Дәстүрлі үйлену тойының алғы шарттары. Қыз таңдау



бет10/15
Дата07.09.2020
өлшемі0,99 Mb.
#77592
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
кыз узату

 


Қызға берілетін жасау

Жасау — ұзатылатын қызға берілетін дүние-мүлік. Жасауды ұзатылатын қыздың ата-анасы дайындайды. Бұған жақын туыс, ағайын адамдар да өз үлесін қосуына болады. Жасау беру дәстүрі үйленген жастар, әсіресе, тұрмыс құрған қыз барған жерінде қиналмасын, ешкімге кіріптар болмай, өздерімен өздері күн көріп кетсін деген мақсаттан туған. Сондықтан жасау мүлкіне үй болу үшін ең қажет заттар кірген. Қазақ халқы қыздың жасауына ерекше көңіл бөліп, “жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді” деген. Бұрын жасауға сәукеле, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әшекейлі бұйымдар, сауын мал, салт ат, т.б. берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. 19 ғасырдыңдың 1-жартысына дейін ірі байлар кейде жасауға күтуші қызды да қосқан. Ал 19 ғасырдың соңынан бастап жасауға пәуеске, самаурын, тігін машиналары қосылған. жасауға берілетін мүлік түрлері әр заманның, аймақтың салтына қарай өзгеріп отырған. Мысалы, Абай ауылының ұзатылған қыздарының жасауна ұлы ақынның өлеңдер жинағын қосу салты болған. Қызды жасаумен ұзату дәстүрі қазір де бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет