Дәрістер конспектісі пән туралы ақпарат


дәріс XVII ғасырлардағы Голландия



бет19/19
Дата08.11.2022
өлшемі161,7 Kb.
#157027
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Ортагасыр
Вирустар, 1Метод.реком.СРО СД в интенсивном уходе, 9 сынып БЖБ , 9 кл СОР 8
15 дәріс
XVII ғасырлардағы Голландия

1. XVI ғасырдың алғашқы жартысындағы Нидерландияның экономикалық дамуы


2. Біріккен Нидерланд провинциялары Республикасының тәуелсіздік алуы

XVI ғасыр Нидерландияда гүлдену кезеңі болды және Европадағы халық ең тығыз орналасқан мемлекет болды. Нақтырақ айтсақ, мәліметтерге қарағанда шағын аумақта 300-ден аса қала және 6500 дей елді мекен орналасқан.


Нидерландияның экономикалық даму ерекшеліктеріне байланысты әр аймақтарға әр түрлі дамығанмен, қарқыны шамалас болды. Экономикалық даму ерекшеліктеріне байланысты былай топтасты: Фландрия және Брабант – орталық өнеркәсіптік аудан; орталығы Голландия мен Зеландия болып есептелетін солтүстік өнеркәсіптік провинциялар тобы; ауыл шаруашылғы басым дамыған – Артуа, Люксембург, Намюр, Гельдерн.
Ескі Фландрия және Брабант провинцияларындағы – Гент, Ипр, Брюссель, Лувенде қалаларында ХІІІ ғасырдың өзінде дамыған цехтық қолөнер және кең салалы сауда орталығы ретінде танымал болатын. Бірақ, XVI ғасырдың ортасына қарай цехтық жүйе құлдырауға кетті. Сауда айналымында жоғары орын алатын шұға шығаратын цехтар елді мекендер мен жаңадан көркейіп келе жатқан Хондсхоте, Валансьене, Антверпене сияқты қалалардағы жүн иіретін мануфактуралық өнеркәсіппен бәсекеге қабілеті жетпей өзінің экономикалық маңызын жоғалтты. Басқа цехтарда сыртқа бейнесін сақтағанымен біртіндеп ыдырап, қатардан шыға берді.
Билікте отырған цех иелері дамып келе жатқан өдірістік өнеркәсіпке қарсы қатал күрес жүргізді. Сонымен бірге, қолында билігі бар монополистердің осы әрекетінің салдарынан шеберлер жеке қолөнер шеберханасының иегері болу мүмкіндігінен түбегейлі айырылған жалдамалы жұмысшы дәрежесіне дейін төмендеді. Көптеген цехтардың шеберлері өсімқорлар мен алыпсатарлардың жемі болып кедейленіп, өз мүмкіндіктері мен саудадағы еркіндіктерінен айырылды. Есесіне мануфактура формасындағы жүннен, жібектен мата, кілем, түсті кілем, шишадан, теріден және металдан заттар өндіретін өнеркәсіп орындары жылдам дами бастады. Фландрия мен Брабант провинцияларында орталықтандырылған және сонымен қатар, үйінде жұмыс істейтін қалалық және ауылдық қолөнер шеберлері мен аралас түрдегі мануфактуралар ағынатын шашыраңқы мануфактуралар пайда болды.
Брабанттың ең үлкен портты қаласы Антверпен өте маңызды сауда және қаржы орталығына айналды. Сыртқы саудадағы тауар шығаратын Брабант пен Фландрия қалаларындағы монуфактуралардың барлығы дерлік осы порт арқылы шет жерліктермен байланысты. Өте қолайлы және кең орналасқан портқа испан, партугал колонияларынан және әлемнің әр түпкірінен келген мыңдаған кемелер тоқтайтын. Антверпенге Европаның сол кездегі ірі қаржыгерлерінің барлығының конторы жиналды. Голландия, Зеландия және Утрехт провинцияларында да ескі цехтар жаңа мануфактуралық өнеркәсіптермен бәсекеге шыдамай жабыла бастыды. Бұл аймақтарда әсіресе кеме құрастыратын өнеркәсіптер қарыштап дамыды. Бұл процесстің нәтижесінде цехтардың шеберлері мен шағын жеке кәсіпкерлікпен айналысатын қолөнершілер кедейленіп мануфактураларға тәуелді жалдамалы жұмысшылар дәрежесіне төмендесе, есесіне жаңа өсіп шыққан буржуазия өкілдері, нақтырақ айтқанда мануфактура иелері одан әрі байып ірі қаржы иелеріне айналдырды.
Амстердам, Антверпен секілді ірі өндірістік қалаларға ауылдық шаруашылықпен айналысушы халық тәуелді болды. Яғни, жаңа заманғы өндіріс орта ғасырлық шаруашылықты басып озды. Бұл қалаларда сауданың дамығаны соншалық шет мемлекеттерден келген саудагерлердің барлығы тек көтерме саудамен айналысты. Өйткені аталмыш қалалардың базарынан өзге жерлерде тапшы болып есептелетін кез-келген тауар алатын мұмкіндік болған. Сондықтан, тауарын жекелеп сатып уақыт өткізгеннен, келесі аялдамасында өтімді болатын затты көтерме бағада алып сапарын жалғастырған пайдалы болды. Солтүстік провинциялардың экономикалық жүйесінде негізінен балық шаруашылығы мен сауда басым болды. Амстердам, Зеландияның – Мидельбург, Флиссинген порттары Англия, Шотландия, Прибалтика, Газа және Орыс мемлекеттерімен қызу сауда жүргізді. Ауылшаруашылығы кейіндеп қалған Гельдерн, Дрент, Оверейсель провинциялары голланд және зеланд порттары арқылы мал шаруашылығы өнімдерін саудаға шығарып, сол порттар арқылы өздеріне қажетті нан және басқа да тауарлар алып отырды.
Осы XVI ғасырда Фландрия мен Брабент ауыл шаруашылығында жалға беру жүйесі қалыптасты. Дворяндық жер телімдерін сатып алған фермерлер мен бай қалалықтар шаруашылқпен айналысушы дворяндарды ығыстыра бастады. Голландия мен Зеландияда батпақты жерлерді құрғатуға көп күш жұмсалды. Пельдер деп аталатын құрғатылған батпақты жерлер, көп ақша жұмсап осы жерлерде өнеркәсіп түріндегі ірі сүтті-мал шаруашылығын дамытатын фермерлерге көптеген талаптармен жалға берілді. Нидерланд экономикасында қалыптасқан жалға беру жүйесі арқылы баюды көздегендер мұнымен тоқтамады. Енді олар жер иеліктері бар шаруалар мен әлсіз дворяндары тонап мүлкін талан-таражға ұшырату арқылы қыспаққа алып жерлерін тартып алу арқылы жалға берілетін жерлердің көлемін ұлғайтып отырды. Осындай әрекеттердің салдарынан шаруалар мануфактураның тұрғылықты жері жоқ жалдамалы жұмысшыларының қатарын толықтырды.
Осы процестердің нәтижесінде XVI ғасырда Нидерландияда өте бай буржуазия мен оларға жалдамалы жұмысшы тобы қалыптасты.
Негізі саудасы мен өнеркәсібі жаңа дамып келе жатқан ел үшін ақшаның ел ішінде айналымда болуы үлкен маңызға ие. Ақша біріншіден, саудада керек. Сауда айналымын тоқтатпай жүргізіп отыру және жаңа сауда орындарын ашу ақшаға бағынышты әрекеттер. Ал ол кезде мұндай қолайсыз кезеңдерге арнап сақталған ақша жоқ болатын. Бұл әрекеттер өз кезегінде экономикаға серпін береді. Әр түрлі көлемдегі өндріс орындарын ашып, дамыту үшінде нақты ақшаның қолда болғаны керек. Экономика саласындағы сауда мен өнеркәсіптің дамуы кедей халықты өз жағдайларын жасауға мүмкіндік жасайтын жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Айналымдағы еркін ақшаның сыртқа қайтарымсыз кетуі нидерланд экономикасын апатты жағдайға алып келді. Шаруалардың кедейленгені соншалық тамақ тауып жеу үшін үйі мен дүниесін сатып, қаңғып кетті. Ол ақша экономикалық жүйеде содан кейін екінші орын алатын мануфактураның кең қанат жаюуына да мүмкіндік жасайтын.
Солтүстік және орталық провинциялардың экономикалық дамуы бір негізде қалыптасқанмен белгілі бір дәрежеде өзгешеліктер болды. Уақыт өте келе бұл өзгешеліктер ұлғая түсті. Фландрия мен Брабанттағы мануфактуралар жүн өндіретін Испаниядан әкелінетін жүнге және Испанияға бағынышты сауда заңдылықтарына икемделді. Сонымен қатар бұл провинциялардағы ақсүйектер саяси ыпалды қатты пайдаланды. Жерді сатып алған қалалық байлар өз иеліктеріне өткен аумақта орналасқан шаруаларды өз қалағандарынша қанады.
Шаруашылықтың жаңа үлгіге тез икемделуі мен жалға беру жүйесінің дамуына қарамастан, орталық провинциялар жерге қатысты көптеген ескі феодалдық борыштармен шатасып кетті. Сондықтан бұл провинцияларда ішкі сауда жәй дамыды. Антверпеннің саудасында алыпсатарлық басым болды. Бұл қаланың жеке кемелері болмады, жағалауда тоқтаған мыңдаған кемелердің барлығы өзге елдер мен қалалардың сауда кемелері болды. Мұның барлығы Фландрия мен Брабант экономикасын айтарлықтай әлсіретті және Испанияға бағынышты етті. Бұл провинцияларда XIV ғасырдың өзінде-ақ алғашқы мануфактуралар пайда бола бастаған еді. XVI ғасырда мұндағы жалдамалы еңбек жүйелі түрге енеді де, кең тараған тауар өндірісті-капиталистік қатынастардың дамуында алғышарттар қалыптастыра бастайды. Ірі өзгерістер Фландрия мен Брабанта провинцияларда, сондай-ақ ірі жер қатынастары түзілген салаларда жүзеге асады. Көптеген шаруалар осы кездің өзінде феодалдық құқықтағы жердің жалдаушылары мен ерікті иелері бола бастайды. Дворяндар біржолата жерді пайдаланудан алшақтай, одан жалға алынатын қаржылай рентамен де қанағаттануға төселеді. Дворяндардың шаруашылық өмірден ығыса бастауымен қатар, деревнялардың бірігу процесі де орын алып жатады. Дворяндық жерлердің бір бөлігі біріккен иеліктерге саудаланып, фермерлер мен бай бюргерлердің қолына көшеді.
Ал солтүстік провинцияларда бәрі керісінше, салыстырмалы түрде артта қалған ауылшаруашылығымен айналысушы провинциялардың өзі тауар-ақша қатынасына тартылды. Голландия, Зеландия және Фрисландия жерінде ақсүйектер көп жер иеленбеді. Сонымен қатар аталмыш провинцияларда ежелден келе жатқан жекеменшік жер телімдеріне иелік ететін еркін шаруалар болды. Ішкі сауда, сонымен бірге өндірістік қатнастардың дамуы кең қанат жайды. Заманына сай жарақталған теңіз флоттары және Англиямен, Балтық жағалауы елдерімен және Ганзамен сауда қатнастарының болуы солтүстік провинциялардың экономикасын толықтай Испаниядан тәуелсіз етті. Испанияның өзі Голланд көпестері алып келетін нанды тұтынды. Солтүстік сауда орталығы ретінде Амстердам қаласы жылдам дамыды.
Нидерландияның екі ірі экономикалық орталығы – оңтүстіктегі Антверпен мен солтүстіктегі Амстердам арасында үлкен бәсекелестік жүрді. Бірақ уақыт өте келе оңтүстік орталық бәсекеге қабілетсіздік танытып әлсірей бастады, есесіне солтүстік аймақтың бас қаласы күшейгеннің үстіне күшейе берді.
Геннегау, Артуа, Люксембург, Намюр, Гельдерн провинцияларында ақсүйектердің ықпалы басым болды. Сондықтан бұл аймақтарда өндіріс жай дамыды. XVI ғасырдың ортасында Нидерландия жаңадан қалыптасып келе жатқан әлемдік капиталисік жүйеде жетекші орын алды. Мәліметтерге қарағанда XVI ғасырдың ортасында Нидерланд экономикасындағы импорт 20 – 22 млн., ал экспорт 16 млн. гульденді құраған. Аталған қаржыға порттарда көрсетілетін түрлі қызметтерден, баж салығы мен басқада жиналатын қаржыларды қосатын болсақ Нидерландия экономикасының қуатын байқауға болады.
Біріккен Нидерланд провинциялары Республикасының тәуелсіздік алуы
Ағылшындар мен голландықтардың бәсекелесінде, Балтықта голландықтардың позициясы ерекше мықты болатын. Балтық теңізінің жағалауынан Батыс Еyропаға маңызды тауарларды: кемелік құрылыс ағаш, кенеп (кенептен, кендірден тоқылған мата және көптеген маңызды тауарларды таситын. Нақты мәліметтердің жетіспеуінен, Балтық саудасына ағылшындықтардың ену тенденциясын дәл анықтау қиын. Осыған екі көзқарас болып тұр. Біріншісі - дәстүрлі, оған көптеген зертеушілер сүйенеді, яғни ағылшындардың Балтыққа қатысуы үздіксіз өсіп отырды және егер де XV ғасырда Англияның Балтықпен саудасының маңызды бөлігі арасындағы делдал ганзейліктердің қолында болса, XVI ғасырдың екінші жартысында үкіметтің қолдауына ие болған ағылшын көпестері Балтық елдерімен сауданы өз қолдарына алды, ал бұл процестің нәтижесінде, 1579 жылы 17 тамызда Елизаветаның хартиясында жарқын көрініс тапқан Эстландия немесе Балтық компаниясының құрылуы болды. Ағылшын сауда экспансиясы XV-XVIII ғасырлардағы дәуірдің символына айналды. XV ғасырдың өзінде ақ ағылшын көпестері Ганза бақылауларынан құтылуға тырысты, XVI ғасырда олардан құтылды да, сонымен үкіметтің барлық күшінің қолдауымен Англияның коммерциялық кезеңі басталды. Балтық теңізінің аймағы ағылшындардың сауда экспансиясының бір бағыты болды, сондай-ақ 300 жылға жуық ағылшындардың қызығушылығында болды.
Aғылшын үкіметі Нидерландияны өздерінің жылдам қарқынмен дамып келе жатқан болашақ бақталасы ретінде танитындықтан мүмкіндікті пайдаланып шиеленіскен саяси жағдайды өз пайдаларына шешуді көздеді. Мемлекеттің көздеген саясатын жүзеге асыру граф Лестерге жүктелді. Лестер 1587 жылы желтоқсанда Лестер провинциялар бірлестігіне келді. Провинцияларға Испаниямен, Франциямен және олардың одақтастарымен сауда жасасуға тыйым салды. Ол билік өкілдерінің, консисторлар мен радикалдардың арасындағы қатнастардың нашарлығын пайдаланып, оларды бір-біріне айдап салды. Испандықтармен соғыста оның әскері жеңіліс тапты. Бас штаттың бос шығындалуды тоқтатып, келісім шарттағыдай қарым-қатнасты қалпына келетіру және испандықтарға қарсы соғыста жеңуді қамтамасыз ету туралы талаптарын елемеді. Лестердің Филипп ІІ мен бейбіт келісімге қол қоюы туралы Англиядан келген құпия нұсқаулықтың қолға түсуі, Елизавета мен оның қолшоқпарының шын мақсатын әшкере етті. Осыдан кейін Амсердам мен басқа бірнеше қалада көтеріліс жасап басып алу жоспарлары да жүзеге аспай қалды. Алданғанын білген Нидерландықтар одан теріс айналды. 1587 қараша айында граф Лестер Англияға қайтып кетті. Осы оқиға мен герцог Анжуйскидің сәтсіздіктері провинциялар бірлестігін басқарушы ақсүйектерді тәуелсіздік жолында жат жерліктердің көмегіне сүйенудің мүлде пайдасыз екендігіне көздерін жеткізді. Аталмыш сатқындықтың Нидерландықтарға тигіген пайдасы олар батыл шешім қабылдап провинциялар бірлестігін республикаға айналдырды. Біріккен провинциялар республикасының жоғарғы билеуші органы – Бас Штат, ал мемлекеттік құрылысы республикалық болды.
Билеуші топ саясаттың көптеген сақ қадамдарын меңгерді. Ян фан Олденбарнофелт секілді ірі ұлттық саяси қайраткерлер пайда болды. Ян фан Олденбарнофелт іс жүзінде республиканың бүкіл ішкі және сыртқы саясатына басшылық жасады. Осы кезде ханзада Оранскийдің ұлы Морис Нассауский де өзінің батыл саясаты мен қабылетті қолбасшы ретінде көзге түсіп, халықтың қолдауын тапты. Ол Лестер келместен бұрын Нидерланд жерінің статхаудері болып сайланған еді. Бірақ ол кезде оның жастығы мен тәжірибесіздігі саясатқа белсене араласып, ықпал етуіне көп кедергі болған. 1588 жылы Мористің басшылығымен Республиканың теңіз әскері Филипп ІІ нің Жеңілмес армадасына үлкен соққы берді. Ағылшындар үшін ең басты сауда тірегі Антверпен қаласы болды. XVI ғасырдың ортасында авантюристік-көпестер Компаниясы күшті болғаны соншалық, ішкі ағылшын нарығынан ганзейліктерді толығымен ығыстыруға күші жетті. Сондай-ақ дәл осы кезеңде aвантюристік-көпестер қаржысы ағылшын өкметінің несие берушісіне айналған. Сонымен бұл компанияның ықпалы үлкен маңызға ие болды.
Нидерландыдан кейін ағылшын көпестерің қызығушылығында сөзсіз Балтық болды. XIV ғасырда ағылшын-балтық саудасы тек қана ганзей арқылы жүргізілді. XV ғасырдын аяғында ганзейліктердің қамқорлығы ағылшының сыртқы саудасының дамуына кері әсерін тигізді. XVI ғасырдың басында Англия өзінің сауда экспанциясын кеңейтуді белсенді түрде бастайды, ағылшын көпестері барған сайын елдің ішінде өздерінің позицияларын күшейте түседі. Ағылшын саудасынан шетелдіктерді біртіндеп ығыстыра бастайды, XVI - XVII ғасырларда Ганзaның жеңілдіктері біртіндеп жоғала бастайды, ал 1598 жылы Лондонда Болат сарайы жабылады. Осыдан кейін Англиямен қатынас тұрақты жүйеге түсті.
Францияның өз ішінде қиыншылықтар туып Нидерландияға бұрынғыдай араласуына мүмкіндіктері болмады. 1592 жылы Фарнез француздық католиктерге көмекке жасақталған экспедициялық әскерге қолбасшы болып тағайындалды. Ал 1596 жылы Испания кезекті тоқырау жағдайына тап болды. Көршілес ықпалды державалардың бастарына түскен қиыншылық Нидерландияның мемлекеттік жүйесінің қалыптасып нығаюына ықпал етті. 1588 – 1598 жылдар аралығында Морис Нассауский жеті провинция мен оңтүстіктегі біршама аудандардың тұтастығын қалпына келтірді. Республиканың ішкі саяси жағдайы біршама тұрақталып, экономикасында айтарлықтай ілгерілеу болды.
XVII ғасырдың басында біраз қиыншылықтар болды. Морис Нассаускийдің оңтүстікті азат ету мақсатында жасаған жорығы Голландияның бастартуынан кейін Нианортты алумен тоқтатылды. Голландияның оңтүстікті азат етуден бас тартуларының себебі, ежелгі қарсыластары Фландрия мен Брабанттың қайта жаңғыруынан қауіптенгендік еді. Испанияның экономикалық қиындықтарды бастан кешіруі, 1607 жылғы кезекті тоқырау мен Гибралтар маңында испан теңіз әскерінің Нидерланд флотынан тағыда жеңілуі оны Нидерландияның пайдасына шешілетін бейбіт келісімге көнуіне мәжбүр етті. 1609 жылы 1621 жылға дейінгі 12 жылдық бейбіт келісім жасалды. Келісімде Біріккен провинциялар Республикасының шекарасы мен тәуелсіздігі мойындалды.
Революция не пайда берді дегенге келер болсақ. Нидерланд буржуазиялық революциясы жеңіске жетті. Біріккен провинциялар Республикасы құрылып, аймақта жаңа басқару формасы қалыптасты. Бірақ 1579 жылы Утрехт униясымен кепіл берілген жаңа құрылыстағы буржуазиялық-демократиялық мемлекет 1789 жылдан кейінгі Франциядағыда толыққанды республикалық келбетке өте алмады. Жоғарғы билеу құзіреті жаңа салық енгізу, заң шығару, соғыс және бейбітшілік мәселелерін шешу секілді сұрақтарды жөнге салатын билік орны – Генералдық штатқа берілді. Ондағы провинциялардың делегациялары бір дауысқа ие болды. Бірақ олардың шешімі барлығы бірдей дауыс бергенде ғана күшіне енді. Голландияда басшылықпен тек ақсүйектер айналысты. Тек Фрисландияда ғана ақсүйектермен қатар қалалықтарда дауыс беруге қатысып тұрды.
Теңіз жолдары арқылы өзге жерлермен тығыз қарым-қатнастың орнауынан экономикасы мен мәдениетінде қарқынды дамулар болған Біріккен Нидерланд провинциялары Республикасы шамалы уақыттың ішінде сол заманғы Европадағы ықпалды мемлекеттердің қатарына кірді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет