Дәріс тезистері 1 дәрістің тақырыбы: Тұлға психологиясының пәні мен міндеттері



бет6/24
Дата11.01.2022
өлшемі86,25 Kb.
#111283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Дәріс тезистері
Тасболат Ардак, жм 5 курс каз, Туған жердің таланттары ереже, Туған жердің таланттары ереже
Жеке тұлға дамуы, невроздар этиологиясы. Бала қайғыруының маңызды қайғыруының қалыптасуы мен жеке тұлға қалыптасуы үлкендерге қатысты - деп Хорни Фрейд пікірімен келісті. Негізгі ұстанымдарының біркелкі екеніне қарамастан, жеке тұлға қалыптасуын қарастырғанда пікірлері 2-ге айырылды. Фрейдтің әмбебап психосексуалды кезеңнің бар екенін және баланың сексуалдық анотомиясы жеке тұлганың әрі

қарай дамуына бағыт көрсетеді деген пікіріне келіспеді. Хорнидің дəлелдеуі бойынша жеке

тұлға дамуының негізгі факторы - бала мен ата - ана арасындағы карым- қатынас деп қарастырды. Хорни келісімінше балада 2 қажеттілік болады. Қанағаттандыруға қажеттілік; Қауіпсіздікке қажеттілік; Қанағаттандыруға барлық негізгі биологиялық қажеттіліктер кіреді: ұйкыға, тағамга, т.б. Хорни физикалық тірлікке қажеттілікті канағаттандыру қажет деп санаганымен, бірақ жеке түлға дамуына негізгі рөл атқарады деп санамады. Бала дамуының негізгілері: қажеттілік пен қауіпсіздік. Осы жагдайдағы негізге алынатын түрткі - сүйікті, қалаулы жэне кауіптен сақтандырылган болу. Баланың бүл кажеттіліктерінің өтелуінде толыгымен ата- анасына тәуелді деп санады. Егер ата-анасы баласына шынайы махаббатпен жылы қарым- қатынаста болса, онда осыған орай баланың кажеттіліктері қанағаттандырылады. Осының арқасында дені сау жеке тұлға қалыптасады. Керісінше ата-ана бала кажеттілігін жеткілікті қанағаттандырмаса жеке тұлғада патологиялық даму жүруі мүмкін. Ата-ана әрекетінің көптеген сəттері бала қажеттіліктерін фрустрацияға қалдыруы мүмкін: Тұрақсыздық, тәртіпсіз іс-әрекет, келеке ету, орындалмаған уәде, шектен тыс еркелету, сонымен қатар ағасына не апасына артық көңіл бөлу. Бірақ осындай ата-ана тарапынан көрсетілген қарым-қатынастың негізгі нәтижесі бала дамуында базалық өшпенділік құрылымын тудырады. Осындай жағдайда бала 2 оттың арасында қалады: ол ата-анаға тəуелді, сонымен қатар оларға деген көңілінің қалуы байқалады. Ата-ана , отбасының қауіпсіздігін сезінбеуі нəтижесінде бала іс-әрекеті өзін әлсіз сезіну, қорқыныш, махаббат пен кінәлау, психологиялық қорғаныс рөлін атқарады. Оның мақсаты - ары қарай өмір сүру үшін ата-анаға деген өшпенділік сезімін басу. Өкінішке орай өшпенділік сезімін басу өзінен -өзі өмір сүрмейді, олар бала басқа адаммен қарым-қатынас жасаған кезде көрінеді, осы шақта да, болашақта да. Осындай жағдайда балада базальдық үрей байқалады. Қауіпті әлем алдында қауіп пен қорғансыздықты сезінеді. Базальдық үрей - бүл ішкі сезім, яғни қауіпсіздікті жоғалту сезімі. Хорнидің негізгі концепцияларының бірі болып табылады. Базальдық үрей, невроздар этиологиясы.
Фрейдттің ойынан Хорнидің айырмашылығы қорқыныш адам психикасының қажетті компоненті деп санамауы. Керісінше ол қорқыныш түлғааралық қарым- қатынас қауіпсіздікті сезінудің нақты нәтижесі деп дәлелдеді. Жалпы ата- ана мен бала арасындағы қауіпсіздік сезімінің жоғалуы базальдық үрейге әкеледі. Невроздар этиологиясына сәйексті іс-әрекет ата-ана мен бала арасындағы қарым -қатынас бұзылысын іздеу керек. Егер бала махаббат пен өзіндік қабылдануды сезінсе қалыпты дамиды. Ал егер өзін қауіпсіз сезінбесе, оларда ата-анаға деген өшпенділік оянады. Соңында бұл өшпенділік базалдық үрей құрылымдайды, бұл әр адамға бағытталады. Хорни пайымдауынша балада базальдық үрей көрінуі, үлкейгенде невроздың қалыптасуына әкеледі.

Невротикалың қажеттіліктер: базальдық үрей компенсациясының стратегиясы. Қауіпсіздіктің жетіспеушілігін сезіну, әлсіздік және өшпенділік, базальдық үрей сезімдерінен құтылу үшін бала жиі әртүрлі қорғаныс стратегиясына амалсыздан жүгінеді. Хорни 10 осындай стратегияларды сипаттады, бұлар невротикалық қажеттілік немесе невротикалық тенденция деп аталды. Оларға сәйкесті мінез құлықтар көрсетті.


1. Қолдауға және махаббатқа қажеттілік. Сүйікті болуға, басқа адамдар қызығатын объект болуға ұмтылу; Жоғары сезімталдық жэне сынды шеттету мен достық емес қарым - қатынасты қабылдай алу.
2. Басқаратын серіктеске қажеттілік. Басқа адамға шектен тыс тәуелділік, қабылданбай қалудан қорқу немесе жалғыз қалудан; махаббатты артық бағалау - махаббат барлығын шеше алады деп сену.
3. Билікке қажеттілік. Өзіндік мақсаты басым болу жэне бақылау, әлсіздерге өктем қарым - қатынас.
7 дәріс.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Тұлғаны зерттеудегі диспозиционалдық бағыт (Г.Олпорт, Р.Кэттелл, Г.Айзенк.)

  2. Тұлға бітістері концепциясы.

1 Г.Олпорт проприум деген терминді еңгізді. Оның ойынша проприум позитивті шығармашылык адамның табиғи қасиетінің дамуын көрсетеді. Г.Олпорт тұлғаның барлық аспектілерін пропиум жаулап алады деген. Ол проприумды оның диспозициясына қатысты адамның тұрақтылығын, перспективті мақсаты деп қарастырды. Сонымен қатар, проприумды «тұлға ішінде өмір сүретін кішкентай адам» деп қарастырмаған. Бұл ұйымдастырушы және біріктіретін күш, яғни адамзаттық өмірдің құрылуы. Г.Олпорт «өзіндік» жеті әртүрлі аспектілерін қарастырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет