2.2Диагностикалық алгоритм: 1 Қосымшаны қараңыз.
2.3Дифференциалды диагноз және қосымша зерттеулер негіздемесі: ҚЖТ негізіндегі темір алмасуының зерттеудің нәтижелерін алғанға дейін Темір тапшылықты
анемиясы гемоглобин синтезінің бұзылушылығы әсерінен пайда болған өзге гипохромды
анемиялармен дифференциалды диагностиканы жүргізуді талап етеді. Оларға порфин синтезінің
бұзылушығымен байланысты анемиялар (қорғасынмен улану, порфирин синтезінің тума
бұзылушылықтары кезіндегі анемия), сондай-ақ талассемия жатады.
Гипохромды анемиялар темір тапшылықты анемиялармен салыстырғанда гем түзілуі кезінде
(сидероахрезия) пайдаланылмайтын қан мен депо құрамындағы жоғарғы дәрежелі темір түрінде
жүреді, осы сырқаттар кезінде темірдің тіндік темір тапшылығының белгілері болмайды.
Порфорин синтезінің бұзылушылығымен негізделетін анемияның дифференциалды белгісі
ретінде эритроциттерді, ретикулоциттердің базофильді пунктуациясымен гипохромды анемия
болып табылады, сидеробласттардың аздаған мөлшерімен сүйек кемігіндегі эритропоэздік
күшеюі. Талассемия үшін эритроциттер мен ретикулоциттердің нысана тәрізді және базофильді
пунктуациялық формалары сипатты болып табылады және гемолиздің жоғарылаған белгілі
болады.
Темір тапшылығы мен ТТА-ны анықтау тек қана зертханалық деректер негізінде жүргізіледі –
гемоглобин, ферритин, сарысу темірінің, TSat және тағы басұаларының деңгейінің төмендеуі.,
осыған орай, темір тапшылығы тән емес нозологиялармен дифференциалды диагностика
қиындықтар тудырмайды (миелодиспластикалық синдром, апластикалық анемия, витамин В12
тапшылықты анемия, фолий тапшылықты анемия, гемолитикалық анемия).
Анемиясы бар және темір тапшылығы зертханалық деңгейде расталған пациентте қан жүйесі
тарапынан ТТА үшін сипатты емес зертханалық өзгерістер немесе симптомдар пайда болса,
гематологта толық қаралу талап етіледі.
Зертханалық анықталған ТТА-мен дифференциалды диагностика сидеропения дамуы мүмкін
болатын өзге сырқаттар және жай-күйлермен жүргізіледі [1].