Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет3/140
Дата10.12.2022
өлшемі1,58 Mb.
#162230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив) (11)
жаңа сабақ презентация, Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, Bakirov.Menedj234, жаңа формация мұғалімі, Дарис, 1 Sociology and Soc perspective, 6-7 зертхана, 4-3-7, 30 Джуз
1.2. сурет. Тұлғаң ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды. Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез.
Адамды тануда Б.Г. Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым ңіс-әрекет субъектісің. Бұл ұғым өзінің мазмұны бойынша ңиндивидң және ңтұлғаң ұғымының ортасында. Іс-әрекет субъектісі адамның биологиялық бастауы және әлеуметтілігін біріктіреді.
Адамды субъект ретінде басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгі – сана (1.3 сурет).
Сана – психикалық дамудың ең жоғары сатысы, ол тек адамға ғана тән. Ол адамның объективті шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ айналаны өзгерту мүмкіндігін анықтайды. Қоршаған ортаны саналы түрде өзгерте алу іс-әрекеті адамның субъект ретіндегі тағы да бір белгісі. Осылайша, субъект – іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға.

Сонымен, біріншіден адам тірі табиғат өкілі – биологиялық объект, екіншіден, саналы іс-әрекет субъектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Яғни адам – саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасы – оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.


Жеке тұлғалылық – бұл нақты адамның өзгешелігі және қайталанбастығы көзқарасынан психикалық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы болып табылады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуындағы алғышарттарына қоғамдық сипаты бар тәрбие процесінде өзгеретін анатомия-физиологиялық бастамалар жатады. Тәрбиелеу жағдайлары мен туа біткен мінездердің әр түрлілігінен жеке тұлғалылықтың көп түрлілігі пайда болады.
Сондықтан, адам – нақыт өмірдің ең күрделі объектісінің бірі деп қортынды шығаруға болады. Адамның құрылымдық ұйымдасуы көп деңгейлі сипаты мен оның табиғи, әлеуметтік мәнінен көрінеді (1.4 сурет). Сол үшін де адам және оның іс-әрекетін зерттейтін көптеген ғылымдардың болуы ғажап емес.
Дүниені танудағы рационалды көзқарас бізді қоршаған шынайы өмір санамызға байланыссыз өмір сүретіндіктен, оның тәжірибелік жолмен зерттелуі мүмкіндігіне, ал бақыланатын құбылыстарды ғылыми тұрғыдан толығымен түсіндіруге болатындығына негізделеді. Ғылымның әр түрлі салаларында ғалымдар бірнеше мәрте адам жайлы бүтіндей түсінік қалыптастырғысы келді. Әрине, мұндай ұғым психологияда да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет