Дәріс тапсырмаларының тақырыптары 1-модуль Кәсіпкерлік негіздерінің ұғымы


II-модуль Кәсіпкерлік пен бизнес ерекшеліктері



бет12/17
Дата06.02.2022
өлшемі69,32 Kb.
#81092
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәрістер

II-модуль Кәсіпкерлік пен бизнес ерекшеліктері
7 – тақырып. Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау әдістері
Кәсіпкерлік құпияның және оны қорғау әдістері
Кәсіпкерлік құпияның мәні. Кәсіпкерлік құпияның түрлері: өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, технологиялық, коммерциялық. Кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің құрамы мен көлемі. Кәсіпкерлік құпияға кірмейтін мәліметтер жиынтығы. Кәсіпкерлік құпияның шекаралары. Коммерциялық құпия жарияланған жағдайдағы кәсіпрынның шығындары. Комерциялық құпияға кәретін мәліметтерді анықтау бойынша ұсыныстар. Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша шаралар жүйесі. Құпияның жариялануына әсер ету шаралары.
Кіші кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер қызметтерін орындау кезінде көптеген шешімдер анықталмаған жағдайға жиі әкелуі мүмкін, бірнеше мүмкін нұсқалардан бір шешім таңдау кезінде болады. Адам қызметінің кез келген сферасындағы тәуекелдер индивидтер қабылдайтын шешімердің жағымды және жағымсыз нәтижелеріне әсер ететін көптеген жағдайлар мен факторларға байланысты болады. Тарихи тәжірибе көрсеткендей белгіленген нәтижелелерге жетпеуі тәуекелі тауар-ақша қатынастары және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестік болған кезде пайда болады.
Кәсіпкерлік тәуекелдің пайда болуында обьективті негізі бар – бұл кіші кәсіпорындар қатынастарының сыртқы ортаға әсерінің анық еместігі. Сыртқы ортаға обьективті ортаға экономикалық, әлеуметтік, саяси және басқа жағдайлар кіреді. Кәсіпкерлік тәуекелдіктің пайда болуы – бұл кәсіпкердің экономикалық бостандығының кері жағы, осы бостандық үшін тәуекел өзіндік тәуекел болады. Кәсіпкерлік тәуекел бұл кіші кәсіпорын қызметі процесіндегі ресурстардын мүмкін, ықтимал жоғалтулары, сәйкесінше, белгіленген соңғы нәтижелерге (пайда, табыс) жетпеу болып табылады.
Анықталмағандық және кәсіпкер, тәуекел ұғымдарын бір-бірімен байланыстыру керек. Өйткені, анықталмағандық – бұл кіші кәсіпорын қызметтерін орындауды алдын ала нақты қабылданбаған барлық жағдайлар, ал тәуекел мұндай жағдайлар болу ықтималдығын бағалауға мүмкін емес болғандағы жағдайлар.
Сақтандыру тәуекелі – бұл сақтандыру жүзеге асырылатын ықтимал жағдайлар немесе жағдайлар жиынтығы. Қауіп көзіне байланысты сақтандыру тәуекелдерін екі топқа бөлеміз:
1. табиғаттың стихиялық күшіне байланысты тәуекелдер (ауа райы жағдайлары, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.)
2. материалдық игіліктерді өндіру процесіндегі адамның мақсатты іс-әрекетіне байланысты тәуекелдер.
Нарықтық экономикада жүйелік және жүйелік емес кәсіпкерлік тәуекелдер болады. Жүйелік тәуекел – барлық экономикалық жүйелер немесе жеке нарыққа сипатталады, сәйкесінше жүйелік емес бір кәсіпорындарды сипаттайды. Кәсіпкерлік қызметте шешім қабылдау кезінде және оны өткізу кезіндегі тәуекелдерді бөліп көрсетуге болады. Кәсіпкер тәуекелдермен өз қызметінің әр түрлі сатыларында, әр түрлі уақытта қақтығысады. Жағдайдың анықталмағандығы әкелетін тәуекел көзі болып шаруашылық қызмет, кәсіпкердің өз іс-әрекеті және білімнің ерекше түрі ақпарат болып табылады. Осыған сәйкес тәуекелдер шаруашылық тәуекел, кәсіпкердің өзіне байланысты тәуекел және ақпараттың жетіспеуімен шарттасқан тәуекел болып бөлінеді.
Нарықтық экономика жағдайында тәуекеліндің екі типі бар: локальді (аймақтық) және глобальді.
Кәсіпкерлік тәуекелдер пайда болу сферасы бойынша сыртқы және ішкі деп ажыратуға болады. Сыртқы тәуекелдердің пайда болу көзі болып кәсіпкерлік ұйымға қатысты сыртқы орта болып табылады. Ішкі тәуекелдің көзі кәсіпкерлік ұйымның өзі, олар тиімді емес орындалған менеджмент, қатерлі маркетингтік саясат және басқа да ішкі факторлар. Кәсіпкерлік тәуекелдер уақыт бойынша қысқа мерзімді және тұрақты болып бөлінеді. Банкроттық жағдайға байланысты жіберілетін критикалық және катастрофалық болып бөлінеді. Кәсіпкерлік қызметке байланыстың экономикалық-техникалық және саяси тәуекелдер болады. Экономикалық тәуекелге өндірістік, коммерциялық, несиелік, инвестициялық, валюталық, инфляциялық, қаржылық тәуекелдер және т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет