Дәріс тақырыбы: «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің квалиметриялық моделі»



бет10/11
Дата15.03.2020
өлшемі157,18 Kb.
#60224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3.2.1 дәріс

Квалиметриялық амал басқа әдістермен салыстырғанда өте ыңғайлы және дәл, өйткені рейтинг бойынша тез реттестіруге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, алынған баға стратегиялық жағынан маңызды ақпарат болып табылады! Оған қол жеткізуге шектеу қойылу керек. Тағы да бір мысал, квалиметриялық бағалау сыйақы қорын шынайы және әділ бөлуге мүмкіндік береді (кімнің рейтингі жоғары болса, соның сыйақы көлемі жоғары).



Жоғарыда келтірілген мысалдарда көрсетілгендей персоналды таңдаудың квалиметриялық моделінің нәтижелі үлгісін ұжымдағы үздік қызметкерлермен өз ісінің кәсіби маманын анықтауға қатысты кез-келген басқару міндеттеріне бейімдеуге болады.

Басқару қызметін кадрлық резервке тиімді таңдаудың үлгісін құру ережелері.

Квалиметриялық бағалау нәтижелері дәл болып шығу үшін қасиеттер сызбасын құруға мол дайындықпен келу қажет.

Ерекше мән беретін 6 ережені бөліп көрсетуге болады:


  1. Квалиметрия заңдылығы бойынша блокты ең соңында қарапайым қасиеттер (әр қарай бөлуге келмейтін) қалғанға дейін «ұсақтау» қажет.

  2. Блоктағы сипаттама саны өте қажетті және толық көлемде болуы шарт.

Мысалы, ғимараттың өлшемін бағалауда оның ұзындығы мен енін алу ғана жеткіліксіз, оған қоса биіктігін де білу қажет. Ал «аудан» көрсеткіші бұл жерде артықшылық етеді. Оны ұзындығы мен ені арқылы есептеп шығаруға болады.

  1. Ағаштың ең төменгі сатысындағы сипаттама саны 16-ға тең. Егер қасиеттердің санын аз етіп алар болсақ, нәтиже дәл шықпайды.

  2. Түрлі блоктарда бір-біріне қатыссыз сипаттамалар болуы керек. Бір блокқа арақатынастылық жоғары дәрежесіндегі сипаттамалар енгізіледі.

  3. Әрбір блокта бөлудің бірыңғай белгісі немесе бір логикалық негіз болу керек. Тиісінше «жас ерекшелігі және «тұлғааралық түсінік» бір блокта кездеспеуі қажет.

  4. Ағаштың төменгі сатысындағы көрсеткіштердің әрбіреуі өз шекараларына – өте жақсы (100) және өте нашар (0) мәніне ие болады. Үлгілік бағыттарды (көрсеткіштер) кадрлық резервтің басшысы немесе тапсырыс беруші анықтайды.

Кадрлық резервке алу кезіндегі қызметкерлерді бағалаудағы квалиметриялық әдістің «плюстары» мен «минустары».

Әрбір педагогтің жеке және кәсіби қасиеттерін кез-келген жағынан сандық бағалауға болады. Сіз кімді, қандай параметрлер жағынан бағалау керектігін таңдайсыз, ал квалиметриялық әдіс сізге сол мүмкіндікті береді. Сіз қызметкерлердің тізімін құрасыз, ал квалиметриялық модель оларды рейтинг бойынша рангісін анықтайды. Әдістеме шынайы критерийлерге






негізделген және кадрлық резервке енгізу жөнінде шешім қабылдау үшін немесе резервтен басқару лауазымына ұсыну үшін шешуші құрал ретінде толықтай жарамды.

Квалиметриялық әдістеменің инновациялық жаңалығы өзіне мән беруді қажет етеді. Мәселе мынада – кез-келген бағалау жүйесі педагогтерді ынталандыруы тиіс. Ал педагогтердің кәсіби құзыреттілігін бағалаудың квалиметриялық әдістемесі ең алдымен оқытудағы қажеттілікті анықтау үшін, кадрлық резерв құру үшін, яғни адам әлеуетін дамыту үшін пайдалануға болады.



1-сурет Тиімді таңдаудың үлгісін құру ережелері. Қасиеттер ағашы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет