық қажеттіліктің жиынтығы. Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Әлеуметтік бейімделу индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен-өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.
Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша: «Жеке тұлғаның негізгі функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық қатынас жүйесіне қосылу». Тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен «жеке тұлға» дегеніміз - адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмірі барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді. Сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды: саналылық, жауапкершілік, еркіндік, жеке басының қадірі, даралық, қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағыттылық.Жеке тұлға дамуы, оған әсер ететін факторлардың ықпалы туралы, қоғамның әртүрлі даму кезеңдерінде әртүрлі көзқарастар, бағыттар болған.
Платон мен Аристотель жеке тұлға дамуында тұқымқуалаушылықтың рөлі үлкендігіне баса назар аударып, биологиялық бағыттың дамуы ықпал етті.Сол сияқты ХVІ ғасырда преформистік бағыт, Джон Дьюидің пікірі бойынша прагматистік, Джон Локтың идеясымен әлеуметтік бағыт болған.С.Л.Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері. Тәрбие, орта, тұқымқуалаушылық жеке тұлға дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық ықпалдар болып табылады.Тәрбие – жеке тұлға дамуындағы басты факторлардың бірі. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын- ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды.Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасу факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Д.Дьюи, Э.Торндайк, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, Л.С.Выготский, Э.И.Моносзон, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов т.б.).
Жеке адамдық дамудың ықпалды көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол - адам қалыптасуында жетекші фактор. И.П.Подласый: «Тәрбие – қоғамға жеткілікті қалыптасып дамыған жеке адамды бере алатын негізгі күш» – деп баса айтады. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордың ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды.
Осы тұрғыдан келгенде тәрбие – аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол–баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет