Дәріс Тақырыбы: Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы. Жоспар


Педагогикалық қарым-қатынас тактісі



бет6/7
Дата17.05.2022
өлшемі79 Kb.
#143562
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дәріс 9
Дәріс 8 (3)
Педагогикалық қарым-қатынас тактісі. Қазақ тілінде "Такті" деген сөздің балама мағынасына тұрарлық дәлме-дәл ауыстырып айтатын сөз жоқ.
Педагогикалық такті деп мұғалімнің тәрбие процесінде балалардың психологиясын, жан дүниесін, мінез құбылыстары мен психофизиологиялық ерекшеліктерін терең білудің негізінде нақтылы жағдайлардың талабына сәйкес қолданылатын әдіс-тәсілдерді айтамыз.
Педагогикалық такт - медицинада белгілі бір ауруларды емдеуге ұсынған дәрі сияқты. Мұғалімнің балаға ұсынатын қатынас өлшемі деп айтуға болады.
Қатынас процесінде баланы құрметтеу, жылылық көрсету балаларға деген талап қоя білуді төмендетпейді. Балаларға жас шамасына сай да жылылық, сенім, құрмет формасы да өзгеріп отырады. Яки дауыс тонының өте сыпайы "қарағым", "шырағым" деген жылы сөзді қолдана отырып, қатынас жасаудың да артықшылығы жоқ.
Педагогикалық тактіні жетілдіріп отыру - әр мұғалімнің педагогикалық шеберлік тәсілін жетілдірудің айрықша бір түрі,
А.С.Макаренко былай деген болатын: "Педагогикалық тактісі бар мұғалім қандай қиындықтан, сәтсіздіктен жол тауып шыға алады, ал тактісі жоқ мұғалім уайымға (пессимизмге) беріліп, өзіне-өзі сенімсіздік көрсетеді".
Мұғалімнің педагогикалық тактісі сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта белгілі жағдайларға байланысты өзгеріп отыруға тиіс. Балаға қатаң талап қою мен оның жеке басын құрметтеу тең дәрежеде сипат алуга тиіс. Шектен шыққан қаталдық балаға кері әсер етеді. Сол сияқты өте мейірімді, кішіпейіл болуы да сол сияқты.
Сабақ үстіндегі мұғалімнің негізгі тактісі баланың берген жауабын әбден тыңдау, бала жауап айтқанда қосарланбай балага еркіндік беру керек. Берілген жауапты мұқият тындау, сөйтіп, баланың білімін жан-жақты саралап әділ баға беруге тиіс. Және бала неліктен "5", неліктен "3", неліктен "4" алғанын балаға хабарлап бағаның қойылу себебін талдап қойса, баланың өз жауабына өз сенімі артып, көзі жететін болады. Мұғалімнің қойған бағасына дүдәмалдық білдірмейді.
Егер бала сабақ білмей қалса, "Сенің жауабың ештеңеге жарамайды, отыр!" - деп зекіп отырғызуга болмайды. Шама келгенше баланың жауап бере алмау себебін ашып, кемшілігін жоюға деген жауапкершілігін арттыру, қайталап оқып дұрыс жауап беруге міндеттеу керек. Мүмкіндігінше сабақтан тыс уақытта сабақтан соң қосымша жұмыс ұйымдастыру керек. Сабақ үстінде сабақ білмеген оқушыға арнап кекесін, мысқыл сөз қолданып және киген киімі жөнінде айтып жеке бас намысына тиюге болмайды. Баланың әрбір қозғалысын, ұнамсыз қылығын бақылап ұсақ балалық мінездері үшін ескерту жасай беру де нәтиже бермейді.
Оқушылардың сыныптан тыс орындайтын жұмыстарын жүзеге асыру бағытында олардың өздерімен кеңесіп, өз еркіне, өздерінің қалауына негіздеп, ұйымдастырған жөн. Оқушының еркінен тыс, қалауынан тыс жүктелтен шараларды орындату, қолайлы нәтиже бере қоймайды.
Әрбір мұғалім, тәрбиеші өзінің педагогикалық тактісін жүзеге асырудың арнаулы бағдарламасын жасап жүзеге асырғаны жөн.
Педагогикалық такт-педагогикалық шеберліктің элементі ретінде дамып отырды. Педагогикалық такті мұғалім-тәрбиешілердің рухани дамуының нәтижесі. Педагогикалық такті - әсіресе психология іліміне сүйенеді. Баланың жас ерекшелігін, жеке ерекшелігін, ұжым деңгейін танып білу, есепке алу, сол дәрежеде тактіні қолдану өзгертіп отыру тиісті нәтиже береді. Сол сияқты педагогикалық такті адамгершілік негіздерге с‰йеніп әсер етсе, қолайлы жағдай тудырады.
Мысалы: Балаларды сүйе білу, балаға сүйіспеншілік ықылас көрсетіп отыру.

  • Баланың ішкі тәртіп-жүйесін білу, бағыт бере білу.

  • Балаға әсер етерлік жағдайларды таңдап, оқушылармен пікір алмасу.

  • Баланың алдында шыдамдылық, төзімділік, өзін-өзі ұстай білу, әділдік сияқты қасиеттерді берік ұстай білу керек.

Барлық мұғалімдер үшін де, жас мұғалімдер үшін педагогикалық тактіні дұрыс жүзеге асырудың мынадай қолайлы ережелері бар деп есептейміз.
1-ден, уақиға шиеленіскен жағдайды, ситуацияны әбден біліп алып, екі жақты эмоциялық тосқауылды тоқтату.
2-ден, келесі әріптеске өз мінезіңмен әсер ету, тиыштыққа шақыру арқылы өзіңді физикалық ауыр жүктен арылту.
3-ден мұғалім мен оқушы арасында мақсатты істі орындауда бірігуді ұйымдастыру.
4-ден, болған оқиғаға талдау жасау бір-біріне сенім керсету.
Мұғалім коммунитактивтік бейімділігінің дамуы оның педагогикалық ерекше стилінің болуын, педагогикалық тактісінің болуын т.б. қарым-қатынас жолдарын жасай білуін қажет етеді. Мысалы: оқушының бет әлпетінен, іс-әрекетінен оларды тани білу, сыртқы бейне-белгілерінен тани білу байқағыштығы, қарым-қатынас үстінде өзін ұстай білу, сөз, пікір алмасуында да тең ұстай білу, өзінің үлгісін оқушыларға таныта білу, эмоциялық сезімді тез басқара білу, мұғалімнің сөйлеу әрекетінің басымдылығынан гөрі оқушының сөйлеу әрекетінің басым болуын дамыту керек. ¦жым алдында бұйғы балалардың сәл жетістіктері үшін, мадақтап отыру керек.
Біз тәжірибеде жас мұғалімдердің педагогикалық өз стилінің болуы, педагогикалық тактіні меңгеруі, оның ізденгіштігіне педагогикалық ұжымның көмегіне байланысты деп есептейміз.
Сондықтан да жоғарыда аталғандай педагогикалық қарым-қатынас өнеріне жетілу әрбір педагогтың негізгі шығармашылдық іс-әрекетіне жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет