Дәрістердің қысқаша мазмұны 1-дәріс. Матрицалар және оларға қолданылатын амалдар



бет2/71
Дата11.01.2022
өлшемі1,83 Mb.
#111281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
D 601 ris Matem

Анықтауыштар, олардың қасиеттері

Екінші және үшінші ретті анықтауыштар.

Айталық төрт саннан тұрытын квадратты кесте берілсін. Ондай кесте матрица деп аталып, былайша белгіленеді немесе , a1,b1,a2,b2 – сандары матрица элементтері.

Анықтама 1.Матрицаға сәйкес екінші ретті анықтауыш деп, a1 b2 - a2 b1 санын айтады.

Анықтауыш D әріпімен немесе ∆ - дельта әріпімен белгіленеді. Сонымен

.

- анықтауыштың бірінші жолының элементтері, - анықтауыштың екінші жолының элементтері, - анықтауыштың бірінші бағанының элементтері, - анықтауыштың екінші бағанының элементтері, - бас диагональ элементтері, - қосалқы диагональ элементтері.

Айталық тоғыз саннан тұратын квадратты кесте (матрица) берілсін

.

Анықтама 2. Матрицаға сәйкес 3-ші ретті анықтауыш деп, символымен белгіленген және теңдігімен анықталған санды айтады.

Мұндағы - сандары, анықтауыш элементтері; - бас диагональ элементтері, - қосалқы диагональ элементтері.

2. Анықтауыштардың қасиеттері. Бұл қасиеттер, 2-ші реттен бастап, кез келген ретті анықтауыштарға тән. Тек үшінші ретті анықтауыштар үшін қарастырайық.

10. Егер анықтауыштың жолдары мен бағандарын ауыстырсақ, анықтауыштың мәні өзгермейді, яғни



20. Анықтауыштың екі қатарының орындарын ауыстыру анықтауышты (-1)-ге көбейткенге тең, яғни:



30. Егер анқтауыштың екі қатары бірдей болса, онда анықтауыштың мәні нольге тең, яғни:



40. Анықтауыштың қандай да бір қатарының барлық элементтерін кез келген k санына көбейту, анықтауышты осы k санына көбейткенге тең, яғни:



50. Егер анықтауыштың бір қатарының барлық элементтері нольге тең болса, онда ол анықтауыш та нольге тең. (алдыңғы қасиеттегі k=0 болғанда ).

60. Егер анықтауыштың параллель екі қатарының элементтері пропорционал болса, онда ол анықтауыштың мәні нольге тең, яғни .

70. Анықтауыштың қандай да бір қатарының әрбір элементі екі қосындыдан тұрса, онда анықтауышты екі анықтауыштың қосындысы түрінде көрсетуге болады. Олардың бірінің сәйкес қатарының элементтері бірінші қосылғыштар, ал басқасыныкі – екінші қосылғыштар.

80. Егер анықтауыштың қандай да бір қатарының элементтеріне оған сәйкес параллель қатар элементтерін кез келген ортақ k көбейткішке көбейтіп қоссақ, онда анықтауыштың шамасы өзгермейді, яғни:



(70 және 60 қасиеттер негізінде).

Анықтама 3.3-ші ретті анықтауыштың қандай да бір элементінің миноры деп, осы элемент орналасқан жол және баған элементтерін сызып тастағанда шыққан екінші ретті анықтауышты айтады.

Мысалы, ∆ үшінші ретті анықтауыштың а1 элементінің миноры - екінші ретті анықтауыш болады, b1 элементінің миноры - және т.с.с.

Анықтама 4.Анықтауыштың қандай да бір элементінің алгебралық толықтауышы деп, і –ші жол мен j –ші баған қиылысында орналасқан осы элементтің таңбасымен алынған минорын айтады.

Алгебралық толықтауыш арқылы белгіленеді.

90. Анықтауыштың мәні қандай да бір қатар элементтері мен олардың алгебралық толықтауыштарының көбейтінділерінің қосындысына тең, яғни келесі теңдік дұрыс:



Анықтауышты осы формулалардың бірімен жазу, оны қандай да бір жол немесе баған элементтері бойынша жіктеу деп аталады.

100. Анықтауыштың қандай да бір қатарының элементтері мен оған параллель қатардың сәйкес элементтерінің алгебралық толықтауыштарының көбейтіндісінің қосындысы нольге тең, яғни:

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет