Дәутенова Гүлсая Дәрежеқызы 109 а сыбайлас Жемқорлыққа қарсы күрес шаралары



Дата07.02.2022
өлшемі14,37 Kb.
#96959
Байланысты:
Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы күрес шаралары
ктп 1,2, ктп 1,2

Дәутенова Гүлсая Дәрежеқызы 109 А
Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы күрес шаралары
Қазіргі қоғамның үдеп тұрған негізгі дерті бұл сыбайлас жемқорлық. Мемлекетіміз түрлі қатал шаралар қолданса да оң нәтижеге жете алар емеспіз.Көзімізді қайда тастасақ та,не газет оқысақта естіп көретініміз сыбайлас жемқорлық туралы.Бұл қалай болды? Біреудің ала жібін аттамаған қазақ халқының басына нендей бәле душар болды? Тарихқа көз жүгіртсек сонау орыс отарларына айнала бастаған шағымызда алғашқы жемқорлық саясаты бой көрсете бастағанды-мыс . Бірақ неге әлі күнге дейін өз жалғасын тауып келе жатыр. Кім кінәлі? қоғам ба, әлде заманына сәйкес болған адам ба? Үнсіздік... Менің ойымша екі тараптардан да қателік бар. Халқының жағдайын көтере алмай келе жатқан қоғам мен мемлекет және қоғамды мойындағысы келмейтін адамдар! Бауыржан атамыз «тәртіпке бас иген құл болмайды»- демеп пе еді? Мемлекеттің қабылдаған заң жүйесін дұрыс ұстана білсек,мүмкін жемқорлықтың тамыры тереңге жайылмас па еді . Қош, жемқорлық қарапайым адамдар арасы тұрмақ түгілі үлкен лауазымды адамдар арасында да қалыптасқан қалыпты жағдай секілді. Кімнің не істеп не алғандығын бүге шүгесіне шейін айтып не істеймін .Бұл бір шексіз лабиринт сияқты .Ал бұл лабиринттен қалай шығамыз?
Менің ойым Тәртіп,тәртіп және тәртіп.Менің айтып отырған тәртібім аты бар, заты жоқ нәрсе емес . Кәдімгі қараға да,қызылға бірдей бекітілген заң жүйесі.
Халық әлеуметін көтеру, жұмыссыздық деңгейін түсіру .Қазіргі қоғамда жұмыс табам деп- ақ жемқорлықтың тамыры жойылмай тұр. Жұмыс көзі табылды делік, бірақ дұрыс маман жоқ. Ал маман қайда? Маманды жоғарғы білім беру мекемесі дайындайды емес пе ? Міне сол үшінде ЖОО мен білім саласында басты назарға ұстау қажет. Бұл мектеп бағдарламасына да қатысты Мектеп демекші есіме түсіп кетті ғой.Түлектердің экзамені ҰБТ бұл да бір үлкен шеңбер дейсің? Жарайды жазатын мәселе көп бірақ ойды да жүйеге салу керек Абай атам айтпақшы «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын»
Тәртіп қойылды, Халық әлеуметі көтерілді. Жұмыс көзі табылды. Жақсы мамандар дайын тұр, білім саласы басты назарда . Міне дәл осындай жағдай мемкетте қалыптасса әлгінің сөзімен құда да тыныш құдағайда тыныш! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет