Дерматовенерология



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата15.06.2022
өлшемі1,32 Mb.
#146656
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Өскен Әділет 001-02
биоэтика 19, 5 love languages , 13 сабак посттест, анатомия сро-6 (копия), гистология сро-3, Презентация на тему "Мастер-класс. Торт "Конфетное лакомство".
Ерітінділер
- қатты жəне жұмсақ дəрілік заттарды 
ерітінділерде еріту арқылы алынатын сұйық дəрілік 
зат. Ерітінділерді дайындауда еріткіш ретінде (сулы 
ерітінділер үшін) дистильденген суды жəне (спиртті 
ерітінділер үшін)этил спиртін қолданады. Сулы 
ерітінді жағу, сүрту, сулап таңу, ылғалды кебетін 
таңғыш, қыздырғыш компресс формасында 
қолданылады. Ал спиртті ерітінділер дезинфекциялық 
жəне қышуға қарсы сүрту жəне жағу арқылы 
қолданылады.
—
Сулап таңу, ылғалды кебетін таңғыштар анық 
гиперемиямен жəне ісінумен көрінетін терінің жедел 
қабынулық күйінде қолданылады. Жылу беру мен 
жылу өткізу жəне булану арқылы теріні салқындату 
əсерінен қабынулық процестерді тежейді. Ерітіндінің 
температурасы неғұрлым төмен болса, қабынулық 
əсер сол ғұрлым жоғары болады. 


Сулап-таңу үшін 4-5 қабат дəкені салқындатылған ерітіндіге
сулап алып, терінің зақымданған жеріне басады. Əр 3-5-10 
минут сайын қайтадан сулап отырады. Осылай 1-1,5 сағат 
жасап, 1-2 сағат үзіліс береді. Судың булануы нəтижесінде 
сулап-таңу теріні салқындатып, қан тамырларын тарылтады. 
Бұл əдісті терінің жедел ағымды қабыну процесстерінде - тері
қызарып, ісініп, ылғалданып кеткенде қолданылады.
Ылғалды-кебетін таңғышты таңу əдісі: 4-5 қабат дəкені 
ерітіндіге батырып, зақымданған жерге жапыстырып, мақтамен 
жауып, бинтпен таңады. 3-4 сағат сайын жаңартып тұру керек.
Қыздырғыш компресс созылмалы қабынуда дымқыл 
жылуымен əсер етеді. Олар қанды кернетіп, зақымданған жерде
зат алмасуын жақсартады жəне қабынулық сіңбенің ыдырауына
септігін тигізеді Көбінесе дезинфекциялық (анилин бояуы) 
жəне қышуға қарсы əсер ететін дəрілердің спирттегі ерітіндісі
жағу немесе сүрту ретінде қолданылады.


.
Опалар
Опа ретінде химиялық қасиеті жағынан бейтарап, минерал 
немесе өсімдіктерден жасалған ұнтақтарды пайдаланады. 
Минералдардан опаның құрамында тальк - магнидің кремний 
қышқылды тұзы (Talcum), мырыш тотығы (Zinci oxydi), ақ 
топырақ (Bolus alba), ал өсімдіктерден - крахмал, көбінесе 
бидай крахмалы (Amylum triticum) болады. 
Опалар теріні құрғатады, майсыздандырады, жылу беруді
күшейтеді, теріні суытады, қан тамырларын тарылтады. 
Сондықтан оны терінің жедел ағымды қабынуында, ісінгенде, 
қызарғанда, қышығанда қолданады. 


—
Жедел ағымды суланған қабынуда қолдануға 
болмайды, өйткені опалар жалқықпен қосылып, 
қабық қатып қалады, ол қабық теріні тітіркендіріп, 
қабыну процесін одан бетер асқындырады.
Терлегенде тері қатпарларына крахмал қосылған опа
жағуға болмайды, өйткені ол ашып-ірігенде одан
жабысқақ зат пайда болып, терінің зақымдануын одан
əрі күшейтеді. Кейбір дəрілерді индиференттік
опалар негізінде пайдаланады, мысалы
дезинфекциялық (бор қышқылы, сульфаниламидтер, 
т.б.), қышымаға қарсы (салицил қышқылы, ментол, 
т.б.) дəрілер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет