Дәрістер конспектесі 1-тақырып. Сызбаны тұрғызу теориясы. Проекциялау әдістері. Монжа эпюрі


Бұрандалар  және  бұрандалық  қосылыстарды  кескіндеу



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата02.05.2020
өлшемі0,51 Mb.
#65504
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дaрістер конспектесі

Бұрандалар  және  бұрандалық  қосылыстарды  кескіндеу.  Бұрандалар 

және  бұрандалық  қосылыстар  техникада  кең  тараған.  Бұрандалар  жіктеуі 

келтірілген.  

Сонымен бұранда деп жазық фигураның (квадрат, үшбұрыш, трапия және 

т.б.) цилиндрлік немесе конустық бет бойынша бұрамалық қозғалысы кезінде 

жасалынған  бетті  айтады.  Бұранданың  қандай  бетте  орналасқанына 

байланысты, бұрандалар цилиндрлік және конустық болып бөлінеді. Бұранда 

цилиндр  немесе  конустың  сыртқы  немесе  ішкі  бетіне  түсірілуі  мүмкін. 




Бірінші жағдайда ол сыртқы, ал екіншіде – ішкі бұранда деп аталады.  

Сағат  тіліне  бағыттас  және  осьтің  бойымен,  бақылаушыдан  әрі  қарай 

бағытта, жылжитын жазық фигурамен жасалған бұранда оңқай деп аталады.  

Сағат тіліне қарсы бағытта аалатын және осьтің бойымен, бақылаушыдан 

әрі  қарай  бағытта,  жылжитын  жазық  фигурамен  жасалған  бұранда  теріс 

(солақай) деп аталады.  

Бұранда  жасалған  цилиндрдің  немесе  конустың  осі  арқылы  өтетін 

жазықтықпен  орамды  қиғанда  шығатын  қима  нұсқасы-бұранда  профилі  деп 

аталады.  

Жазықтықта  бұранда  профилін  анықтайтын  жазық  фигураның  пішініне 

байланысты  бұрандалар  үшбұрышты,  тікбұрышты,  трапециялық,  дөңгелек 

болып келеді.  

Бұрандалар  атқаратын  қызметіне  қара  бекітуші  бұрандалар  (үшбұрыш 

пішінді бұрандалар), жүрісті бұрандалар (трапеция, тіктөртбұрыш, пішіні ара 

тәрізді  бұрандалар)  және  арнаулы  бұрандалар  (пішіні  стандартты,  бірақ 

стандарттылардан  олардың  диаметрі  немесе  қадамының  өлшемдері  өзгеше 

болатын бұрандалар болып бөлінеді).  

Барлық  бұрандаларды  екі  топқа  бөлінеді:  стандартты  және  стандартты 

емес.  Стандартты  бұрандаларда  олардың  барлық  параметрлері  стандарттар 

бойынша  анықталады.  Бұранданың  негізгі  параметрлерін  МЕСТ  11708-82 

анықтайды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет